Каспий теңізінің құқықтық және экологиялық мәселелері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих және өнер факультеті
Экономика және құқық кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Теңіз аумағын халықаралық – құқықтық қорғау
050115 – Құқық және экономика негіздері
Орындаған: IV курс студенті Турганова А
Ғылыми жетекшісі: оқытушы Какенова Э.Т
Арқалық, 2009
Мазмұны
Кіріспе
… … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … …3-4
І Тарау. Каспий теңізі және экологиялық сұраныс: проблемалардың түбегейлі
шешімі
1.1 Каспий теңізінің құқықтық жағдайын анықтаудағы көрші елдердің
қимылы … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … .5-9
1.2 Теңіз экологиясындағы қауіп мәселесі: алдын-алу туралы
ынтымақтастық … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … .9-16
ІІ Тарау. Су ресурстарын қорғау мен оларды пайдалану мәселелерін
халықаралық – құқықтық реттеу.
2.1 Су ресурстарын қорғау мен оларды пайдаланудың халықаралық – құқықтық
аспектісі … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … 17-28
2.2 Қазақстан Республикаындағы трансшекаралық өзен сулардың қауіпсіздік
саясаты … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … ..28-36
ІІІ Тарау. Каспий теңізінің халықаралық – құқытық мәртебесі
3.1 Каспий теңізінің құқықтық мәртебесінің
мәселелері … … … … … … . … … 37-45
3.2 Каспий теңізінің құқықтық және экологиялық мәселелері
… … … … … …46-53
Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … 54-59
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
…60-61
Кіріспе
Қазіргі кезеңде әлемдік деңгейде табиғи ресурстарды қорғау және
табиғатты пайдалану процесін құқықтық реттеу мәселесіне біршама қызығушылық
туындап отыр.
Нарық жағдайындағы шаруашылық қызметтің ауқымы, өнеркәсіп пен
аграрлық сектордағы қолданылып жүрген қазіргі заманғы технологиялық
процестердің өзіне тән ерекшеліктері қоршаған ортаны қорғау саласында
арнайы шараларды қабылдауды қажет етеді. Соңғы жылдары өмірдің маңызды
салаларына қатысты қабылданған нормативтік актілер өз кезінде құқықтық және
заңдылық негізде жеткіліксіз зерттелініп, реттелуден тысқары қалып келді
[1]. Атап айтсақ, қоршаған ортаны қорғау саласы, соның ішінде су қорлары.
Соған орай су қорларын зерттеу дипломдық жұмыстың көкейтестілігін
айқындауға негіз болды.
Тақырыптың өзектілігі. Тақырыптың өзектілігі өмірлік маңызды мәселерді
қарастыру арқылы анықталады. Су — жер бетіндегі барлық тіршіліктің көзі.
Сондықтан су ресурстарын адамзаттың дұрыс, әрі талапқа сай пайдалануы
арқылы жердегі тіршілікті сақтап қалуға болады. Су ресурстарын қорғау мен
оларды пайдалануды халықаралық – құқықтық реттеу, су ресурстарын қорғау мен
оларды пайдаланудың халықаралық – құқықтық аспектісі, Қазақстан
Республикасындағы су қауыпсіздігінің саясаты дипломдық жұмыста
қарастырылатын негізгі мәселелер болып табылады. Жұмыста қарастырылатын
сұрақтардың ең негізгісі Каспий теңізінің халықаралық – құқытық мәртебесі,
өйткені Каспий теңізі біздің Республикамыз үшін қара алтын – мұнай мен
балық шаруашылығының басты қайнар көзі [2].
Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Су ресурстарын халықаралық –
құқықтық қорғау жағдайында дүние жүзі елдері жасасқан келісім-шарттар,
құжаттар мен негізгі нормативтік-құқықтық актілермен танысып, оларды оқып-
білу зерттеу жұмысының негізгі мақсаты болып табылады.
Осы мақсат негізінде төмендегідей міндеттер туындайды:
▪ Халықаралық құқықта су ресурстарын пайдалану мен оларды қорғау
саласын халықаралық – құқықтық деңгейде қарастыру;
▪ Халықаралық құқықта су ресурстарын пайдалану мен оларды қорғау
саласында туындағын өзекті проблемалардың теңіз құқығы нормаларының
әзірленбеуінен және су ресурстарын шекара арқылы тасмалдау салдарынан
болғандығын анықтау;
▪ Су ресурстарын пайдалану мен оларды қорғауды халықаралық және ұлттық
құқық саласы негізінде жақсартуды айқындау;
▪ Қазақстан Республикасындағы су ресурстарын пайдалану мен оларды
қорғаудағы қолданыстағы заңдарын сипаттау;
▪ Халықаралық және отандық заң шығарушылықты су ресурстарын пайдалану
мен оларды қорғаудағы өзара байланыстары мен өзара әрекеттерін
зерттеу;
▪ Қазақстан Республикасының су заңнамасы мен су нормаларын көрші
елдермен салыстыру және талдау;
▪ Су ресурстарын қорғауға қатысты халықаралық нормалар
имплементацияларын теориялық тұрғыда заңдылыққа негіздеу;
▪ Су ресурстарын пайдалану мен оларды қорғау жұмыстарын жақсарту мен
күшейтуге бағытталған халықаралық және қолданыстағы заңдарға
негізделген ғылыми болжамдарды әзірлеу.
Зерттеу объектісі. Зерттеу жұмысының негізгі объектісі халықаралық
құқық саласында мемлекеттер арасында су ресурстарын қорғауға негізделген
нормативтік құқықтық актілер арқылы баяндалатын құқықтық қатынастардың
салалары болып табылады.
Әдістемелік негізі. Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі болып заң
ғылымының жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістерімен тарихи-құқықтық,
салыстырмалы-құқықтық, статистикалық әдістер табылады.
Теориялық базасы. Ғылыми жұмысты жазуда су ресурстарын қорғау мен
пайдалану саласы бойынша халақаралық құқық ғылымы мен айналысатын төмендегі
шетелдік, ресейлік және қазақстандық құқықтанушы ғалымдардың еңбектері
негізге алынды: П.Уотерс, А.А.Салимгерей, Е.Л.Начаева, Т.Г.Калиниченко,
А.А.Мукашева, О.С:Колбасова, М.Генина, В.А.Ушаков, С.В.Молодцов, А.Сабыров,
С.С.Жильцов, И.С.Зонн, А.А.Аманова, Т.Т.Сарсембекова, А.Е.Кожаков т.б.
Жұмыстың құқықтық – нормативтік негізін Қазақстан Республикасының су
заңнамасы, Біріккен Ұлттар Ұйымында теңіз құқығына арналған 1982 жылғы
Конвенциясы, 1972 жылғы теңіздерді қалдықтармен және басқа материалдармен
ластау жөніндегі ескерту Конвенциясы, 1973 жылғы теңіздерді ластау
жөніндегі ескерту Конвенциясы, 1954 жылғы теңіздерді мұнаймен ластау
жөніндегі ескерту Конвенциясы, 1958 жылғы ашық теңіз және құрлықтық шельф
(қайраң) жөніндегі Конвенция, 1969 жылғы мұнаймен ластауда зиян келтірудегі
азаматтық жауапкершілік жөніндегі Конвенция, РФСР мен Иран арасындағы 1921
жылдың 26 ақпанындағы және СССР мен Иран арсындағы 1940 жылдың 25
наурызындағы келісім-шарттар және т.б. нормативтік-құқықтық құжатар
құрайды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың мақсатымен міндеттері
оның құрылымын айқындайды. Сонымен, жұмыс үш бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Тарау. Каспий теңізі және экологиялық сұраныс: проблемалардың түбегейлі
шешімі
1.1 Каспий теңізінің құқықтық жағдайын анықтаудағы көрші елдердің қимылы
КАСПИЙ ТЕҢІЗІ
Соңғы жылдары таңғажайып табиғи нысан Каспий теңізі төңірегінде
туындап отырған проблемалардың ең бастысы – бұл экологиялық хал-ахуалды
қалыпты жағдайда сақтау болып табылады.
