Кеңейтілген ұдайы өндіріс жүйесіндегі табиғи ресурстар

0

Кеңейтілген ұдайы өндіріс жүйесіндегі табиғи ресурстар және дүниежүзілік шаруашылықтың табиғи-ресурстық әлеуеті. Табиғат ресурстары — бұл материалдық іс-әрекеттерге тікелей қатысу формасында қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және өндіргіш күштерінің дамуы жүйесінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін табиғат күщтері мен нысандары.

Қазіргі қоғам мен табиғаттың өзара байланысуының ауқымы кеңейтілген сайын, адам мен әлемдік дамуға қауіп төндіретін күрделі өзгерістер орын алуда. Қазіргі таңда жоғары динамикалық, күрделі және бір-біріне қайшы келетін қоғамдық үдерістердің басым бөлігі әлемдік экономика саласын қамтиды. Осы үдерістер ресурстық және табиғатты пайдалану жүйесіндегі өзгерістерді анықтайды. Соңғы 30 жыл ішінде еңбекті халықаралық бөлу, өндіріс пен капиталдың интернационалдануы дамудың сапалы жаңа деңгейіне жетті.

Жеке мемлекеттердің бір-бірімен байланысуы және бір-біріне деген тәуелділігі жылдам қарқын алуда. Қазіргі әлемдік экономиканы ұлттық-әлемдік деп атауға болады, өйткені әлем елдерінің экономикасы бір-бірінен оқшауланбаған, ұдайы өндірісі бір-бірімен байланысқан. XX ғасырдың аяғында әлемдік экономика жоғары деңгейге көтерілді. Планетаның жалпы ішкі өнімі 25 трлн долларға жақындады. Әлемдік экономиканың тұрақты дамуы мемлекеттер мен әлемдік шаруашылық жүйелері арасында орналасқан негізгі экономикалық күштердің өзгерісіне ықпал етті.

Сонымен, өндіріс пен капиталдьщ интернационалдануының негізін салган ірі өнеркәсіптердің пайда болуы жеке мемлекеттерде қалыптасқан күрделі жағдайларды бұзып, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру тәуелділігін туындатты.

Экономикалық әдебиегтерде әлем шаруашылығының маңыздылығын анықтау үшін түрлі көзқарастар мен пікірлер қалыптасқан. Көптеген экономистердің көзқарастары бойынша, әлемдік шаруашылық — бұл халықаралық еңбек бөлінісі, экономикалық және саяси қатынастар жүйелері арасында байланысқан ұлттық шаруашылық жиынтығы.

Осы анықтама бойынша, әлемдік шаруашылық үлттық шаруашылықтағы жеке экономикалық кешендер жиынтығын емес, бірыңғай экономикалық-ресурстық кешенді көрсетеді.

Әлемдік шаруашылықтың экономикалық дамуын талдау үшін әлемдік экономиканың жай-күйі мен динамикасын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштер қолданылады. Олардың басым көпшілігінің маңыздылығы жоғары.

Жер шарындағы халық саны жылдан-жылға артуда және шамамен соңғы он жыл ішінде 1 млрд адамға өсті. Мысалы, 1950 жылы планета халқының саны 2,5 млрд адамды құраса, 1990 жылы — 5,3 млрд, 2000 жылы — 6,0 млрд астам, ал 2200 жылы -8 млрд адамға артуы мүмкін деген болжамдар бар. Экономикалық дамудың негізгі көрсеткіші — жалпы ішкі өнім (ЖІӨ). ЖІӨ әлем елдерінде біркелкі бөлінбеген. Батыстың өнеркәсіптік дамыған мемлекетгерінде әлемдік ЖІӨ 54,4%, ал дамушы елдерде бұл үлес -34,4%.

Әлемдік рыноктың маңызды тауары 4 мұнай. Бұл әлемнің негізгі энергоресурсы. «Жалпы әлемдік энергетикалық статистика» жинағының деректеріне сәйкес, әлемде мұнайдың нақтыланған қоры 45 жылға жетеді (9,91 млрд баррель). Әлемде мұнай өндіру 66,7 млн баррельге жетті. Соңғы 2009 жылғы мәліметтер бойынша, әлем елдеріндегі мұнай қоры мен болжамданған қоры келесі кестеден көрініс табады.

Әлемдік рынокта мұнайға деген сұраныс 2010 жылы тәулігіне 78 млн баррельді құрады. Жалпы әлемдік экономикада мұнайға деген сұраныс жыл сайын 2%-ға артуда, Жалпы алғанда, мұнай сұранысы қарқынды өсуде.

80-жылдары әлемдік шаруашылықта ұдайы өндіріс үдерісіне сәйкес көптеген құрылымдық өзгерістер басталды. Әлемдік экономиканың құрылымын құндық және ақшалай-заттық өлшемдегі маңызды халық шаруашылығы пропорциялары құрайды. Энергетикалық және шикізат дағдарысы шикізат пен энергия ресурстарының қымбаттауын ғана емес, сондай-ақ энергия ресурсын сақтау технологияларының өндіріске кеңінен ендірілуін алдын ала анықтады. Әлемдік шаруашылықтың қалыптасуы индустриялық елдердің жаңа технологияларға өтуіне байланысты ішкі ұдайы өндіріс пропорцияларына үлкен өзгерістер енгізді. Шығын құрылымында да үлкен өзгерістер орьш алды; тек қана технологиялар ғана емес, өндірісті ұйымдастыру формасы да өзгерді.

