Коммерциялық кредит — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека
Кредиттің басқа формаларына қарағанда коммерциялық кредит олардан бұрын пайда болды. Оны бір шаруашылық жүргізуші субъекті екіншісіне сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем мерзімін ұзартумен береді. Осы кредит формасының объектісіне өнеркәсіп және сауда капиталының бірігу нәтижесін білдіретін тауар капиталы жатады. Коммерциялық кредит тауарларды өндіру мен өткізу процесінен тікелей пайда болады. Ол тауарлық формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. Ең алдымен оның мөлшері шектеулі болады, өйткені әрбір кәсіпкер, әрбір өзге субъекті коммерциялық кредитті өзінің ақшалай капиталының шегінде ғана бере алады. Коммерциялық кредитті тиісті тауарларды сатып алған кәсіпорындар ғана пайдалана алады.
Осы кредит формасының құралына вексель жатады. Вексель қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың көлемін арттыруға және айналыс шығынан кемітуге жағдай тудырады.
Вексель — бұл сатып алушы — қарызгердің жабдықтаушы (поставщик) алдындағы заңмен қатаң белгіленген борыштық міндеттемесі. Онда борыш сомасы, кредит үшін алынатын пайыз, өтеудің мерзімі мен шарты көрсетіледі. Вексель кредиттерге тиесілі қаражатты алу үшін ғана емес, сонымен бірге төлем құралы ретінде пайдаланылады.