Еуразияның түйіскен екі бөлігі Еуропа мен Азияның ортасында
Каспий теңізі орналасқан. Каспий теңізінің құрлымы S латын қарпіне өте
ұқсас. Каспий теңізі солтүстіктен – оңтүстікке дейін 1200 шақырымға, ал
батыстан шығысқа дейін 195 тен 435 шақырымға дейін созылып жатыр. Жалпы
орташа көлемі 310-320 шақырымды құрайды. Каспий теңізі физикалық —
географиялық жағынан 3 бөлікке бөлінеді. Олар Солтүстік Каспий, Орта Каспий
және Оңтүстік Каспий. Каспий теңізіне 130 өзен құяды. Каспий теңізіне
құятын ең ірі өзендер Еділ, Жайық, Терек және Ембі, олардың жылдық су
қорының көемі 90 % құрайды.
Каспий теңізі – таңғажайып су қоры, оның биологиялық байлығы мен
ресурстары жөнінде оған әлемде ешқандай теңіз тең келмейді. Каспий теңізі
дүниежүзіндегі ең ежелгі мұнай өндіруші орын. Осыдан 150 жыл бұрын алғаш
рет мұнай өндіру мен шетелдік инвестиция көздері Әзербайжанда, Апшерон
түбегінде басталған болатын. 1924 жылы өндірістік жобасы жасалды. КСРО
кезінде Каспий теңізінің саяси жағы бүкіл кеңестік кеңістікті мұнаймен
қамтамасыз етудің стратегиялық қоры есебінде қарастырылды. Әсіресе Батыс
Сібір аймағына ерекше көңіл аударылды. КСРО күйрегеннен кейін басқаша сипат
алды. Стратегиялық қор тәуелсіз мемлекеттердің меншігіне көшіп,
халықаралық мұнай-газ коорпорациялардың табыс көзінің нысанына айналды.
Сонымен қатар бірінші кезектегі басқа да проблемалар пайда болды: Каспий
теңізінің мәртебесі, энегрияны тасымалдау маршруттары, аймақтың мұнай-газ
ресурстарының инсвестициялық жобасы және экологиялық проблемасы.
Бұл аймақ қандай аймақ? Каспий теңізі аймағы бес мемлекеттің
мүддесін білдіреді. Бұл Әзербайжан, Ресей, Қазақстан, Иран және
Түркменстан. Бұларды Каспий теңізі бассейні мемлекеттері деген терминде
соңғы онжылдықта дипломатия тәжірбиесінде қолданылып жүр.
Каспийдің халықаралық-құқықтық мәртебесі мен каспийлік
мемлекеттердің (каспий жағалауындағы мемлекеттер) мұнай ресурстарын өзара
бөлісу мәселесі қалай шешім тапсада, бүгінгі уақытта ол өзекті проблема
болып қалады. Каспиий жалпы экологиялық объекті болып табылады. Бір
бөлігіндегі дағдарыс жалпы экологиялық апатқа әкеліп, соңында барлық
мемлекеттердің жеке жоспарындағы даму бағдарламасына зиянын тигізеді.
Каспий теңізінің көп функциялық жағдайындағы басты экологиялық
проблемаларына тоқталып өтсек.
Каспий теңізінің көліктік тасымалдау функциясы: әр түрлі
порттарды байланыстыратын көліктік инфрақұрлым жолдары Баку, Ланкеран,
Махачкала, Астрахань, Гурьев, Түркіменбасы, Ноушахр, Энзели және Астара.
Каспиий арқылы Ресей бірнеше, яғни Азов, Қара және Балтық теңіздеріне шығу
мүмкіндігін пайдаланады. Қазіргі уақытта теңіздің асты арқылы құбырлардың
көмегімен мұнай тасымалдау қарастырылған. Бірақ, бұл әдіс орасан зор
экологиялық қауіптің көзі екендігі белгілі.
Каспий теңізінің екінші бір функциясы адамға қажетті ресурстармен
қамтамасыз етуі болып табылады. Мысалы, балықтар, әртүрлі құстар,
минералдық және сутегі ресурстары. Көрші жатқан мемлекеттердің ортақ
мүддесінде пайдануға тиіс. Бірақ, КСРО құлағаннан кейін, әртүрлі
экономикалық шараларға ысыраптап пайдалану теңіз жануарларымен құстардың
жойылып кетуіне себеп болады.
Каспий теңізі ресурстарын пайдаланушы елдер ортақ келсімге келіп,
құқықтық құжат қабылдаулары керек. Бұл су бассейінін тиімді пайлану мен
флора мен фаунаны сақтауға жол ашады. Аймақтық экологиялық күйзеліске
түспеуінің бірден – бір кепілі. Ксапий теңізі төңірегіндегі елдер бұл
мәселе бойынша ортақ құқықтық келсімге келе алмай отыр. Оның басты себебі
экологиялық мүддеден гөрі , экономикалық табыс көзін көбірек ойлау .
Кеңестік Одақ тарағаннан кейін құқықтық режим заңдық күшін жойды.
Аймақтық мемлекеттер саяси мақсатына жету үшін әскери күш көрсетуге де
дайын екендіктерін жасырмады. 1921-1940 жылдары келіссөздер жасалғанда үш
мемлекет мүлдем болғанда жоқ. Сондықтанда теңіз флоты да оларға тиесілі
еместе еді. Қазір олар өздерінің әскери құрлымын құрып, жетілдіру үстінде.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әскери дайындық шараларын
күшейтуде. Каспий теңізіне қатысты ортақ құқықтық режим жасау көрші жатқан
елдердің сыртқы байланыстарына ешқандай нұқсан келтірмейді.
Каспий теңізінің құқықтық жағдайын анықтауға кері әсер етуші факторлар
Әзербайжан мемлекеті теңіздегі мұнай ресуртарының маңызын есепке
ала отырып, әрбір аймақтық елдерге шамамен 15 бөлігінде ресурстарды
бөлісуге ұсыныс жасайды. Әзербайжан ортақ мұнай бассейнді бөлісуде
Түркменстан мен Иран елдерімен бәсекелеске түсіп, шиленіскен жағдайға барып
отыр. Әзербайжан елі Киапаз, Сердар, Хазар және Осман аудандары үшін
Түркменстан елімен таласады. Иран өкіметінің Роял Дач Шель және Ласмо
секілді сейсмологиялық барлау фирмалары Әзербайжан территориясында жұмыс
жасауда деп айыптап отыр. 2001 жылы маусымда Ислам Республикасының бір
әскери кемесімен, Бритиш Петрелеум кемесіне Араз және Алуй аудандарында
зерттеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілгенде Әзербайжан дереу тоқтатуын
талап етті. Осылай Каспий теңізінің оңтүстік бөлігінде шиленіскен жағдай
орын алды. Иран үкіметі бұл аудандарды Алббороз деп атап, өзіне тиесілі
бөлік деп есептейді.
