Компьютердің бағдарламалық жабдықтамалары слайд,презентация
Компьютердің бағдарламалық жабдықтамалары слайд,презентация
Бағдарламалық жабдықтама — ЭЕМ-нің автоматты түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бағдарламалар мен нұсқаулар жиынтығы. Компьютерге арналған программалардың жиынтығы программалық жабдықтаманы құрады.программалық жабдықтамалардың мақсаттары
— Есептеу техникасы және программалық жабдықтамалар саласында кешенді іргелі және қолданбалы білімдері бар: — түрлі программалық және аппараттық компоненттерді жоболау және құрастыру; — басқару жүйелерін, мәліметтер базасын, біріктірілетін программалық жүйелерді, микроэлектроника және сандық техника құралдарын, программалық жобаларды басқару, жобалауды автоматтандыру жүйелерін құрастыруға және жобалауға білікті маман даярлау. — Компьютерлік және программалық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, инсталляциялауды, конфигурациясын түрлендіруді, басқаруды, сонымен бірге телекоммуникациялық жүйелер мен технологиялық желілерді кәсіби деңгейде құрастыра білетін мамандар даярлау. — Өз білімдерін инженерлік, ғылыми, экономикалық бағыттарда магистратура және доктарантураның академиялық бағдарламалары бойынша жетілдіруге қабілетті түлектер даярлау.
программалық жабдықтамалар міндеттері
1. Түсіну – есептеу техникасы және программалық жабдықтамалардың математикалық және физикалық негіздерін және олардың компьютер жүйелерін программалағанда пайдалану жолдарын түсіну. Есептеу техникасы және программалау жабдықтамалары саласындағы білімді, барлық этикалық нормаларды сақтай отырып, қоғам мүддесі үшін қолдану керек екендігін түсіну; 2. Күмән келтіру – программалық инженерия мәселелерге қатысты альтернативті болжауларға, ұсыныстарға, процедураларға, компромисстерге және нәтижелерге сын көзбен қарау. 3. Құрастыру – құрамында басқару, мәліметтер базасын жобалау, біріктірілген программалау, программалық проектілерді басқару және автоматтандыру жүйелері, микроэлектроника және сандық техника құралдары бар қосымшалар үшін әртүрлі компьютерлік компоненттер мен жүйелерді құрастыру. 4. Жетекші болу – жобалаушы және құрастырушылар командасынаң жетекшісі болу, сол командада әртүрлі рөлдер атқару және команданың алға қойған мақсатқа жету үшін үлес қосып жатқандығын түсіну. 5. Өзара әрекет – алынған нәтижелерді көпшілікке көрсету, жұмыс құжаттарын рәсімдеу үшін жазбаша және ауызша тілдесуді пайдалану.