Көмектес септігі, қазақ тілінен ашық сабақ жоспары

0
Сабақ тақырыбы: Көмектес септік
Сабақ мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға қазақ тіліндегі септіктерді меңгерту, сұрақтары мен жалғауларын жаттату. Көмектес септігінің тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатын білдіру. Көмектес септігінің басқа септіктерден ерекшелігіне тақталау.
Дамытушылығы: Өткен сабақтармен байланыстыра білу, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей білуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, Музыка, суреттер, «Жетіген» музыкалық аспабы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте. Септіктер кестесі.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
А) Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарларын аудару.
Ә) Оқушыларды 3 орталыққа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасы:
85 — жаттығу
Берілген сөздерді көмектес септігіне қойып, олармен сөйлем құра.
Еңбек — Еңбекпен
Су — Сумен
Ораз — Оразбен
Кітап — Кітаппен

ІІІ. Жаңа сабақ
86 — жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық.(Ы. А.). 2. Хат Астанадан келіпті. 3. Асыл Жанармен сөйлесті. 4. Қойдың жүні пайдалы. Жүннен фабрикада түрлі маталар тоқылады.
87 — жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа айт, шешуін тап.
Ж. с
Екі ішек бар далада,
Т. с б. с
Ауылды жалғар қалаға,
Т. с б. с
Қаланы жалғар ауылға.
К. с
Екі ішекпен зулайды ел
Ж. с ж. с
Жауында да, дауылда. (Пойыз жолы, рельс)

88 — жаттығу. Тапсырма: Ребустың шешуіне сөйлем құра

ІV. Сергіту сәті
Зат есім септеледі жеті түрде,
Бір — бірімен шатыстырып алып жүрме.
Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой,
Жатта соны ойнап — күлме, босқа жүрме.
Атау, Ілік, Барыс, Табыс, Жатыс, Шығыс, Көмектес,
Жаттап алсаң балақай, зат есімді септе тез.

90 — жаттығу
Берілген зат есімдерді екі түрлі септікке қойып, жақшадағы сөзбен тіркестіріп жаз.

Гүлнұр (бару), жіп (байлау), қол (жуу), ән (айту).
Үлгі:
жіпті байлау, жіппен байлау
Гүлнұрға бару, Гүлнұрмен бару, қолды жуу, қолмен жуу, әнді айту, әнмен айту
Көмектес септік жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/