Эссе «Асыл анам»

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Эссе «Асыл анам»

Автор: Қасенова Нұрай Алмасқызы

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Эссе, шығарма, мазмұндама Сыныбы: 4 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-21


Материал туралы қысқаша түсінік

оқушыларға арналған




«Асыл анам» «Сен жалықпай жетектеп, Мен жаттыға жетермін.Айтқанынды екі етпей,Ақ сүтіңді өтермін».Ғали Орманов

Егер ана болмаса біз осы жарқын дүниенің мүшесі атанар ма едік??? Адамның шыр етіп дүниещге келген күннен бастап, ана ең жоғарғы орында тұрады.Менде де аяулы да ардақты , еркелетіп-мәпелейтін,жаным-күнім, айым дейтін анашым бар. Мейірімділік,сыпайлылық, жауапкершілік, сенімділік т.б өмірдегі ең жақсы қасиеттердің барлығы менің анамның бойынан табылады. Ана ! Ана! Ана! Осы сөзде қандай терең мағына бар. Сен қуанғанда өзінмен бірге қуанатын, қиналғанда арқа сүйер тірек болатын, ауырғанда түн ұйқысын төрт бөліп жанында отыратын нәзік жан. «Ата көрген –оқ жонар, ана көрген тоң пішер» ,- деген мақалдың өзінде терең мағына бар.Менің анам маған өз білгенін, өнерін, білімін менің бойыма сіңіріп, үйретіп, баулуға тырысады. Анамның жанында жүріп күннен күнге өзімді жан-жақты дамытуға тырысамын.Білімімді шыңдап, шығармашылық саламды жетілдіріп , оқуда озат болуға, тек биік белестерден көріне берсем деп армандаймын. Анашым –ұстаз болып қызмет атқарады. Үйдегі үш баланы қана тәрбиелеп қоймай, мектептегі 125 оқушының бойына білім нәрін сусындатып жүрген жан. Ана болмаса біз осы жарқын дүниенің мүшесі аталмас едік деп осы сауалға нақты жауап бере аламын. «Біліп тұрсын,жан анам,Міндеті үлкен ботаңнын.Күтері сол баладан Ана менен Отанның» ,- деген өлең жолдарымен өзімнің шағын эссемді аяқтағым келеді.

Жазған : 4 «А» сынып оқушысы Касенова Нұрай

>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.