Ауыл шаруашылығында жерді пайдаланудың экологиялық проблемалары

0

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы қоршаған ортаға әсер ететін қуатты факторлардың бірі болып саналады. Ауыл шаруашылығының даму негізі жер қоры болып табылады. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығындағы табиғатты пайдалану барысында экологиялық проблемалардың қатары көбеюде. Ауыл шаруашьшығының экологиялық мәселелеріне мыналар жатады:

  • топырақтың химиямен ластануы;
  • топырақ эрозиясы;
  • кіші өзендер проблемалары.

Атмосфераны, суды, топырақты химиялық элементтермен ластаушы нысандарға өндіріс, көлік құралдары, энергетикамен қатар ауыл шаруашылығы да жатқызылады. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын минералдық тыңайтқыштар, пестицидтер қоршаған ортаны ластайтын басты көздер болып табылады.

Минералдық тыңайтқыштар жыл сайын топырақтан шайылып кеткен химиялық элементтердің орнын толтыру үшін егістіктерге себіледі. Тыңайтқыштар өсімдіктердегі зат алмасу үдерістерін реттейді, ақуыз, майлар, көмірсулар, дәрумендердің түзілуіне ықпал етеді. Тыңайтқыштардың аз ғана мөлшері климат жағдайлары мен топырақ ерекшелігі ескеріле отырып қолданылады, олар ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Бірақ тыңайтқыштарды ендіру тәртібі өте жиі бұзылып отырады. Тыңайтқыштарды жоғары мөлшерде жүйелі енгізу, нашар сақтау, тасымалдау кезіндегі кемшіліктер ортаның, әсіресе су қоймаларының ластануына алып келіп, адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Мысалы, тыңайтқыштарды мөлшерден тыс енгізгенде өсімдіктерде нитраттар көп мөлшерде жинақталады, сөйтіп оның біраз мөлшері тағамға түсіп, жеңіл түрде тағамнан улануға алып келуі де мүмкін.

Ең қауіптісі, біздің ағзамыздағы нитраттар нитрозаминдерге айналып, қылтамақтың (рак) дамуына себеп болып табылады. Фосфорлы тыңайтқыштар су қоймаларына түсіп, ондағы кейбір тіршілік иелерінің жойылуына алып келеді. Тыңайтқыштарды пайдалану барысында олардың жағымды әсерін қарастырумен қатар, жағымсыз әсерлерін ескере отырып, тыңайтқыштардан бас тарту қажет пе деген сұрақ туындайды.

Пестицидтер — ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің ауруларымен, зиянкестерімен және арамшөптерімен күресуге арналған ауыл шаруашылығында пайдаланылатын улы химикаттардың бірі.

Жердің әрбір тұрғынына орта есеппен алғанда жылына 400-500 г, ал Ресей мен АҚШ-та 2 кг дейін пестицид жұмсалады. Әдетте, пестицидтер белгілі бір зиянкесті жою үшін қолданылады. Бірақ одан басқа соның жанындағы жанды заттардың барлығы жойылып кетеді. Ғалымдардың есебінше, біздің елімізде ауыл шаруашылығында пестицидтерді қолдану салдарынан 80%-ға дейін бұлан, қабан, қояндардың жойылу үдерісі белең алуда.

Қауіптірек деген топтарға хлорорганикалық пестицидтер, оның ішінде ДЦТ (дихлортрифенилтрихлорэтан — дуст) кіреді. Пестицидтер белгілі бір концентрациясына жеткен кезде қауіп туғызады. Азық-түлік енімдері мен ауызсу арқылы пестицидтермен улану қаупі бүкіл Жер жүзі түрғындары үшін маңызды мэселеге айналып отырғаны анық. Олар бала емізетін ана сүтінде, балық, қүстар тіндерінде (әсіресе, оларды үлкен мөлшерде пайдаланатын елдерде) жинақталуы мүмкін.

Пестицидтер жоғары температура, ылғал, күн сәулесі радиацияларының әсеріне айрықша төзімді келеді. ДДТ-ны жерге енгізгеннен соң 8-12 жылдан кейін де топырақ арасынан байқауға болады. Пестицидтер биоаккумуляциялануға бейімділік танытқан кезде, мысалы тағам тізбегіндегі биоаккумуляциялануы кезінде қауіп төндіреді.

Пестицидтерді қолдану тиімділігі уақыт өте келе шұғыл төмендейді, өйткені зиянкестерде оларды қабылдау қасиеті жойылады. Қазіргі таңда, пестицидтердің жаңа түрлері тұрақты және қауіпті. Пестицидтерді қолдану адам ағзасына кері әсер еткенімен, оларды қолдану мелшері жыл сайын артып отыр.

Қазіргі уақытта тағамдарда нитраттың болуы да кезекті мәселелердің бірін туындатып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бір адамға нитраттың шектеулі тәуліктік мөлшері 325 мг тең болуы керек. Біздің еліміздің көптеген аймақтарындағы органикалық емес тыңайтқыштардың қарқынды қолданысқа енуі 1988-1993 жылдары мемлекеттік және рыноктық саудаға жеткізілетін азық-түлік өнімдеріндегі нитрат концентрациясының шұғыл көтеріліп кетуіне алып келді. Қазіргі таңда мемлекеттік шаруашылық өнімдері тексеріліп, бақылауға алынғанымен, жеке шаруашылықта өсірген өнімді тексеру қиын болып отыр.

Жеке шаруашылықтар көбіне химиялық заттарды мөлшерден тыс қолданады, өйткені ол тез де берекелі өнім жинауға ықпал етеді. Ал осының барлығы жер қорларына зиян келтіреді. Ауыл шаруашылығы үшін маңызды мәселе ол топырақ эрозиясы.

Жер (ауыл шаруашылығы) қорлары — бұл жыртылған жерлер, жайылымдар, шабылатын шөптер. Планета түрғындарын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін жерлер құрлықтың үстіңгі қабатының 13%-ын ғана алып жатыр. Адамзат тарихында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшің пайдаланылатын жер аумақтарын кеңейтуге бағытталған түрлі іс-шаралар жүргізілуде, атап айтқанда, ормандар кесіліп, батпақты жерлер құрғатылады, шөлді жерлер суарылады. Осындай кеңейтілген іс-шараларға қарамастан, ауыл шарушылығы жерлері тозып, жарамсыз болып қалуда. Жерді игеру жұмыстары қарқынды жүргізілгенге дейін егістікке пайдалануға болатын жерлердің аумағы 4,5 млрд га жуық колемді қүраған Ал бүгінгі күні олардың көлемі 2,5 млрд га. Жыл сайын егістік жерлердің 7 млн га жуығы тозып, жарамсыз болып қалады, ал бұл 21 млн адамның өміріне қауіп төндіреді.

Топырақ эрозиясы ауыл шаруашылығы жерлерін жойып жіберетін ең қауіптісі болып табылады. Егістік жерлердің оннан тоғызының жоғалуы, олардың өнімділігінің құлдырауының себептері де эрозия болып табылады. Эрозия — бұл топырақ қабатының су ағыстары немесе жел арқылы жойылуы, ыдырау үдерісі. Осыған байланысты су және жел эрозиясын бөліп қарастырады. Ауыл шаруашылығы жұмыстарын дұрыс жүргізбеу эрозия үдерісін едәуір күшейтеді. Қысқа мерзімдерде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайтуға ұмтылу көбіне жер өндеу жүмыстары тәртібінің бұзылуына, мысалы егіс айналымы қорының азаюына алып келеді.

Жар беткейінен, жауын-шашын суынан, еріген мұздардан, қарлардан пайда болған ағыстар, көктемгі немесе жазғы жаңбырлар жердің қүнарлы қабатын (жуып) шайып кетеді. Осылардың шығынын азайту үшін, қайраңды беткейден көлденең жүргізу керек әрі біржылдық және көпжылдық өсімдіктерді себу айналымын ұлғайту керек.

Топырақ құрылымын қуатты ауыл шаруашылығы техникалары — тракторлар, комбайндар, автомашиналар бұзады. Оларды қолдану өңделген топырақтың, жергілікті жердегі ауыл шаруашылығын жүргізу ерекшеліктерін талап етеді. Сөйтіп АҚШ-та ірі техникаларға ауысу жарлардың ағып өтетін бөліктерінде қысқартылатын егістіктердегі террасалардың қирауына алып келді. Қуатты тракторлар, комбайндар үшін үлкен егістіктер қажет, сондықтан да олардың көлемдері ұлғаяды, ал эрозияны азайтуға арналып жаеалған, кішірек егістіктерді бөліп тұратын жолақтар жойылады.

Құнарлы топырақтар қайтадан қалпына келетін қор болып есептеледі, алайда олардың қайта қалпына келуі үшін жүздеген жылдар қажет. Жер шарының егістік алаңдарында жыл сайын қайтадан қалпына келіп жатқан топырақтың көлемінен асып түсетін топырақ қабатының миллиардтаған тонналары жоғалып жатады.

Сондықтан маңызды міндет — құнарлы ауыл шаруашылығы жерлерін сақтау. Аса құнарлы емес жаңа жерлерді игеру үлкен шығындарға әкеледі.

