Кредиттің мәні – Ақша, кредит және банктер – Рефераты на казахском языке – Библиотека

0

 

Кредиттің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, кредиттердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:

  • кредит келісімі тұтасымен алғанда кредиттің мәнін ашуы керек. Егер бір келісімде кредит қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатынын білдіреді;
  • кредиттің мәнін талдауда кредиттің құрылымын, қозғалыс сатыларын, кредиттің негізін қарастырған жөн.

Кредитте өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт – құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты кредит де бір-бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен кредиттік қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге кредит беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана кредиттің мәнін анықтауға болады.

Кредит беруші – кредиттік келісімнің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.

Скачать реферат/Рефератты тарту

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз