Кредит жүйесін құрудың принциптері – Ақша, кредит және банктер – Рефераты на казахском языке – Библиотека

0
27

Кредит жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі негізінде белгіленген принциптер жатыр. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, банктік емес институттармен үйлестіре отырып, банк жүйесінің екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша-кредит саясатының біртұтастығы, кредиттік мекемелер желісін барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия, Орталық банктің автономиясы.

Банк ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемлекеттің банктердің құрылуы» мен жойылуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу ретін және ережелерін заңды бекітуінің айрықша құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық банк Қазақстан Республикасы аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктер мен олардың филиалдарын тіркеу кітабын жүргізеді. Ұлттық банк рұқсатты беру кезінде орындалатын банктік операциялардың шеңберін анықтайды.

Нарықтық экономиканың ерекшеліктері банктік емес мекемелермен олардың компаниялары, кредиттік одақтары, зейнетақы қорлары, ақша нарығының өзара қорларымен үйлескен әр түрлі деңгейдегі банктік жүйенің қажеттілігін талап етеді. Бұл институттардың барлығы негізінен халықтың жинақтарын жұмылдыруға және оларды ипотекалық тұтыну кредитіне қолдануға маманданады.

Скачать реферат/Рефератты жүктеу