Қазақстанмен Ресей елдері әрбір елге тиесілі бөліктеріндегі теңіз
астындағы ресурстарға да құқығы сақталуы тиіс тұжырымдасын қолдайды. Бірақ
теңіз асты мен су ортақ игілік болып табылады.
Аймақтың шығыс бөлігінде сутегі ресурстарын тиімді пайдалана
білу мақсатында Түркменстан мемлекеті өз ұстанымын бірнеше өзгертті. Басқа
елдерде өз ұстанымдарын өзгерту үстінде. Бұған себеп коммерциялық және
саяси негізі бар аймақтық мемлекеттердің мақсаты. Каспий теңізі
бағдарламасын дамыту процессінің бастамасынан бұрын, құқықтық жағдайды
шешіп алуды қажет етеді.
Иран мемлекеті 1921 және 1940 жылдары жасалған Иран мен КСРО
арасындағы келсімдер өз заңдық күшін жойған жоқ деп есептейді. Онда Каспий
теңізі екі мемлекет арасында бөлінген болатын. Сондықтан кез келген екі
жақты келсім жарамсыз болып табылады. Каспий жағалауындағы елдер теңізді
ортақ пайдалану тиіс деп есептейді. Яғни, ортақ билік теориясын
қалыптастырады.
Каспий теңізін бөліске түсіруге келісімін Иран тек әрбір елдің
үлесі 20 % тең болғанда мүмкін екендігін білдіреді. Олай
болмағанда әрбір мемлекеттің құқығы экономикалық аймақтық паралелді
жағалаулық сызықпен анықталады. Ал теңіздің қалған бөлігі ортақ болып
табылады. Иран тұжырымдамасы тарихи дәстүрге сәйкес келмейді. Әзербайжан
мен Қазақстан бұл ұсынысқа мүлдем қарсы екендігін мәлімдейді. Егер
Қазақстан, Әзербайжан және Ресей ұсынып отырған сызықтық әдісті қолданатын
болса, онда Иранның үлесі 12-13 % аспай қалатын болады.
Келесі бір мәселе — Каспий теңізін бірлесе отырып пайдаланудан
туындайтын наразылық. Әзербайжан, Қазақстан, Ресей елдері арасында сызықтық
әдіспен Каспий теңізін бөлісу жөніндегі келісімдер жасалған болатын.
Түркменстан елі келсімдегі теңіз астын толық иемденуге қарсы болмағанменде
, сызықтық әдіске келіспей отыр. Шекаралық жағалаудан тыс жатқан мұнай-газ
ресурстарын бөлісу мүлдем қаралмай отыр.
Әзербайжан мен Түркменстан арасындағы келіспеушілік Каспий
теңізіндегі бассейіндік қақтығыс туғызуы мүмкін. 2001 жылы маусымда
Түркменстан Азар және Чераг бассейндеріндегі Әзербайжан елінің барлау
жұмыстарын дереу тоқтатуын талап еткен болатын. Бірақ сол жылы тамыз
айында Әзербайжан талапты орындамайтындығын мәлімдеген еді.
Каспий жағалауындағы тәуелсіз мемлекеттердің шиленістік жағдайға
баруына экономикалық жағдайлар себепші болсада, пайда табу мақсатында өзара
қарым-қатынастарын үзбей су ресурстарын игеруде тығыз байланыста жұмыс
жасауда (тек Иран елінен басақасы).
Каспий теңізіне қатысты жасалған аймақтық келсімдер нәтижесі
Каспий теңізі жағалауындағы бес мемлекет арасында осы күнге дейін
құқықтық режимге қатысты ресми ортақ келісімге келмесе де кейбір үкіметтер
арасындағы екі жақты келсімдер бар. 1997 жылы Қазақстан мен Әзірбайжан
арасында Каспийдің құқықтық жағдайы туралы конвенцияға қол қойылды. Онда өз
шекараларын орта сызық бойынша жүргізілетіндігі жайлы мәселе бекітілген.
Сол жылы Қазақстан мен Түркменстан елдері арасында да келісімдер жасалып,
Каспийдің жаңа құқықтық жағдайында өз шекараларын айқындайтындығы жазылған.
1998 жылы шілде де Қазақстан мен Ресей арасында теңіздің солтүстік
бөлігінің орта сызықты әдіспен бөлу туралы екі жақты келісім жасалды.
Сонымен теңізде жүзу, балық аулау, экология мәселесі ортақ болып табылады.
2001 жылдың қаңтар айында Әзербайжан мен Ресей арасында келісім
жасалды. Онда Каспий теңізінің астын бөлісу қарастырылған. Теңізде жүзу
еркіндігі сақталып қалынған. Осының негізінде су ортақ, теңіз асты
бөлінген. Бұдан теңізді бөліктерге және аймақты көрші елдермен қарама-
қарсы елдер арасында орта сызықты тең ара қашықтықта бөлісіп, өзара келісіп
отырып түзеуге негіз жасалды.
Бұған дейін Әзербайжан теңіздің үсті мен астын бөлуді қолдаған
болатын. 1998 жылы қараша айында Әзербайжан мен Түркменстан екі ел
арасында орта сызықты негізде теңізді бөлу жөнінде келісім жасады. Бірақ
кейбір аудандарды бөлуде ортақ келісімге келе алмады. Түркменстан бірнеше
рет Әзербайжан тарапына Каспий теңізіне қатысты құқықтық жағдайдың ортақ
келісім жасалмай шекараны анықтап алу мен ресурстарды пайдалануды тоқтата
тұруды ұсынған болатын. 2001 жылдың қараша айында ТМД елдерінің басшылары
бас қосқан конференцияда Түркменстан елі Қазақстанмен екі жақты келісімге
келген болатын. Онда екі елдің Каспий теңізіндегі үлестік ара салмағы
бекітілген еді [3].
Каспий теңізіне үлесі бар мемлекеттердің ортақ келісімдерге
келуге ықпал еткен жағдайлардың бірі су ресурстарын уақытылы пайдалана білу
болып табылады (Иран елінен басқасы). Бірақ бұл қадамдарға баруға
итермелеген жағдайлардың біріне олардың бұрын 72 жыл КСРО билігі астында
бірге болғандығында айтып кетуге болады.
Мұның бәрі Иран үшін қиынға соқты. Каспий теңізінің құқықтық
жағдайын анықтауда Иран елі кедергі келтіріп отыр дегенде айтылып қалды.
Дегенменде Каспий теңізінің ресурстарын тиімді пайдалану, қоршаған ортаны
қорғау, су бассейіндерін экономикалық жағдайда пайдалану қазірігі
қажеттілік. Сондықтанда төрт ел өзара келісімге келіп, тек Исламдық
Республика Иранды сырт қалдыру қаупіде жоқ емес. Бірақ, Иран оларға қосыла
отырып, өз мүмкіндіктерін толық пайдалауда өздеріне қолайлы жағдай жасауда.
