Кредиттің мәні — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека
Кредиттің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, кредиттердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:
- кредит келісімі тұтасымен алғанда кредиттің мәнін ашуы керек. Егер бір келісімде кредит қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатынын білдіреді;
- кредиттің мәнін талдауда кредиттің құрылымын, қозғалыс сатыларын, кредиттің негізін қарастырған жөн.
Кредитте өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт — құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты кредит де бір-бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен кредиттік қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге кредит беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана кредиттің мәнін анықтауға болады.
Кредит беруші — кредиттік келісімнің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.