Көзімен арбасты: Димаштың модель қыздармен ән салған сәті қызу талқыға түсті (видео)

0

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің One Belt And One Road Fashion Week ашық халықаралық апталығындағы ән орындауы жанкүйерлерін тәнті етті.

Әнші Сианда өнер көрсетті. Бұл сәт желіде қызу талқыға түсті. Димаш модельдер арасында тұрып ән орындады.

Модель қыздар көзқарасымен Димашты баурап, тыңдармандарының қызығушылығын оятты. Димаш пен модель қыздың жақындығы жайлы әңгімелер тарады.

Димаш өнер көрсетер алдында қызыл кілеммен жүріп өтті. Фанаттары әншіге түрлі сыйлықтар беріп, құттықтап жатты.


“Димашты Қытайда қалай қарсы алады? Ол Қытайда өте қадірлі қонақ әрі керемет әнші”, – деп жазылған желіге тараған ролик жазбасында.

Концертте әнші Screaming, The Crown әндерін шырқады.