Ашық есік күніне орай жасалған сабақ жоспары «Канзаши өнері»

0
225



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Ашық есік күніне орай жасалған сабақ жоспары «Канзаши өнері»

Автор: Калуллина Анар Рахатовна

Бағыты: Технология Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 7 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-24


Материал туралы қысқаша түсінік

Бұл материал 5-7 сынып оқушыларына және қатысушы қонақтарға арналған шеберлік сынып жоспары.Сонымен қатар технолгия, көрке еңбек мұғалімдеріне, үйірме жетекшілеріне көмегі орасан зор. Бұл қолөнер бұйымы тоңазытқыштарға жапсыратын сәндік бұйым.Туыстарына сыйға тартуға болады, Бұл қолөнер туындысы қарапайым таспалармен ыстық желім арқылы, фоамиран материалдарын және моншақтарды қолдану арқылы жасап безендіреді.




Сабақтың тақырыбы: «Канзаши әдісімен балмұздақ жасау».Сарамандық жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Қатысушы ұстаздарға, қонақтарға іс – тәжірибе алмасу бағытында сәндік элементтер туралы толық мағлұмат бере отырып , «канзаши» жасау жолдарын көрсету, бұйымды дайындап жасау технологиясын көрсету. .Білімділік: Қатысушыларға толық түсінік бере отырып,бұйымның жасалу жолдарын меңгерту.Дамытушылық: Қатысушы педагогтардың шеберлігін, қызығушылығын,Алған білімдерін практикада толық пайдалана білу дағдысын дамыту.

Көрнекілік: Бұйымның нұсқау картасы, дайын бұйым түрлері.

Құрал-жабдықтар: ақпа тоқ клей, оттық (май шам ), ине, жіп,атлас таспа түрлері,қайшы.Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.1.Қауіпсіздік ережесімен таныстыру.2.Сарамандық жұмыс.3.Жұмыс орнын жинастыру.

Негізгі бөлім:

«Канзаши» негізінен жапон халқынның ақ сүйек ханымдары шаш әшекейлеу үшін жасаған. Негізгі шыққан отаны Жапон елі. Бұл бұйымның түрлері өте көп. Бұл бұйымның жасалу техникасы өте қарапайым. Атлас таспасынан жасалатын бұл жұмыс негізінен сәндік – қолданбалы өнерге жатады.Ең алдымен қауіпсіздік ережесін есімізге түсірейік.1.Қайшымен жұмыс жасағанда абай бол, қайшыны үш жағымен екінші адамға берме.2.Инені аузыңа салма.3.Оттықты жаққанда абай бол,оттықтың астына шыны ыдыс қой.4.Жанып тұрған оттыққа қатты жақындама,қолыңда сермеп ,оттық үстімен басқа затты алма.5.Тоқпен жұмыс кезінде,су қолмен розетка, басқа да заттарды ұстама.

Жұмыс барысының орындалуы;Қатысушы педагогтарды 3-4 топқа бөліп отырғызып,жұмыс орнын ұйымдастырамыз.Нұсқау картасы бойынша толық жұмысқа кірісеміз.

  • Ені 5см , ұзындығы 10см болатын таспаның сарғыш түсінен қиып аламыз.
  • Дәл осы өлшеммен 5 бөлік өз таңдаған түсімізден қиямыз.
  • Фатин матасынанда 10см ұзындықта қиямыз.
  • 5 бөлік лентаның ортасын тауып, түйреуішпен қадап қоямыз.
  • Таспаның оң қол жақ бұрышын оң жағын ішіне қаратып, бір жақ ұшы түйреуішке жеткенше төменгі бұрышынан бастап шиыршықтап ораймыз. Желімдейміз.
  • Таспаларды оралған бұрыштарына кезектестіре қойып түйреуішпен қадаймыз.
  • Таспаның 2-оралмаған шетін бәрін қабаттап ішке қаратып орап, желімдейді.
  • Шиыршықталған шетін кезектестіріп желімдеп, балмұздақ формасына келтіреміз.
  • Сарғыш түсті таспа мен фатинді қабаттап орап, кулек жасап, балмұздағымызды орналастырамыз.
  • Фоамираннан шоколад, моншақтардан жидектер және бисерден сепкіш ретінде безендіріп, аяқтаймыз.

Жіберілген қателермен жұмыс жасаймыз. Өзара жасаған жұмыстарын салыстырады. Қорытындылау.

>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.