Бес сиыр «іскер» жігіттердің 8 мартқа дайындығының құрбандығы боп кеткен секілді

0

Бес сиыр «іскер» жігіттердің 8 мартқа дайындығының құрбандығы боп кеткен секілді

Ауылдағы інімнің бес сиырын кеше ұрылар үптеп кетіпті. Туғалы тұрған екі сиырды қан жоса қып қан жолдың шетіне сойып, бұзауын лақтырып кетіпті. Обал енді(( Видеосы да бар, мереке де қан жоса қып салмай-ақ қояйын мұнда.

Ауылдағы учаскелік полицияның сиқы белгілі, таныстарға звондап жүріп ауданды қозғадық (Алматы обл. Жансүгіров ауданы). Олар жедел іздестіру тобын құрып, бірдеңесін істеп жатыр әйтеуір.

Былтыр да інімнің төрт сиырын ұрлап кетіп еді. Жалпы Талдықорғанда мал ұрлығы деген сұмдық енді. Туыстарымыздың да үйірімен жылқылары жоғалып жатады.

Бес сиыр «іскер» жігіттердің 8 мартқа дайындығының құрбандығы боп кеткен секілді. Бүгін немесе өткен түні біреудің ақ адал малының ақшасына біреулер бөсіп тұрып мереке тойлайтын немесе тойлатқан шығар.(

Ырысбек Дәбей

Фейсбуктегі парақшасынан 

Көрілген: 7    Пікірлер: 0