Материалдық өндірісте де өзгерістер байқалды. Өнеркәсіп оның негізі болып табылады, яғни оның үлесіне индустриялық елдердегі ЖІӨ-нің 28%-ы, дамушы елдердегі ЖІӨ-нің 27%-ы келеді. Дегенмен, әлемдік экономиканың дамуына қарай өнеркәсіптің базалық салаларының ғылымды қажетсінетін салаларға ауысуы жүзеге асырьшды. Әлемдік экономикада өндеуші өнеркәсіптердің үлесі қысқартылды. Дамыған елдерде ол 5%-ды құрайды, индустриялық елдерде ауыл шаруашылығындағы ЖІӨ үлесі 2,3%-ға қысқарса, дамушы елдерде бұл көрсеткіш 15,4%-ды құрайды.

Біздің планетаның өнеркәсіптік географиясында күрделі өзгерістер байқалуда. Өнеркәсіптік қуатгылықтың қайта бөлінуі барысында бұрын тек дамыган елдер ғана шыгаратын бәсекеге қабілетті тауарларды дамушы елдер де әлемдік рынокқа шығара бастады (қара металлургия, автокөлік, электронды техника және т.б.).

Дамушы елдердегі өнеркәсіптік өсу бұрын тек бай елдерде ғана кездесетін экологиялық проблемалардың пайда болуына әкеліп соқтырды. Ең маңызды экологиялық проблемалардың бірі — ауа, су, топырақтың ластануы. Қазіргі уақытта, жер шарында ең лаетанган аймақтар қатарына дамушы елдер де кіреді. Алдыңғы жүзжылдықта дамушы елдердегі халық санының артуына сәйкес «урбандалған аймақтар» деп танылып, оның аумағы бұрын-соңды адамзат баласы кездестірмеген проблемаларды бастан кешіруі мүмкін.

Экономикада ең маңызды ұғымдардың бірі — ол ресурспен қамтамасыз ету ұғымы.

Жердің географиялық қабығында түрлі табигат ресурстары орналаеқан, дегенмен олардың орналасуы және қорлары да біркелкі емес. Бұл планетадағы климаттық және тектоникалық үдерістердің өзгешелігімен және бұрынғы геологиялық дәуірде пайдалы қазбалардың түзілу ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Сонымен бірге, ресурстардың кейбір түрлерінің қорлары да бірдей емес, сондықтан бір ел мен екінші ел арасында, сондай-ақ әлемнің ірі аймақтарын табиғат ресурстарымен қамтамасыз ету деңгейінде елеулі ерекшеліктер бар. Әлемде өздерінің жер қойнауында табиғат ресурстарының барлық түрлері бар бірнеше мемлекет бар. Бүл АҚШ, Қытай, Ресей. Үндістан, Бразилия, Аргентина сияқты елдер басқа мемлекеттермен еалыстырғанда жогары деңгейде қамтамасыз етілген. Кейбір елдерде ресурстардың бір түрінің үлкен кен көздері орналасқан. Жапония елінде табиғат ресурстары шамалы, бірақ олар экономикада үлкен жетістіктерге жеткен. Бұл мемлекеттің экономикалық дамуында ресурспен қамтамасыз ету маңызды фактор болып табылмайтынын дәлелдейді.

Планетада табиғат байлықтарын орналастырудың біркелкі еместігі, бір жағынан, халықаралық экономикалық байланыстардың дамуына және еңбектің халықаралық бөлінуіне ықпал етсе, екінші жағынан, табиғат ресурстары кедей елдерде белгілі экономикалық қиындықтар туғызады.

Елдердің ресурспен қамтамасыз етілуі аймақтағы табиғат байлықтарының санына ғана емес, сондай-ақ оның тұтыну көлеміне байланысты, сондықтан да ресурспен қамтамасыз ету бұл табиғи ресурстар шамасы мен оларды тұтыну мөлшері арасындағы қатынасты көрсетеді. Ресурспен қамтамасыз ету ресурстарды тұтыну жылдарымен немесе жан басына шаққандағы қорларымен беріледі.

Экономикалық даму әлемдік шаруашылықтың ресурспен қамтамасыз етілуін ғана емес, планетаның табиғи-ресурстық әлеуетін, жағдайын тереңнен бағалауды қажет етеді.

Қоғамның дамуы барысында кеңінен қолданылатын және омір сүруге жағдай жасайтын табиғат ресурсына жер жатады. Жер, аумақ — адамның тіршілік етуінің негізгі тұғыры, іргетасы, адамзаттың пайда болуы, дамуы және қызметтерін жүзеге асыратын өмірлік кеңістігі. Жерсіз, аумақсыз қоғамды құрайтын адамдардың бір-бірімен байланысуы мүмкін емес және болмайды да. Басқа жерлерді жаулау — соғыс және басқа да күштеу іс-әрекеттерінің басты мақсаты, ал халық қоныстанған жерді тартып алу белгілі бір үлттың немесе халықтың толық жойылуына алып келеді.

Жердің кеңістік ретіндегі мэні қоғамның өмір сүруімен түсіндіріледі, ал ең бастысы жер ауыл шаруашылығы мақсатында, яғни азық-түлік пен шикізатты өндіру ортасы болып табылады. Орман жамылған жер — ағаш пен басқа шикізат көздерін алу ортасы, сонымен қатар орман өндірістік сала болып табылады. Сондықтан жер қоры әр түрлі минералдық шикізаттар орналасқан орта, ал пайдалы қазбалар өндіріс құралдары болып табылды.

Пайдаланылған әдебиеттер: Мұхажанова Н.А., Жаһандық экология: — Алматы: 2011. -172 бет.