Кредиттің шын мәніндегі ақшаларды айналымның кредиттік құралдарымен ауыстыру қызметі — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Қазіргі кездегі нарық шаруашылығында шын мәніндегі ақшалар (алтын) ел ішінде айналысқа түспейді, олардың кредит негізінде шығарылған ақша белгілері айналымда болады. Нақты ақшалардың шығарылуы, немесе қолма-қол есептегі ақша қорларын ұлғайту сол мезетте экономиканы кредит ресурсы болып табылады.

Кредиттің мұндай қызметінің дамуы банк жүйесінің пайда болуымен байланысты екендігін ескерген жон. Ақшаларды банкінің есеп шотында сақтау ақшалай міндеттемелер бойынша тауарлар мен қызмет үшін қолма-қол ақшасыз есептерді жүзеге асыруға, өзара қарыздарды есепке жатқызып жойып отыруға мүмкіндік береді. Мұның өзі ақшаны қолмен санап алыс-беріс жасау айналымын және айналым шығындары мен өнімсіз шығындарды едәуір азайтты. Шаруашылық жүргізу субъектілерінің және халықтың есепшоттардағы қаржылары банктердің кредиттік ресурсы болып саналып, есепшоттардағы көрсетілген ақша айналымы банкінің ақша қаржыларының иелерімен кредиттік байланыстарын туғызады.

Кредиттеу процесі кезінде ақша массасының құрылымына,  төлем айналысына және ақша айналымының жылдамдығына әсер ететін, сол ақша айналымы (қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп) үшін түрліше төлем қаржылары құрылады. Яғни нағыз ақшаларды кредиттік ақшалармен және кредиттік операциялар ауыстыру жүзеге асырылады. Айналымда ең қарапайым қарыздық міндеттемелер — вексельдерден бастап қазіргі электрондық ақшаларға дейінгі кредит ақшаларының түрліше формалары пайда болады.

Скачать реферат/Рефератты тарту