Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту»Өтілетін сынып: 6 «В»Өтілетін орны: Спорт залКүні: 17.01.2019Пән мұғалімі: Сартай Ерсайын Бақтыбайұлы
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезендері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер Ресурстар: Сабақтың басы10 мин. Тақырыпты, сабақ барысын, бағалау критерийлерін, сабақ мақсаттарын жария ету және түсіндіру, сабақ соңындағы рефлексия туралы ескерту.Жүгіру жаттығулары.Бір орындағы жалпы дамыту жаттығулары. Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы.Сабақтың ортасы 25 мин.
Көшбасшылық қасиеттің не екенін түсіндіру. Ойын туралы презентация көрсету. Ойын кезіндегі Қ.Е. түсіндіру. (Ф,Тәж,Б) Ойыншылар оң қолымен допты алып жүреді. Жүргізуші де оң қолымен допты алып жүреді, ал екінші қолымен басқа ойыншыға допты тигізуі керек. Доп тиген ойыншы қолын көтеріп «Мен жүргізушімін» деп айтады да ойынды әрі қарай жалғастырады. Бағалау дескрипторлары:Қалыптастырушы бағалау: БағдаршамҚабілетті және белсенді оқушыларға жасыл түстіжұлдызшалар беру.Аз белсенді оқушыларға сары түсті және қолдауға мұқтаж оқушыларға қызыл түсті жұлдызшалар беру. Үлкен бос кеңістік. Баскетбол доптары, фишкалар мен конустар, ысқырық
Сабақтың соңы5 мин.
Сабақты қорытындылау: сабақ соңында нәтижелер қорытындыланып, не білгені, қалай жұмыс жасағандары талқыланады. Сабақ рефлексиясы «тегтер» бұлты түрінде жүргізіледі, оларды толықтыру қажет. Мысалы, келесі сөйлемдердің нұсқалары жазылған қағаз жолақтарын үлестіру.Әр оқушы 1-2 сөйлемнен таңдап, оларды толықтырады. Киім ауыстыру орнына кету. Маркерлер мен фломастерлер Саралау – Көбірек қолдау көрсетуді Сіз қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?Дене шынықтыру сабақтарында саралық тәсілдемеге оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай олардың дене саулығының, дене дайындығының оңтайлы деңгейіне, сондай-ақ тиісті білім, біліктер және дағдылар көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ерекше тәсілдеме жатады.Дене дайындығының деңгейі төмен оқушыларды қолдау үшін: оң қолмен допты алып жүруді қайталауҚабілетті оқушыларға: допты екі қолмен алып жүру Бағалау -Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарладыңыз?Сабақтарда бағалауды мұғалім келесілер арқылы сабақ барысында жүзеге асырады: БағдаршамҚабілетті және белсенді оқушыларға жасыл түстіжұлдызшалар беру.Аз белсенді оқушыларға сары түсті және қолдауға мұқтаж оқушыларға қызыл түсті жұлдызшалар беру. Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті; Жалпы бағалауСабақтың жақсы екі аспектісін көрсетіңіз (оқытуға, үйренуге қатысты)?1:2:Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйренуге қатысты)?1: 2:
Сабақ барысында сыныптың немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері /қиындықтары туралы не анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?