Кредиттің экономикадағы рөлі және оны қолданудың шектері — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Кредиттің ролін кредиттік қатынастардың жұмыс істеуіне әкеліп соқтыратын нәтижесімен анықтауға болады. Кредит өзінің қызметі арқылы ұдайы өндіріс процесіне әсер етеді. Жоғарыда аталып өткендей, кредиттің өз қызмет саласы бар, ол қозғалыстың барлық Құндылықтарымен емес, шаруашылық айналымда пайдаланылмай тұрған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезінде қайта бөлінуі мүмкін бөлігімен ғана байланысты. Кредиттің көмегімен шешілетін міндеттер қоғамдық дамудың әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыруы мүмкін.

Экономика дамуының сатысына қарамастан, кредиттің арқасында қарыз беру капиталы құрылып, оның өнім ендіруге пайдалануы қамтамасыз етіледі. Кредит ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуіне қызмет етеді. Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік негізде қайта бөлуді қамтамасыз етуші кредит кез келген экономикалық субъект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында, өндірістің маусымдық сипаты мен экономика салаларында тауарларды сатып реттеудің арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда бар жиынтықтардың арасында болатын қарама-қайшылықтарды шешіп отырады. Ұдайы өндіріс процесін кредит арқылы түзету ең алдымен қоғамдық өндірістің үздіксіздігін қуаттап отырудың арқасында қамтамасыз етіледі. Жоғарыда көрсеткеніміздей, қорлар айналасының біркелкілік жүрмеуіне байланысты бір полюсте бос тұрған қаржылар пайда болады, екіншісінде оларға деген тапшылық орын алады. Уақытша қаржылық қиыншылықтарға ұшыраған кәсіпорындарға берілетін кредит оларға ұдайы өндіріс процесін жалғастыруға ТМҚ үшін ақы төлеуді қамтамасыз етуге, еңбекақы төлеуге және т.б. мүмкіндіктер тудырады.

Жаңа өндіріс ашу мен оларды кенейту ісінде де кредиттің атқаратын ролі зор. Кредиттің көмегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндірістердің ірі жобаларын іске асыруға, жаңа техниканы ендіруге, жоғары қосымша құны бар өнімдерді өндіруді қайта жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Скачать реферат/Рефератты тарту