Кіші Жүздің Ресей мемлекетіне қосылуы
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Кіші Жүздің Ресей мемлекетіне қосылуы
Автор: Алагузова Гульмира Утегеновна
Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Мақала Сыныбы: Басқа
Жарияланған уақыты: 2019-01-13
Материал туралы қысқаша түсінік
Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептерінің білу, Әбілқайыр ханға қарсы оппозицияның қалыптасуы, Кіші жүз қазақтарының Ресейдің қол астына өтуінің салдарларын түсіндіру. Студенттерді елін, жерін сүйюге, өз халқының өткен тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың жүру барысы:І. Ұйымдастыру уақыты (5 минут)ІІ. Оқытушының кіріспе сөзі (5 минут)ІІІ. Өткен сабақты қайталау (Студенттердің тақырып бойынша түсініктерін, үй тапсырмасын тексеру) (20 минут)ІҮ. Жаңа сабақты баяндау (40 минут)Ү. Жаңа тақырыпты бекіту (10 минут)ҮІ. Сабақты қорытындылау (5 минут)ҮІІ. Бағалау (3 минут)ҮІІІ. Үй тапсырмасы (2 минут)
І.Үйымдастыру кезеңі — Студенттерді түгендеу, сыртқы формаларын және оқу бөлмесінің оқу құралдарының сабаққа дайындығын тексеруІІ.Оқытушының кіріспе сөзі — Абылай хан – (Әбілмансұр, Сабалақ, Абылай сұлтан, Абылай баһадүр) қазақтың белгілі ұлы хандарының бірі. Ол 1711 жылы, кезінде Орта Азияның бірнеше қаласының билеушісі «қанішер Абылайдың» баласы «Көркем Уәлидің» шаңырағында дүниеге келген. Әбілмансұрдың әкесі Уәли Түркістанды билеген кезінде, шайқастардың бірінде қазаға ұшыраған. Жау қолынан туған-туыс, үй іші бірдей қырылады. Ханның сенімді көмекшілерінің арқасында Әбілмансұр аман қалған екен. Осы қырғыннан жас ханзаданы Ораз аталық дейтін адам алып шығып, көшпелі қазақ ішінде жан сақтайды. Абылай өзінің шыққан тегін, өзінің хан тұқымынан екенін жасырып келген. Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүріп, Сабалақ деген ат алады. ІІІ.Өткен тақырыпты талқылау – студенттердің қызығушылықтарын ояту.Сабағымызды өткен тақырыптар бойынша не білетінімізден бастаймыз. Кәзір мен сіздерге өткен тақырып бойынша сабақ сұраймын және бірнеше сұрақтар қоямын. Сол сұрақтарға нақты жауап бересіздер.Сұрақ-жауап
- Абылай хан қай жылы дүниеге келді? (1711 ж)
- 1756 ж. Абылай сұлтан кімге ант берді? (Қытай)
- 1759 ж. қаңтардың 1-де Абылайдың сауда керуені қай қалады қабылданды? (Үрімшіде)
- 18 ғ. Абылай ханның өмірін жырлаған қазақтың қай жырауы? (Бұхар жырау)
- Абылай ханның ішкі және сырқы саясатына мейлінше әсер еткен дарынды адам: (Бұхар жырау)
- Абылай хан қайда жерленген? (Түркістан)
- Абылайдың мұрагері кім? (Уәли)
- Абылай ханнан кейін Орта жүздің ханы кім болды? (Уәли)
- Қазақстанның шұрайлы, құнарлы жерлерді Абылай ханның атынан бақылап жүретін кімдер еді? (Төлеңгіттер)
- Абылай ханның туған кездегі қойылған есімі? (Әбілмансұр)
ІҮ.Жаңа сабақты баяндау Жоспар1.Әбілқайыр ханның мақсатары 2.Әбілқайыр хан талабы: Ресейдің құрамына кіру3.И.К.Кириллов басқарған экспедиция Кіші жүздің Россия құрамына енуі туралы мәселені шешу кезінде Кіші жүз ханы Әбілқайыр елеулі рөл атқарды. Ол қазақ хандықтары тап болған күрделі ішкі және халықаралық жағдайда қырдағы басқа топтардан гөрі бірінші кезекте Кіші жүзді Россия құрамына қосқан жағдайда Россияның көмегімен ғана Жоңғария, сондай – ақ Цин империясы тарапынан төнген қауіп қатерді жоюға және ішкі алауыздықтарды тоқтатуға болатынын басқалардан бұрынырақ түсіне білді. ХVIII ғасырдың 20 – жылдарына дейін сұлтан болып жүрген кезде Әбілқайыр орыстың дипломатиялық топтарына едәуір белгілі болатын. « Ақылы жеткілікті және қулықтан да ада адам емес» — деп ол жөнінде А. И. Тевкелев осындай пікір айтқан.Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды. Әбілқайыр ханның мақсаттары: 1. Қалмақтар мен Башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату. 2. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу. 3. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау.4. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру. Ең басты мақсаты – жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату.Әбілқайыр хан 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз қалдырған. Кіші жүз ақсүйектерінің талабы: Ресеймен әскери одақ құру. Әбілқайыр хан талабы: Ресейдің құрамына кіру. 1730 жылғы қыркүйек – Петербургке аттанған елшілері Сейітқұл Қойдағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлына Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды. 1731 жылғы 19 ақпан – Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы хан ұсынысын императрица Анна Ионовна қабыылдады. Кіші жүз ақсүйектері мен Әбілқайырдан ант қабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А.И.Тевкелев бастаған елшілі жіберілді. 1731 жылы қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілқайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында алауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тарысқанымен, бұл қарсылық сәтсіз аяқталды. 1731 жылғы 10 қазан – Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кәруге ант берді.Кіші жүздің Хиуа хандығымен, қарақалпақтармен шектесіп жатқан аудандары Ресей империясына қосылмады. Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1714 – 1720 жылдары бікіністер тұрғызған болатын: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, семей, Коряков (Кереку), Өскемен. Патша өкіметінің мақсаты – қазақ – жоңғар соғысын пайдаланып,бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу.Патша үкіметі Жайық бойына бекіністер тұрғызып, егін шаруашылығына қолайлы өңірлерді басып алып, орыс помещиктеріне, казак – орыс қоныстанушыларына таратып беру саясатын ашық жүргізе бастады. Жаңадан қосылған қазақ жерлеріндегі шептерін нағайту мақсатында Ресей үкіметі 1734 жылы мамырда Сенаттың ханшысы И. К. Кириллов басқарған экспедиция жабдықтады: Ор өзені бойында бекініс тұрғызу;Орта Азия хандықтарымен керуен саудасын кеңейту;Қазақ өлкесіндегі табиғат байлықтарын игеру;Сырдария бойында қала тұрғызып, Өзен флотилиясын құру.Саяси жағдайдың шиеленісіп кетуіне байланысты экспедиция мақсаттары түгел іске аспады.1735 жыл – Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды. Орынбор шекаралық комиссиясының келесі төрағасы И.И. Неплюев (1742ж.)Орск қалашығын 1743 жылы жаңа жерге көшірді. 1743 жыл – Орынбор қаласының негізі қаланды. 1735 – 1737 жылдары болған башқұрттардың көтерілістері кезінде Әбілқайырдың башқұрт билеушілерімен бірігіп кетуінен сесккенген патша үкіметі екінші рет ант алуды көздеді. 1738 жылғы тамыз – Орынбор комиссиясының басшысы, тарихшы В. Н. Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының съезін өткізді. Кіші жүз бен Орта жүзден барлығы 60 – қа жуық старшын Ресейге берілгендіктен қуаттап екінші рет ант берді. 1740 жыл – Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның ант беруі саяси жағдайдан туған айла болды. Ресеймен жақындасып, Орта жүзге жасалатын жоңғар шабуылын әдсіретуді көздеді.1734 жылғы 10 маусым – императрица Анна Ионовна Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдауға келісімі жөнінде жарлық шығарды.Ү.Жаңа сабақты бекіту1. Әбілқайырдың Ресей құрамына кіруге алғашқы әрекет қашан болды? (1726 ж.)2. Қазақстанның Ресейге қосыла бастауы қай жылы басталды? ( 1731 ж.)3. