Конфуций ізгіліктің жолдары | Скачать Реферат
Жоспар
1. Ежелгі Қытай мәдениеті.
2. Конфуций ілімі.
3. Конфуций ізгіліктің жолдары.
4. ХХ ғ. Еуропа ойшылдары.
Ежелгі Қытай мәдениеті.
Біздің жыл санауымызға дейінгі VI ғасырда Қытайда жаңа философиялық —
дүниетанымдық ілім пайда болды. Ол бертін келе дін дәрежесіне көтерілді.
Бұл ілімнің негізін салушы Кун-Цзы (Европалық транскрипцияда — Конфуций)
болды. Конфуций б.э.д 551 жылы туылып, 407 жылы қайтыс болған. Конфуцидің
тоғыз кітап аталатын жинағының барлығы бірдей оның туындылары емес. Оның
ішінде ғұламалардың шәкірттерінің де қосқан үлестері бар. Бұл аса көлемді
еңбектердің бірінші сериясы бес кітаптан турады:
Өзгерістер кітабы. Бұл кітапқа құлшылық және тылсым дұғалары, өсиет
сөздері топтастырылған. Ол алғашқы қауымдық құрылыстан бергіні сөз етеді,
барлық кітаптардың ішіндегі көнесі болып табылады. Осыған қарағанда ол бір
адамның қаламынан шыққан дүние емес, құрастырылған еңбек болуы ықтимал.
Көне тарих кітабы. Ол көне уақыттарда жасаған императордың аңызбен
астасқан тарихынан мәлімет береді; Діни өлеңдер кітабы. Жинаққа әлемнің
жаратылуы мен құрылуы туралы мифтер, діни мадақ өлеңдері енгізілген;
Салтанатты рәсімдер кітабы. Күн — Цзының төл туындысы деп танылатын бұл
кітапта Лу княздығының тарихы баяндалады.
Дао — Сюэ (Ұлы ілім), Чжун — юн (тепе — теңдік туралы), Лун — юй
(әңгімелер мен толғаулар) және Күн — Цзының шәкірті және оның ісін алға
апарушы Мэн — Цзының атымен аталған еңбек — екінші серияны құрайтын төрт
кітап, зерттеуші ғалымдардың пікірінше, Кун Цзының шәкірттерінің
қаламдарынан туған дүниелер.
Конфуций ілімі — тұтасымен дерлік адамшылдық, адамгершілік туралы ілім.
Мұнда Кұдай турасында бір ауыз сөз жоқ. Құдайды танып білуге адамның ақылы
жетпейді. Барлық өзге діндер үшін аса маңызды мәселе — әлемнің, адамзаттың
жаратылуы, адам мен құдайға қатысты мәселелер Конфуций ілімінде мүлдем
қарастырылмаған.
Дін деуден гөрі әлеуметтік — этикалық жүйеге жуық тұрған бұл ілім
бойынша ең маңызды нәрсе — рәсімділік. Яғни, конфуцидегі құлшылық объектісі
— көне замандарда жасалып, біржола орныққан, өмірдің барлық жақтарын
қамтитын Ұлы Рәсімдер. Оның өмірі — осы Рәсімдерді сақтаудың үлгісі. Ол,
өзінің айтуынша үш мың ереже мен жүз ғұрыпты орындаған. Храмдарға баруды
үнаткан. Кун — Цзы тұрмыста мейлінше талғампаз, кінэмшіл болған. Ол,
мэселен уақыты келмей ешқашан асқа отырмаған, дұрыс дайындалмаған, тіптен
дұрыс і туралмаған тамақты ешқашан татпаған.
Конфуцилік Қытайда тәлім көрген адам атанудың толып жатқан ережелері
болды. Үлкендермен, өзінен жасы кішімен амандасу, дұрыс отырып — тұру,
төсекке дұрыс жату, үйге табалдырықтан дұрыс ену, дұрыс киініп, тарану,
дастархан басында өзін — өзі ұстай білу сияқты бәрі айрықша … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz