Кел тыңдайық ертегі

0

Пәні:Көркем әдебиет
Тақырыбы:  Кел тыңдайық ертегі
Мақсаты:      1.Көптеген қазақ ертегілерінің сан ғасырлық таңғажайып сырлароын түсіндіру.
2.Сана-сезімін,ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Ел қамын ойлайтын ақылдылыққа,шыншылдыққа,батырлыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі:     Ертегі кейіпкерлерінің суреттері
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
                  1.      Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
     2.Балалар Ертегілер еліне саяхат жасап,ертегі тыңдаймыз,
 V Жаңа сабақ
       3.Ойын:Жүрдек пойызбен саяхатқа шығамыз, аялдамаларда ертегі кейіпкерлері қойылған.Сол бойынша қандай ертегі екенін табу.
       4. «Адасқан құмырсқа»ертегісін оқып беру.
       5.Сұрақтар мен тапсырмалалармен жұмыс
        -Ертегілер халық ауыз әдебиетінен мол орын алатынжәне жазу өнері болмаған кезде ауызша шығарылған әңгіменің түрі.Ертегіде халықтың ой-арманы,әдет-ғұрпы,арман мұраты әңгімеленеді.Қазақ ертегілері былай басталады:
    Бар екен де,жоқ екен,
    Аш екен де,тоқ екен…
    Ерте,ерте,ерте екен
    Ешкі жүні келте екен.
      -Қазақ ертегілерінің ішінде хайуанаттар туралы маңызды орын алады.Кәне, жануарлар туралы қандай ертегі естідіңдер?
     -Дұрыс айтасыңдар.Мәселен түлкі қанша айлакер, қу долғаныменұтылып қалатын кездері болады.Ертегіде жануарлар бейнесін суреттей отырып,соларға ұқсас адамдардың іс-әрекеттерін баяндайды.Сөйтіп ертегі бізді өмірде түлкі сияқты қу,арам болмауға үйретеді.
Сергіту сәті:   Кел,балалар,тұрайық 
                        Үлкен шеңбер құрайық
                         Шаңырақты көтеріп
                        Керегені құрайық
                        Уықтарша иіліп
                         Шаңыраққа қосылып,
                          Қазақ үйді құрайық.
Балаларға «Адасқан құмырсқа» ертегісін оқып беру.(Ертегі оқылып,мазмұнын ашу.)
VI Бекіту
-Ертегі кейіпкерлерін атаңдар.
-Құмырсқа кімге өкпелеп кетіп қалады?
-Кімдерді көмекке шақырады?
-Кімдер көмекке келеді?                                                                                                       
VII Қорыту
Достық туралы мақал-мәтел айту:
«Бірлік түбі тірлікте», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Бейбіт елде береке бар»,т.б.
        
VIII Бағалау
           Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.
                

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!