Ресурстарды пайдалануда қоршаған ортаны сақтау жауапкершілігі
Каспий теңізінің тіршілік ортасында үстемдік етушілер арсында
бекітіліген ортақ құқықтық режим болмай, экологиялық халықаралық ережелер
мен заңдарды қатаң сақтау туралы мәселені мемлекеттерге жүктеу мүмкін
емес. Каспий теңізінің экологиялық факторларындағы кез келген ауытқушылық
көрші жатқан елдердің қоршаған ортасына әсер етпейді деп айту өте қиын.
1.2 Теңіз экологиясындағы қауіпті жайларды алдын-алу туралы
ынтымақтастықтар
Каспий теңізінің қоршаған ортасына төнген қауіптің әр түрлі факторлары
жазылмас дертке айналуы мүмкін. Теңіз ресурстарын пайдаланушы кез келген
мемлекет оның орнын толтыру үшін сонша мөлшерде шығын шығаратын жағдайға
жетеді.
Каспий теңізі маңайындағы мекендеуші халық әлемдік қоғамдастықтың
кішкене ғана бөлігі ғана болып табылады. Бірақ олар жергілікті халыққа
үлкен қатер төндіретін жағдай туғызды. Табиғатты ластанудан қорғануда
айқындалған белгілі бір масштабта ғана жүзеге асырылды.
Егер адамзаттың қызметі ластанудың барлық нормасынан да жоғары болса,
жаратылыстың табиғи тазаруына кедергі жасаса, жерде нағыз экологиялық апат
орын алады. Каспий теңізінің экологиясына қатер төндіруші негізгі қайнар
көздерге: теңіз деңгейінің ауытқуы; әсіресе соңғы он жылдағы деңгейдің
көтерілуі; мұнай өндіру мен өндірістік белсенділіктер жатады.
Теңіз деңгейінің ауытқуы. Каспий теңізі деңгейінің ауытқушылығы әр
жылдары әр түрлі болды. Кейбір кезеңде деңгейі ең төменге құлдыраса, кейбір
кезеңде ең жоғарғы маңызға ие болды. Бұл құбылыс ұзаққа созылып,
экологиялық өзгерістерге ықпал етсе, сондай-ақ халықтың экономикалық
қызметіне қайта құрулар әкеліп отырды. 1930 жылы Каспийдің теңізі
деңгейінің құлдырау кезеңінің ең ұзақ мезгілі болды. Бұл КСРО-ның үлкен
ауыл шаруашылық және өндірістік жоспарларын жүзеге асырумен сәйкес келді.
Өзендердің ағымын өзгерту, жасанды су қоймаларын жасау және халықтың
қызметін арттыру аймақтағы теңіз деңгейін ең төменгі көрсеткішке жеткізуге
мүмкіндік берді ( 1977 жылы 29 метр болды). Бірақ теңіз деңгейі 2000 жылға
дейін төмендейді деген болжам расталмады. 1978 жылдан бастап жылына орта
есеппен 15 см өсе бастады. Бұл процесс 1995 жылға дейін байқалды. Тек
осыдан кейін ғана біртіндеп түсе бастады. Жалпы Каспий теңізінің көтерілу
деңгейінің процессін алдын ала болжау толық мүмкін болмай отыр. Мұндай
табиғи құбылыстар жағалаулас жатқан елдерге үлкен экологиялық және
экономикалық шығын әкеледі. Мұнай өндіру мен өндірістік қалдықтардың
жағлауда орналасқан мемлекеттердің қоршаған ортасын ластауда алғашқы орынға
шығып, балық өнімдерінің құлдырауына әкеп соғатыны белгілі. Каспий
теңізінің оңтүстік жағалауында алқаптарды тасқын су басып, бұл жерлерді
құрғату проблемасын туғызды. Теңіз толқыны жағалауда орналасқан көптеген
елді мекендерді қиратып, топан су басты. Су құбырларына теңіздің ластанған
қалдықтары түсу қаупі пайда болды. Жерасты суларының құрамы артып өз
кезегінде жер құнарлығы мен ауыл шаруашылығы алқаптарының жойылуын
күшейтеді.
Каспий теңізінде әртүрлі жануарлар, балықтар және өсімдіктер тіршілік
етеді. Су құрамының бұзылуы олардың тірішілігіне нұқсан келтіреді. Жалпы су
құрамының бұзылуы жағалауға жақын жатқан жерлерді басып қалуымен тіршілік
иелеріне зиянын тигізеді. Құстар мен ұсақ тіршілік иелерінің азайып кетуі
олардың санының күрт азаюына әкеледі.
Тіршілік ортасына келетін зиян тек су құрамының бұзылу процессінің
күшеюінен ғана емес. Қоршаған ортаға теріс әсерін тигізетін факторларға
экономиканың өсуі мен халықтың әлеуметтік жағдайының күрт төмендеуінде
жатқызуға болады. Әлеуметтік әл-ахуалдың жоғарлауы халықтың санының өсуіне
әкеледі. Бұл өз кезегінде табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып,
қалдықтардың көбеюіне ықпал етеді. Экономикалық қызмет жер ресурстарын
игеруді арттырып, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Кейбір есептер
бойынша 1977 жылдан бастап Каспий теңізінің деңгейі төмендей бастады.
Ғылыми мәліметтер мен болжамдардың дәл болмауы Каспий теңізі деңгейінің
төмендеуін күшейте түседі. Каспий теңізіне үлесі бар елдердің ғылыми
тұжырымы нақты болмауы су бассейінің игеруде дұрыс шешім қабылдай алмауына
және экономикалық, экологиялық проблемалардың туындауына себепші болады.
Экологиялық проблемалар. Соңғы екі он жылдықта Каспий теңізінің асты
мен үстінен жаңа мұнай бассейндерінің ашылуы, аймақтық су ресурстарының
дамуына әсер етті. Каспий теңізіндегі экологиялық хал-ахуалға қарамастан
мұнай өндіруші фирмалар мүмкіндігінше үлкен үлес пайдасына ие болуды
ойлайды. Теңіз жағалауы мемлекеттері (Ираннан басқасы) бір ғана 1997 жылы
тәулігіне 130200 млн. баррель өндірген болатын. Бірақ, 2001 жылы бұл сандық
көрсеткіш тәулігіне 1,3 млн. жетті. Болжамдар бойынша 2005 жылы бұл
көрсеткіш 2 млнға жетсе, 2010 жылы 3,7 млн. баррель тәулігіне өндірілуге
тиіс. 2020 жылы тәулігіне 6,5 млн. баррель мұнай өндіретін жағдайға әбден
жетуі мүмкін. Егер бұған қарсы Каспий теңізін ластанудан қорғайтын
экологиялық шараларды қатар қолдануды қолға алмайтын болса, онда 3,5 тен
4,7 есе ластану жағдайы орын алады. 1 Кестеде Каспий теңізінде мұнай
өндіруші елдердің теңізді ластаудағы үлестері айқын көрсетілген.
1 Кесте — 2006 жыл бойынша Каспий теңізі аймағында мұнай өндіру мен
теңізді ластаудың проценттік көрсеткіші .
Елдер Мұнай өндірісі Ластаудағы %
(тәуліктегі баррель көрсеткіші
көрсеткіші)
Әзербайжан 259 300 30
Иран 0 0
Қазақстан 602 100 46
Ресей 144 000 10
Түркменстан 124 800 14
Барлығы 1 130 200 100
2 Кесте — мұнай өндіруші қызметінің түріне қарамастан мұнайдың
ластаудағы проценттік көрсеткіші берілген.