Соңғы жылдары өзен жағалаулары белсенді түрде демалыс аймақтарына айналуда. Кіші өзендер жағалауларында демалыс аймақтарын орналастыратын бос орын қалмаған. Табиғат жүйесін бұзу салдары есепке алынбай, тез арада құрылыс жұмыстары басталып кетеді, кіші өзендерде демалыс базалары, гидроқұрылыс, гравий даярлау, құм және басқа құрылыс материалдары дайындалады. Кіші өзендердің табиғи қорлары өте үлкен, бірақ қазіргі кездері олар ерекше күтімге, адамдар тарапынан арнайы қамқорлыққа зәру, себебі өзендердің экологиялық жүйесі әлсіздеу. Қазіргі кезде кіші өзендерді қорғау бойынша іс-шаралар әзірленген.

Көк шалғынға бай жыралар табиғи азықтьщ «алтын» қоры болып табылады. Жыралы шалғындардан жиналған шөп құрғақ далалардан жиналған өнімнен екі есе артық. Көк шалғын жерлердің бай флоралық құрамы олардан алынған азыктың жоғары сапасын мен құнарлылығын айқындайды. Жыралы шалғындар жылдан-жылға жоғары да тұрақты өнім беріп келеді және адамзат ерте кездерден бері оларды шөп шабатын жерлер ретінде пайдалануда. Жер өңдеудің дамуына жэне қалалардың өсуіне байланысты жыралардың жекелеген бөліктері жыртыла бастады. Алайда жыралы аймақгардың жыртылып өңделу деңғейі елеусіз болып келген. Ол жерлерде жер есептерінің мэліметтері бойынша, шалғындар үстемдік құрып тұрған шөптің бүкіл мөлшерінің 2/3-і дайындалған. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында да ауыл шаруашылығының шөп шабу саласы басымдау болған. Соғыстан кейінгі кезенде жыралы аймақтарды картоп пен көкөніс дақылдарын егу үшін жаппай игеру басталған. Осы жерлерді жыртудың жоғары қарқыны жыралардың мелиорациялануына алып келгенімен, табиғи ерекшеліктерді есепке алмау қолайсыз экологиялық салдарларды туындатты. Сойтіп жыралы топырақтардың едәуір бөлігі жыртудың нэтижесінде су тасқындары кезеңінде бір боліктері шайылып, ағып кетуге және басқаларында жаңа аллювий енгізуге ұшырады. Жерді айдау жыралы топырақтардың қасиетін төмендетеді, олар қарашіріктің бастапқы қорларынан 25-40%-ды, азоттан 15-35%-ды жоғалтады. Сол бір мезетте айдалатын жерлерді тығыздандыруға, су ұстау қабілетін азайтуға алып келетін суға төзімді топырақ құрылымының ыдырауы жүріп жатады. Жерді айдау ландшафттық -геохимиялық кедергілер ретіндегі топырақ қызметін қалыптан шығарады. Жер жыртылғаннан кейін? егістіктердің үстіндегі топырақтың шайылуы және жағалаулардың қирауы нәтижесінде озендерге бүкіл қалдықтар келіп түседі, ал ол болса, өзен арналарының одан сайын ластануына жэне балдырлануына әкеліп соқгырады. Жыралы шалғындардың аймақтарын олардың жыртылуы нәтижесінде қысқарту олардың қалған бөліктерінің төмендеуіне әкеледі. Жайылымдарда малдар коп жайылғанда және қажетті күтім болмаған жағдайда шалғындар солғындай бастайды, нәтижесінде олардың өнімділігі күрт темендейді. Шалғындар арамшөптерге толған кезде, шөптер қатарынан азықтық өсімдіктердің көптеген құнды түрлері жоғалып кетеді. Өзендердің ағысын реттеу гидроэлектр станцияларының платиналарынан төмен орналасқан жыралы шалғындарға жағымсыз әсер етеді.

Ендігі міндет жыралы шалғындардың өнімділігін арттыру. Оны шешу үшін нормалар мен ережелердің мынадай бағыттарын ұстаған дұрыс: жайылым нормаларын сақтау, шөп шабу мерзімдерін сақтау, қүнды сүрыпты шөптердің түқымдарын себу, шалғындарға дұрыс толыққанды күтім жасау және т.б. осы шараларды дұрыс орындау жыралы шалғындардың өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді, тіпті шөбі шүйгін беліктердің өзінде көп түрлі шөптердің табиғи құрылымын сақтайды.

Өзен жыраларындағы мелиоративтік жұмыстар кезінде ағашты-бұталы есімдіктердің көп мөлшерде жойылып кететіні белгілі. Ал бұл өсімдіктердің өзен жыраларында маңызды эрозияға қарсы мәні бар. Тасқындар кезінде судың жылдамдығын төмендете отырып, оны шайып кететін қуатын да төмендетеді.

Жыралы ландшафттардың бірегейлігін есепке ала отырып, олардың жер биосферасындағы маңызды рөлін және жыралы флоралар мен фауналардың генофондын сақтап, бірнеше жыралы құрлықтарды құру қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер: Мұхажанова Н.А., Жаһандық экология: — Алматы: 2011. -172 бет.