Кредит капиталы және кредит капиталының нарығы — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Дәстүрлі түрде кредит капиталы экономикалық теорияда қайтару талабымен пайыз түрінде белгіленген төлем мөлшерінде кредитке берілетін ақша капиталының жиынтығы ретінде қарастырылады, яғни нарық шаруашылығында туындаған және нарықтық қатынастарды көрсететін капиталдың айрықша формасы.

Кредит капиталының нарығы қызмет көрсетудің көзқарасы тұрғысынан бұл қайта өндірудің қажеттілігін кредитпен қамтамасыз ету мақсатымен ақша капиталын жинақтауға және қайта бөлуге мүмкіндік беретін экономикалық қатынастар жүйесі.

Институционалды көзқарас тұрғысынан — бұл кредит капиталының қозғалысы олар арқылы жүзеге асатын кредит — қаржы мекемелерінің және қор биржаларының жиынтығы.

Кредит капиталының экономикалық рөлі экономиканы дамыту мүддесімен ұсақ, шашыраңқы, ақшалай қаражаттарды біріктіру қабілетімен анықталады. Кредит капиталының мәнін анықтау үшін ең алдымен оның өнеркәсіп және тауар капиталынан ерекшеленетін айрықша сипаттарын анықтап алу керек.

Скачать реферат/Рефератты жүктеу