Қайнар Пайыздық
көздері көрсеткіші
Асырып өндірушілік 70
Мұнай өңдеу және мұнай-химия 7
кешені
Оқыс оқиғалар 4
Жағалаудан тыс өндіріс 6
Басақада көздері
Барлығы 100
Теңіздің ластануы. Теңізді ластайтын негізгі қайнар көз – бұл мұнай
болып табылады. Мұнай ластауынан фитобентос пайда болады, фитопланктон
дамиды, ауа мөлшерінің көзі азайады. Ластанудың салдарынан су бетіндегі газ
мен жылу атмосфералық алмасуды тежей түседі. Каспий теңізінің ластануы аса
зор тірі организмдер мен балықтардың қырылуына әкеп соғады. Суда жүзуші
құстардың қырылуы мұнайдың ластануынан болатын жағдай. Сирек тіршілік
иелерінің жойылып кетуін , оның орнын толтыру мүмкін болмай шығады. Мұнай
шикізатын басқа шикізат көзімен алмастыруға болады, ал тірішілік иелерін
ешқандай долларға сатып ала алмайсын.
Теңіздегі тірі организмдердің ауруы. Теңіздің ластануы салдарынан тірі
организмдерде әртүрлі аурулардың көзіне айналады.
Өзге жат организмдердің пайда болуы. Өзге жат организмдердің пайда
болуына бұрынғы уақыттарда ешқандай көңіл аудармаған болатын. Керсінше,
Каспий теңізін жаңа организмдердің пайда болуының полигоны ретінде
қарастырды. Яғни балық өнімдерінің түрлерін көбейте түсу мақсатында
жүргізілді. Каспий теңізіне өзге жат организмдер басқа өзен, көлдерден келе
бастағанда қайғылы жағдайлар орын ала бастады. Азов теңізінде саңырауқұлақ
терушілер осыдан он жыл бұрын пайда болды. Олардың пайда болуы 1985-1990
жылдары Азов теңізі мен Қара теңізді түбегейлі өзгерістерге ұшыратты. Олар
Солтүстік Америкадан келтірілген деген болжам бар. Саңырауқұлақ терушілер
негізінен зоологиялық планктондармен қоректенеді, шамамен тәулігіне өзінің
салмағынан тыс 40 % тамақтанады. Каспий теңізінің балықтарын қоймайтын
жағдайға жеткізген. Тез өсіп-өнуі, табиғи жауларының жоқ болуы, балық
қорының сирек түрлерін құртып жіберу қаупін туғызуда. Егер бұл жағдай одан
әрі жалғасын таба беретін болса, онда Азов және Қара теңіздеріндегі жағдай
секілді балық шаруашылығы 2012-2015 жылдары мүлдем тоқтайтын болады.
Заңсыз балық аулау мен аңшылық. Каспий теңізінде бекіре балықтарының
күрт азайып кетуіне заңсыз балық аулаушыларда себепші болып отыр.
Дәлелденген мәліметтерге сүйенетін болсақ заңсыз балық аулаушылар жалпы
бекірені аулауда 80 % құрайтын болып отыр. Қоршаған отаны қорғау
министрлігі бұл проблеманы шешу үшін қызу жұмыстар атқаруда деп ғалымдар
айтады. Баспасөздегі деректерге сенетін болсақ уылдырық мафиясы каспий
аймағындағы балық шаруашылығын ғана емес бүкіл құқық қорғау қызметінде өз
бақылауына алған болып есептеледі.
Жаратылыстағы биохимиялық циклдердің өзгеруі. Жайықтағы
гидроқұрлыстың белсенді жүргізілуі (Кура және басқа да өзендер) балықтардың
табиғи ортасын жойып, басқада орын толмас проблемаларды туғызады.
Эвтрофикация. Теңізге түскен мұнай қалдықтары Каспий теңізінің
оңтүстік бөлігіндегі Түркмен шығанағында үлкен зардаптарын әкелуде.
Органикалық заттардың құлдырауы мен синтез балансы бұзылып апаттық жағдай
туғызуда. Сонымен экологиялық салдары өте ауыр жағдайға әкелетіндігін біз
байқадық. Егер бүгін қандайда бір шараларды жүзеге асырмасақ ертеңгі жағдай
апаттық жағдай болатындығы сөзсіз. Каспий теңізіндегі ластануды тоқтату
үшін нақты көп салалы мақсаттағы ғылыми –зерттеу жұмыстарының көмегімен іс
шараларды қарқынды жүргізуіміз қажет. Мысалы, осындай жұмыстарды жүргізуші
Әзербайжан мемлекетінде ВР-Әзербайжан компаниясы ластанудың алдын алу
жобасын іске асыруда. Соңғы жылдары, ВР-Әзербайжан компаниясы өндірістік
процесстерден туындайтын ластанудың салдарын болдырмас үшін қоршаған орта
жөніндегі ашық қоғамдық пікірмен санасуға итермелейді. Сол арқылы қоғам
мен ластаушы объектілердің иелері мұнай өндірушілер арасындағы өзара қарым-
қатынастың жаңа үлгісін жасауда. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
министрліктің арнайы рұқсатын алған ВР-Әзербайжан компаниясы мұнай
қалдықтарын табиғи тиімді жолмен жоюды қолға алған. Компания қоғамдық
пікірмен санаса отырып ескерілмеген мәселелер мен ұмыт қалған жайттарды
әрқашанда жүзеге асыру басты қағидаға айналған.
Каспийді ластанудан қорғаудан басқада шараларына Каспий теңізінің
қоршаған ортасын қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастығы болып
табылады. Аталмаш жобаның басты мақсаты — Каспийдің экологиялық
проблемаларын шешуде беделді халықаралық ұйымдарды (ЮНЕП, ПРООН, ГЭФ, ЕС-
ТАСИС, Дүниежүзілік банк) ынтымақатастыққа шақыру. Сонымен қатар
Республикалық ғылыми академияның мұхиттану институты мен халықаралық
қоғамдық ұйым ИСАР мен бірлесе отырып Каспий теңізінің мұнай қалдықтары
арқылы ластануының негізі космостық радиолакация мәліметтері жобасы жұмыс
жасауда.
Өз кезегінде Әзербайжанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі
заңсыз мұнай қалдықтарын және басақада қалдықтарды анықтау жөнінегі орталық
ұйымдастырып отыр. Орталық заңсыз әрекеттерді анықтай отырып, су бетіндегі
тазалық жұмыстарды жүргізіп нақты бағыттарда шараларды жасайды.
Құқықбұзушылар анықталған жағдайда оларды жауапқа тартады.
Сонымен жоғарғы айтылғандар негізінде біз Каспиийдің экологиялық
жағдайы бүкіл Каспийлік аймақтың ортақ мәселесі екендігін байқаймыз.
