Home Білім Эпидидимография туралы мәлімет | туралы қазақша

Эпидидимография туралы мәлімет | туралы қазақша

0
60

Эпидидимография — ен сағағын рентгенологиялық зерттеу әдісі. Ол контрасттық затты ен сағағына  ретроградты түрде, урық әкетуші жолды пункциялау арқылы енгізіп, одан соң рентгенографиялауға негізделген. Эпидидимография ен сағағының бірқатар ауруларының диагнозын нақтылауға мүмкіндік береді, ол аурулар: орхоэпидидимит, сағақ кистасы, еннің және ен сағағының туберкулездік және спецификалық емес абцестері, ісіктері және т.б. Бұған қоса эпидидимография бірқатар жағдайларда стерильділіктің себептерін анықтауға мүмкіндік береді.

Жергілікті новокаиндік анестезиямен ұманың жоғарғы бөлігінде ұзындығы 1—2 см шағын тілік жасап, 2 см үзындықта ұрық әкетуші жолды шығарып алады. Жолды жібек ұстағышқа алып оған сағаққа бағыттап ине сұғады. Ине бойымен жолға 0,3-0,5 мл 50% сергозин не трийотраст ертіндісін ақырындап кұяды, мұнымен қатар сипау арқылы сағаққа жеңіл массаж жасайды. Осыдан соң әртүрлі проекцияда 2-3 сурет түсіреді. Егер сағақ тұзақтары контраст затка жеткілікті толмаған болып шықса, 0,2-0,3 мл мөлшерінде контраст затты қосымша енгізеді; осының арқасында рентгенограммада ен сағағы кұрылымының айқын бейнесін алуға болады. Контрасттық сұйықтың көрсетілген мөлшері ен сағағы өзекшелерін жыртып жібере алмайды. Эпидидимографияны везикулографиямен ұштастыру өте пайдалы деп есептеу керек, өйткені ен сағағы мен ұрық қуықшасыньң бір мезгілде зақымдалуы өте жиі кездеседі. Егер везикулографияны бір мезгілде жүргізу қажет болса ұрық әкетуші жолға сұғылған инені ұрық қуықшасы жағына бағыттайды да, ине бойымен 2—4 мл контраст зат енгізеді.

Эпидидкмография кезінде ен сағағынын неғұрлым контрасты бейнесің алу үшін кейбір урологтар пневмоскротумды қолданады. Бұл мақсатпен ұманың тиісті жартысының терісі астына 10 мл оттегін енгізеді.

#Эпидидимография #туралы #мәлімет