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы Әбілқайыр ханға жіберілген грамотаға Анна Иоановна қашан қол қойды? ( 1731 ж.)4. Ресейге қосылуға қарсы болғандар Тевкелевті өлтәруге тырысты, оның өмірін сақтап қалған кім? ( Бөгенбай батыр) 5. Қазақстан Ресей құрамына толығынан қай жылдары қосылып болды? ( 19 ғ. 60ж)6. Абылай хан өз сыртқы саясатында қай мемлекеттің саясатына қарап бағыт ұстады? ( Ресей)7. Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның ант беруі саяси жағдайдан туған айла қай жылы болды? (1740 жыл)8. 1778 ж. Екатерина ІІ Абылайды қай жүздің ханы етіп бекітті? ( Орта жүздің )9. Билер мәжілісі әскери келісім шарт үшін, ал Әбілқайыр Ресейдің құрамына кіруді қуаттайтын, Ресейге елшілік жіберген жылы? ( 1730 ж.)10. Орта Азия хандықтарымен керуен саудасын қай жылдардан бастап кеңейтті? (1734 жыл)ҮІ. Жаңа тақырыпты қорытындылау Тест сұрақтары1.Кіші жүзді Ресейдің құрамына қосу туралы грамотасына Анна Ионовна қай күні қол қойған? А) 19 ақпан 1731 жылыВ) 20 ақпан 1732 жылыС) 19 наурыз 1731 жылыД) 21 ақпан 1731 жылыЕ) 21 наурыз 1732 жылы2. Кіші жүз бен Орта жүзден барлығы 60 – қа жуық старшын Ресейге берілгендіктен қуаттап қанша рет ант берді?А) бесінші ретВ) бірінші ретС) үшінші ретД) төртінші ретЕ) екінші рет3. Қай жылы Орынбор комиссиясының басшысы, тарихшы В. Н. Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының съезін өткізді? А) 1738 жылВ) 1732 жылС) 1735 жылД) 1731 жылЕ) 1737 жыл4. Императрица Анна Ионовна Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдауға келісімі жөнінде қай жылы, қай айда жарлық шығарды? А) 1736 жылғы 15 маусымВ) 1734 жылғы 10 маусымС) 1735 жылғы 10 шілдеД) 1734 жылғы 18 маусымЕ) 1737 жылғы 16 шілде5. ХҮІІІ ғ. Қазақстанды зерттеуші, атақты мәмілегер, Ресей елшілігін басқарушы кім? А) А.И.ТевкелевВ) В.Н.ТатищевС) И.И.НеплюевД) Анна ИоновнаЕ) И.К.Кириллов6.Патша өкіметінің мақсаты:А) Қазақ-жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін жаулап алуВ) Исатай-Махамбет соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін жаулап алуС) Кенесары Қасымұлы бастаған шаруалар көтерілісін жеңуіД) Сырым Датұлы бастаған шаруалар көтерілісін жаулап алуыЕ) Ақ Орда мемлекетін пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін жаулап алу7.1738 жылы тамызда Орынборда қазақ сұлтандарының съезін кім өткізді. А) И.И.НеплюевВ) В.Н.ТатищевС) А.И.ТевкелевД) И.К.КирилловЕ) Анна Ионовна8.Абылай хан қай елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатады?А) АҚШ және ҚытайменВ) Қытай және УкрайнаменС) Ресей және ҚытайменД) Қазақстан және РесейменЕ) Украйна және Қазақстанмен9. Ресей патшалығына бірінші қай жүз қосылды?А) Ұлы жүзВ) Орта жүзС) Бәрі бір уақыттаД) Кіші жүз Е) Кіші және Орта жүз10. Ресейге қосылуды қай хан іске асырды және қай кезде?А) Әбілқайыр хан (18 ғ)В) Жәңгір хан (17 ғ)С) Абылай хан (18 ғ)Д) Сәмеке хан (18ғ)Е) Қасым хан (18 ғ)Дұрыс жауаптары
1-А | 3-А | 5-А | 7-В | 9-Д |
2-Е | 4-В | 6-А | 8-С | 10-А |
Тест жауабын бағалау критериі:«5» — 5% дейін 0 қате«4» — 20% дейін 1-3 қате«3» — 33% дейін 4 қате«2» — 33% дейін 4 қатеден жоғарыҮІІ.Рефлексия
Білемін | Білгім келеді | Біліп шықтым |
ҮІІІ.Үйге тапсырма — Кіші Жүздің Ресей мемлекетіне қосылуын оқып келу, слайд, эссе жазу, сөзжұмбақ, видеоролик дайындау. Пайдаланған әдебиеттер: «Қазақстан тарихы» Мусин Чапай, Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов. 177-184 беттер
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.