Экологиялық апат бір ғана елдің аумағында қарастырылмайды ол әрбір елдің
даму перспективасына кедергі жасап, зиянын тигізеді. Әзербайжан
Республикасының есебінше мемлекеттер арасында мұнай және теңіз ресурстарын
өзара бөлісу мәселесі қалай шешімін тапсада, каспийлік елдердің мұнай
операцияларын бақылау ортақ мүддеге негізделуі тиіс. Ол үшін мемлекетаралық
экологиялық ұйым жұмыс жасауы тиіс [4]. Кез келеген мұнай жобаларын жүзеге
асыруда оның экологиялық қауіптілігі мен арнайы сраптамасын жүргізе отырып
анықталуы қажет. Экологиялық ұйымның өкілеттігі жоғары болған жағдайда
ортақ экологиялық сипаттағы бағдарламалардың арнайы бақылауға алуға
мүмкіндік берері сөзсіз.
Фенолмен ластануы. Фенолдар — гидроксилды өндірмелі иісті суттегі
(ұшатын және ұшпайтын). Ұшатындары өте жоғары иісті және зиянды.
Жаратылыста фенол су организмдеріндегі метаболизм процессін құрап
биохимиялық органикалық заттардың қышқылдануына әкеледі. Мұнай өндіруші
кәсіпорындардағы суларда пайда болып зиянды зардаптар туғызатын заттар
болып табылады. Ауыз суларында және балық шаруашылығындағы фенолдың
концентрациялық мүмкіндік шегі 1 мгкл құрауы тиіс.
Фенолдар – химиялық қосынды және су құрамына тез сіңіседі. Теңіз суын
фенолдардан тазарту тек биохимиялық қышқылдандыру арқылы микроорганизмде
үйлеседі.
Солтүстік Каспий аймағының табиғи ортасына сейсмо-барлау жұмыстарын
жүргізген зерттеу ұйымының (1994 жылы АDL) бағамы бойынша судағы
фенолдың шағын суағарлардағы құрамы 8 мклл жеткен.
Б.М.Куандықовтың мәліметтері бойынша (1995жыл) Солтүстік Каспий
аймағындағы су құрамындағы фенол 60 мгкл жеткен, ал орташа деңгейдегі
суларда құрамы 3 мгкл.
Казгидромет берген мәліметтерге сәйкес (1992 жылдан бергі су сапасының
жылдық көрсеткіштері) судағы фенол концентрациясының орташа көрсеткіші
соңғы жылдары 6 ПДК (0.006 мгл) өскен болатын.
1996 жылы Каспийге жақын жатқан шығыс бөліктерінде судағы фенол құрамы
3.9 мгкл (3.9 ПДК) екендігі анықталып, әртүрлі тұжырымдардың растығын
айқындайды.
1985- 1990 жылдар аралығында фенолдың құрамы орташа есеппен 3.0 мгкл
дан 9.0 мгкл дейін өскен. Фенолдың барынша өсуі Орал өзені жағында
байқалып (1994 жылы Косарев, Яблонская ) 30.0 мгкл жеткен.
Қоршаған ортаның геофизикалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп,
бағдарламалық мониторингіні жасағанда (1994 жылы АDL) судағы фенол құрамы
20.0 мгкл төмендегені жайы жазылған. 1996 жылы Каспийдің солтүстік-шығыс
бөлігінде зерттеу жұмыстарын жасағанда (АГРА 1997) судағы фенол құрамы
20.0. мгкл аспағаны дәлелденді.
Ауыр металдармен ластануы. Каспийдің теңіз ортасын өзге заттармен
қатар оларды ластаушы ауыр, ауыспалы металдарда ерекше орын алады. Металдар
әртүрлі жағдайда әсер етеді және қоршаған ортаға орасан зор зиянын тигізеді
(химиялық, биологиялық, физикалық). Микроэлемент ретінде балық пен басқада
гидробионттарға олардың өміріне үлкен әсерін тигізеді. Биохимиялық
процесстерге қатыстатын дәрумендік гармондар, ферменттер құрамына енеді.
Бұлардың бәрі өз кезегінде балықтың организімінен орын алады (1952жыл
Виноградов ; 1960 жыл Войнар; 1974 жыл Ковальский). Бірақ суда көп
болғандықтан белоктарды реттейді, антибиотик секілді ықпал ететін жағдайда
болып олардың генетикалық өгерістерін туғызады.
СУ. Қазіргі уақыттағы алынған анализдердің негізіне сүйенсек Шығыс
Каспий (1996 жыл АГРА) ауыр және ауыспалы металдардың судағы концентрациясы
көбіне мыс, цинк және барий болып келеді. Бұл элементтердің судағы
көрсеткіші мыс, барий, цинктің 20 мгкл жетсе (ПДК- 10 мгкл) және барий
50 мгкл. Ал қалған элементтер аз мөлшерде кездеседі: мышяк және хром- 6
аспайды ; свинец, ванадий, никель – 10 аспайды; кадмий- 1,5; сынап- 0,1
мгкл . Бұл балық шаруашылығының ПДК аспайтын мөлшер.
Косарев пен Яблонская (1994) Каспий теңізінің солтүстік бөлігіне
қатысты мынандай мәліметтерді келтіреді: мыс- 7 мгкл, цинк-22 мгкл,
свинец-1,3 мгкл, кадмий-0,5 мгкл. Қазіргі уақытта мыстың көрсеткіші
өскен болса, цинктің көрсеткіші сол қалпында қалған.
Англия суларымен көрші теңіздердің (1995 жыл Lasiett) металлдардың
концентрациясы мынандай жағдайда : цинк- 25; мыс- 4,7; кадмий — 0,13,
свинец — 1.1; никель — 9,4 мгкл. Каспий теңізіндегі көрсеткіштермен
салыстырғанда кейбір металдардың құрамы өте жоғары екендігін байқаймыз.
Грунттар. Ауыр және ауыспалы метталдардың Каспий теңізінде көптеп
кездесуі бірнеше себептермен байланысты болып табылады.
Грунтың өз салмағындағы орташа көрсеткіші (1996 жыл АГРО) теңіздің
солтүстік-шығыс аумағындағы құрамы мынандай :
Мырыш 2.0-2.8 (орташа 8) ;
Мыс 1.0-15 (орташа 4.0) ;
Кадмий 0.02-0.34 (орташа 0.073 ) ;
Қорғасын 2.0- 8.0 (орташа 3.0 ) ;
Хром 4.0- 27.0 (орташа 10.0 ) ;
Барий 32.0-140.0 (орташа 70.0) ;
Ванадий 5.0-32.0 (орташа 13.0) ;
Сынап 0.005-0.075 (орташа 0.019) ;
Темір 1032.0-12100.0 мгкг (орташа 3995.0 мгкг).
Мышяк (күшәла) концентрациясының орташа көрсеткіші сезімтал
әдістемедан төмен емес ( 10.0 мгкг).
ІІ Тарау. Су ресурстарын қорғау мен оларды пайдалану мәселелерін
халықаралық – құқықтық реттеу
2.1 Су ресурстарын қорғау мен оларды пайдаланудың халықаралық – құқықтық
аспектісі
Халықаралық құқық әлемде туындаған су проблемасын шешуде маңызды рөл
атқарады. Жыл сайынғы халық санының өсуі, индустриялық даму, ұлттық және
аймақтық деңгейдегі су қорының азаюы табиғи ресурстардың ішіндегі су
ресурстарының маңыздылығы мұнаймен салыстырғанда артады. Әлемдегі 26 елде
300 млн шамасындағы адамдардың су тапшылығынан зардап шегуі су тапшылығының
өсу қарқының көрсетеді. П.Уотерестің мәліметі бойынша ғаламдық су
тапшылығындағы өрлеу элементтерін байқауға болады [5]. Бұл процесс
мемлекетті шекара тасмалындағы су объектілерімен су ресурстарын қорғау және
пайдалануда ынтымақтастыққа көңіл аударады.
