Этил спирті формуласы. Этил спиртін алу
Этил спирті деп формуласы C2H5OH болатын спирт. Осы спирттің басқа аты этанол. Немесе бұны жай ғана спирт деп те атайды.
Бұл өндірісте зор қолдыныс тапқан органикалық зат. Этил спирті антифриздерде (суықта қатпайтын сұйықтар), тамақты консервілеуде, арақ-шараптардың құрамында, дезинфекциялық зат тағы сол сияқты бағыттарда қолданылады.
Этил спирті формуласы
Этил спирті формуласы мынандай C2H5OH, бұл осы спирттің молекуласындағы атомдар санын көрсететің формула. Бұл спирттің молекулаларындағы атомдардың байланысы мынандай:
Этил спиртін алу
Этанолды немесе этил спиртін алу екі негізгі жолмен жүзеге асады — ашу, бозу жолымен және этиленнің гидратациясын пайдаланып.
Ашу, бозу арақ-шараптарды жасау үшін қолданылады. Мысалы жүзім ашыса шарап пайда болады. Ал орыстардың ақ арағы бидайдың ашығанында пайда болады. Сыра да осы жолмен жасалады.
Этиленнің гидратациясы дегеніміз мынандай химиялық реакция:
CH2=CH2 (этилен) + H2O (су) → C2H5OH (этил спирті)
Пән: Химия