Су ресурстарын және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық
және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау, жер үсті суларының
ластаруын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ жануарлар мен
өсімдіктер дүниесін сақтау үшін ерекше пайдалану шарттары бар су ларды
қорғау аймақтары мен белдеулері белігіленеді.
Су объектілерінің сапалық жай-күйін нашарлататын және пайдаланылуын
қиындататын заттардың немесе ластанушы нәрселердің су объектілеріне
тасталуы немесе өзге де тісілмен түсуі су обектілерінің ластануы деп
танылады.
Су объектілерін, диффузизиялық (жер беті мен ауа арқылы ластану) қоса
алғанда, ластанудың барлық түрінен қорғау жүзеге асырылады.
Су обектілерін ластанудан қорғау мақсатында:
— су объектілерінің су жинау алаңында улы химикаттарды, тыңайтқыштарды
қолдануға тыйым салынады. Су объектілерінің су жинау алаңы мен санитарлық
қорғау аймағында дезинфекциялық, дезинсекциялық іс-шаралар халы0ты4
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен
келісім бойынша жүргізіледі.
— радиоактивті және уытты заттарды су объектілеріне тастауға және
көмуге.
— тазарту құрылыстары жоқ және нормативтерге сәйке тиімді тазартуды
қамтамасыз етпейтін өнеркәсіп, тамақ объектілерінің ағынды суларын су
объектілеріне ағызуға.
— су объектілерінде радиоактивті және уытты затар бөлінуі қоса жүретін
технологиялардың ядролық және өзге де түрлері пайдаланылатын жарылыс
жұмыстарын жүргізуге,.
— су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында халықтың
денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін техника мен
технологиялардың қолданылуына тыйым салынады.
Су қорларын қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықты
пайдалану режимін жергілікті атқарушы органдар су қорларын пайдалану және
қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша, халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы уәкілетті органмен, оршаған ортаны қорғау
саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқар
жөніндегі орталық уәкәлетті органмен, ал сел қаупі бар аймақтарда
бекітілген жобалау құжаттамасының негізінде белгіленеді.
Су — табиғатта таралған ең маңызды сұйықтық. Сусыз жер бетіндегі
тіршіліктің, адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің дамуы мүмкін емес. Жер
бетіндегі судың жалпы қоры шамамен 1,5 млрд.км.кубты құрайды. Әр адамға
шаққанда 0,25 км.куб. судан астам [6]. Гидросфераның қамтамасыз етілу
объектісіне қарамастан пайдалануға жарамды су өте аз. Пайдалануға жарамды
судың тек қана 2,53% тұщы суды құрайды. Оның тұрғындарға шаққандағы
пайдаланылу деңгейі қысқартылады. Осы көрсеткіштердің шамадан екіден үш
бөлігі тұщы судың қоймалары – мұздықтар, олар 16 млн. км.кв алаңды алады,
яғни 11% құрғақшылық. Тұщы су жердің бетінде жақын орналасқан, жердің 60%
құрғақшылықпен шөлді және жартылай шөлді болып келеді. Бұл аудандардың
тұрғындары ауыз судың тапшылығын көруде. Су тапшылығы тұрғылықты халықтың
көбеюімен, өнеркәсіп орындарының жылдам қарқынмен дамып, өсуімен және
суармалы алқаптардың көбеюімен ұлғаюда. Әлеуметтік — экономикалық дамуда
су ресурстарын қорғау және пайдалану маңызды факторлардың бірі болып
табылады.
Суды пайдалану ортақ, арнайы, оқшау, бірлескен, бастапқы, қайталама,
тұрақты және уақытша болып бөлінеді.
Ортақ суды пайдалану құқығы адамзат үшін туған кезден бастап
туындайды және қандай жағдайда болмасын оны одан айыруға болмайды. Оны
пайдалану халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін су объектілері
жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекітіліп берілмей және судың жай-
күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай
жүзеге асырылады. Ортақ суды пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат
талап етілмейді. Экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық қауіпсіздігі мақсатында ортақ су пайдалану шектеуі немесе
оған тыйым салынуы мүмкін.
Арнайы су пайдалану құқығы заңдарда белгілеген тәртіппен берілген
лицензия немесе рқөсат алынған кезден бастап туындайды. Халықтың ауыз су
және коммуналдық-тұрмыстық қажеттерін, ауыл шаруашылығының және көліктің
суға деген қажеттерін қанағаттандыру үшін, сондай-ақ өнеркәсіп, коммуналдық-
тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды жер үсті су объектілеріне
ағызу үшін құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды су объектісінен алып
немесе алмай қолдана отырып су объектісінен жер үсті және жер асты су
ресурстарын тікелей пайдалануға жатады
Оқшау су пайдалану құқығы су субъектілерін немесе олардың бір бөлігін
бір жеке немесе заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде туындайды. Оны
пайдалануға берілген су объектілерінде белгілі бір аймақтардың жергілікті
өкілді органдары белгілеген шарттармен ортақ су пайдалануға рұқсат етіледі.
Бірлесіп су пайдалану құқығы су объектілерін немесе олардың бір
бөлігін бірнеше жеке және заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде туындайды.
Бірлесіп су пайдалану кезінде бірінші кезекте халықты ауфз сумен
жабдықтаумен айналысатын су пайдаланушылардың мүдделері, сондай-ақ су
аяғында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделері қанағаттандырылады.
Өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су
пайдаланушыларға жеткізу үшін тікелей су объектілерінен су алуды жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануя бастапқы су пайдалану
болып табылады. Оны пайдаланушыдан шарт негізінде су алатын жеке және заңды
тұлғалардың су пайдалануы қайталама су пайдалану болып табылады. Қайталама
су пайдалануға арналған шартта су беру мақсаты және оны пайдаланудың
негізгі талаптары көрсетіліп, бастапқы су пайдаланушы үшін белгіленген
лимит шегінде қайталама су пайдаланушыға кесте бойынша су беруге кепілдік
беріледі.
Су қорларын тұрақты қорғау және пайдалану стратегиясы су
шаруашылығының барлық обектілеріне және құрылымдарына қызмет ету, оларды
қаржыландыру, авариялық жағдайын қамтамасыз ету негізінде жүргізіледі.
Белгілі бір бассейінде су ресурстарын қолданудың және реттеудің жалпы
ережелері су ресурстарын территориялық алдын ала бөлу және өзен тасқындарын
реттеу жұмыстары арқылы реттеледі. Негізінде бассейінді су шаруашылығының
саясаты су шаруашылығының орналасқан жерінен және оның объектісінен,
сондай–ақ суды тұтынушылармен оны пайдаланушылардан тәуелсіз. Су
ресурстарын тиімді және оңтайлы пайдалану су ресурстарын барлық деңгейде
басқару стратегиясымен анықталады.
Рио-де-Жанейрода өткен бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау
саммитінде су ресурстарын реттеу стратегиясына қатысты принциптік жағдай
тұжырымдалған. Тұщы судың сапасының сақталуы және сол арқылы жабдықталу.
Су ресурстарын меңгеруге орай комплексті көзқарас қолдану делінген 18
бөлімде, тұщы суға қатысты бағдарламаға стратегиялық ұсыныстар жасалған:
• Су ресурстарын тиімі және оңтайлы пайдалану кешенің меңгеру;
• Су ресурстарын бағалау;
• Ас суымен жабдықтау және санитарлық қадағалау жүргізу;
• Судың және қаланың тұрақты дамуы;
• Судың және өнеркәсіп орындарымен аудандардың дамуы;
• Климат өзгеруінің су ресурстарына ықпал етуі.
Олардың басшылығына су ресурстарын басқару саласында ұлттық және
аумақтық нақты және байыпты жоспар дайындау берілген [7].
Су ресурстарын басқару жағдайындағы ұйымдастырушылық қатынастардың
әр түрлі деңгейлерін бөліп көрсетуге болады. Олар: халықаралық (аймақтық),
ұлттық, қоғамдық, жеке және практикалық қызмет деңгейі.
Су реустарын халықаралық (аймақтық) деңгейде басқарудың мақсаты
бірдей су ресурстарын қолдануды көздеген әлем елдері арасында дүниежүзілік
ынтымақтастыққа қол жеткізу болып табылады. Ал, оның негізгі міндеті су
сапасын қорғау және оны талқылау, кеңес беру т.б. болып табылады. Көңіл
аударалық маңызды жайттар қатарына су тасқындарының, құрғақшылықтың болуын
болжау, су ресурстарын жақсарту және басқару жағдайы, тұщы суға қатысты
баламалы дерек көздерін іздестіру жатады. Үлттық деңгейде су ресурстарын
басқару су шаруашылығына қатысты ұлттық және аймақтық мәні бар жобалардың
дүниеге келуіне әсер етеді.
Қоғамдық деңгейде су ресурстарын басқару түзетулер енгізудегі
мемлекет тарпындағы барлық су ресурстарын мазмұнды пайдалануда жүзеге
асырылады.
Жеке деңгейде су ресурстарын басқару суды пайдалану ассоцациясының
және жеке тұлғалардың иелігіндегі су шаруашылығының объектілерін қамтиды.
Практикалық қызмет деңгейінде суды үнемдеу, су жинаушылық
технологиясын меңгеру, ащы суды тазарту және су ресурстарының ластануын
алдын алу мәселелері шешілуі қажет.
Халықаралық құқық саласында су ресурстарын қорғау Қазақстан
Республикасының заңшығарушылық нормаларында маңызды орынға ие. Су
ресурстарының жетіспеушілігі, сұраныстың өсуі дүние жүзі елдерінің арасында
саяси және құқықтық негіздегі шарттық қақтығыстарға алып келеді. Оларды
алдын алу үшін құқықтық механизмен халықаралық ынтымақтастықты нығайту
қажет. Шекара тасымалын қорғау және бірлескен басқару жұмыстары бір өзендік
бассейінде орналасқан елдердің экономикалық және саяси көзқарастарына
сәйкес келмеуіне байланысты халықаралық маңызды проблемалардың бірі болып
табылады. Халықаралық су ағымына қатысты құқықтық және экономикалық
аспектілер негізіндегі аймақтық ынтымақтастық ұстанымының бірлесуі
бірлескен бассейіндік комиссиямен комитеттің екі және көпжақты
ынтымақтастық тәжірибесінде халықаралық нормаларға негізделген елдер
арсындағы саяси байланысты қажет ететін ұзақ процесс.
Халықаралық заңшығарушылықта шекара тасымалындағы су ресурстарын
пайдалану маңызды проблемалардың бірі болып табылады, сондықтан бұл
мәселеге көп көңіл аударылуы қажет.
Шекара тасымалындағы су ағымдары мен халықаралық көлдерді пайдалану
және оларды қорғау жөніндегі 1992 жылғы қабылданған Конвенциямен [8] Нью-
Йорк қаласында 1997 жылы қабылданған халықаралық су ағымдарының түрлерін
пайдалану жөніндегі Конвенцияларда су ағымдарының шекара тасымалы, кейін
шекара тасымалындағы сулар ұғымы қолданыла бастады. Осыған орай су
ағымы ұғымы біртұтас жалпы қорытындысы бар физикалық байланыстағы ащы
сулар жүйесін білдіреді. Ал халықаралық су ағымы бір бөлігі өзге елдерде
орналасқан су ағымдарын білдіреді. Қазақстандық су объектісі ұғымы
шекара тасымалындағы сулар ұғымы білдіретін екі сондай-ақ бірнеше
шекараны басып өтетін немесе сондай шекарада орналасқан жер үсті немесе жер
асты сулар ұғымына жақын. Мысалы, Ресей Федерациясындағы трансшекаралық
су теңіздерге құйғанда кіші су жағалауларында орналасқан жерлердегі
трансшекаралық сулар ағып өтетін нүктеде түзу сықпен шектеледі.
Халықаралық су құқығы шеңберінде су мәселесін шешуге бірнеше тұрғыда
талпыныс жасау көзделген. Олардың бірі әр елдің толық егемендігін
мойындауда оның территориясында ағып жатқан өзендердің бір бірімен
байланысы түйінделеді, яғни сол өзен алқабы ағып жатқан басқа елдер осы
елдің шекарасындағы өзенді пайдалануға құқығы жоқ. Өзен ағып жатқан
территорияға, яғни сол елге ғана тиесілі болады. Бұл көзқарас төменгі ағыс
елдерін суды пайдалануда жоғарғы ағыс елдерімен теңестіреді, Келесі
көзқарас негізінде су көздерін тең бөлу қағидасы жатыр. Бұл көзқарас
бойынша өзен алқабы ағып жатқан әр ел егемендік құқық құрметінен лайықты.
Сондықтан суды пайдаланудың қолайы мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін суды
қолдану есептелген пропорция бойынша шектеледі.
Су ресурстары және суды қолдануды құру шарттары әр халықаралық өзен
алқаптарында әртүрлі. Сондықтан әкімшіліктендіру тәжірибесінде бір алқаптан
екінші алқапқа көшіру әр кезеңде қолайлы болып табылмайды. Дегенмен
эконоикалық және табиғи құқықтық шарттар негізінде су ресурстарын басқару
саясатына негіз бола алатын халақаралық конвенциядағ резалюциялық
кепілдемелерде халықаралық үйым хаттамаларында көрсетілген бірқатар ортақ
қағидалар бар. Мемлекет су ресурстарын ұлттық шекара шеңберінде барынша мол
қолдануға мүдделі болғандықтан шекаралық су ресурстарын пайдалану
мәселелері бойынша мемлекет аралық қатынаста суды қолдану түрлерін екі
жақты келісімге отыру арқыл шешеді. Осы жағдайға байланысты Т,Г,Колиниченко
мынандай мысал келтіреді: 1964 жылдың 17 шілдесіндегі ССР мен Поляк халық
республикасы арасындағы келісімде су және ғылыми техникалық қызмет
аймағындағы су шаруашылығының ынтымақтастығы қаралды [9].
Бұл келісім ынтымақтастықтың келесі түрлерін көрсетіп берді: су
ресурстарын комплексті пайдалану үшін шекаралық сулармен олардың
гидротехникалық жүйесін құруды реттеу, ауыл шаруашылығын сумен қамтамсыз
ету және суды миллерациялау, түрғындар … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz