ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ СЕЗІМ презентация онлайн
ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ СЕЗІМ
2. ЖОСПАР:
1. Сезім жөнінде түсінік;
2. Сезімнің түрлері;
3. Сезімнің пайда болу себептері;
4. Сезімнің негізгі ерекшеліктері;
5. Сезімнің қызметі;
6. Эмоция;
7. Эмоцияның түрлері;
8. Эмоция мен сезім арасындағы
айырмашылықтар;
9. Қорытынды;
3. Сезім жөнінде түсінік
Сезiм — бұл адамның қоршаған болмыс заттары жəне
құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған əрқилы
формада көрiнiс беретiнтолғаныс, күйзелiстерi. Адам
сезiмi тiршiлiк үшiн керектi де пайдалы қасиет.
Толғаныссыз өмiр — өшкен өмiр. Ұлы ғұлама Ə. Науаи
«Сезiмсiз адам — кесек, махаббатсыз адам – есек», — деген
екен. Көп сезiмдерге адамның өзi құштар. Егер сол
сезiмдер қандай да себептермен болмай қалса, адам
«эмоциялық ашырқауға» келiп, оның орнын толтыру үшiн
əн-күй тыңдайды, əсерлi фильмдер көрiп не қым-қиғаш
оқиғалы кiтаптар оқиды.
4.
5. Сезімнің түрлері
Субьектив толғаныстарға байланысты сезімдер 2 топқа
бөлінеді:
тiршiлiк қажеттiлiктердi
қанағаттандырып, рахатқа
бөлеушi ұнамды сезiмдер
тiршiлiк қажеттiлiктердiң
орындалмауынан қанағаттанбау
кейпiне түсiретiн жағымсыз
сезiмдер
6.
Орындалып жатқан адам қажеттiлiктерiнiң
деңгейiне орай сезiмдер
қарапайым
қарапайым
күрделі
ашу
моральдік
күрделі
уайым
қызғаныш
Эстетикалық
отан
сүйгіштік
7. Жоғары деңгейдегі сезімдер
Жоғары деңгейдегі сезімдер тек адамға ғана тән:
Ақыл-ой сезiмi адамның таным əрекетiмен байланысты. Сезiмнiң бұл түрi балалардың оқып бiлiм алуға, ересектердiң өз қызметiне, шығармашылық пен
өнерге деген көңiл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезiмi
ең алдыментаңданудан басталады.
Эстетикалық сезiм — объектив шындықты бейнелеп, оның əсемдiгi мен сұлулығын,
жарасымдылығы мен сенiм-дiлiгiн қабылдап, оған əсерленудегi көңiл-күй.
Əсемдiктiқабылдап, оған сүйсiну, лəззаттанып, рухани күшiн арттыру сезiмi — адамның
өмiр тiршiлiгiнде бiртiндеп қалыптасатын жағдай. Əсемдiктi қабылдау туа пайда
болмайды.
Адамгершiлiк-моральдық сезiмдер қоғам талабына орай адамның өз мiнезiнiң
лайық не лайық еместiгiн сезiнген көңiл-күйiн бiлдiредi. Адамгершiлiк сезiмi моральдық
сезiм деп те айтылады. «Мораль» — «морале» деген француз сөзi. Мағынасы адамгершiлiк. Адамгершiлiк сезiм қоғамның тарихи дамуына байланысты.
8. Сезімнің пайда болу себептері
Сезімнің негізгі пайда болу себептеріне мыналар жатады:
1. адамның объектiге қатынасын айқындайтын қажеттiлiктер;
2. адамның осы нысанның тиiстi қасиеттерiн түсiнiп, оны санада
бейнелеу қабiлеті.
Объектив жəне субъектив жағдайлардың өзара байланысынан
адамның қоршаған дүниеге саналы баға беруiмен қатар жеке
эмоционал көз-қарасының себептерi ашылады. Сезiмдердiң өзiндiк
ерекшелiгi олардың қарама-қарсылықты сипатынан көрiнедi
9. Сезімнің негізгі ерекшеліктері
Сезiмдердiң өзiндік ерекшелiгi олардың қарама-қарсылықты сипатынан
көрiнедi. Мұндай сипат қарапайым əсерленуге де (рахаттану-қысылу), сондайақ күрделi толғаныстарға да (ұнату-жеккөру, қуаныш-мұң, көңiлдi-қайғылы т.б.)
тəн.
Сезiмдерге ғана тəн аса маңызды сипат — олардың бiрiгiмдi (интегралды)
келуi. Сезiм бүкiл дененi билеп, адам кейпiн ерекше əсерге бөлейдi. Барша дене
қызметтерiнiң басын бiр сəтте бiрiктiрумен сезiм өздiгiнен организмге пайдалы
не зиян əсердiң хабаршы қызметiн атқарады. Сезiмдiк сигнал əсер орны мен
дененiң жауап əрекетi айқындалмай жатып та санаға жетуi мүмкiн.
Сезiмдердiң жəне бiр маңызды ерекшелiгi — олардың денедегi тiршiлiк
әрекеттермен тiкелей байланыста болуы. Сезiм ықпалынан адамның iшкi тəн
қызметi өзгерiске түседi: қан айналымы, дем алыс, ас қорыту, iшкi жəне сыртқы
секреция бездерi. Шектен тыс ұзақ уақыт жəне қарқынды болған көңiл-күй
толғаныстары организмдi сырқатқа шалдықтырады: қорқыныш — жүрек
ауруларына соқтырып, ашу — бауырды, жабырқау мен мұң — асқазанды бұзады
10. Сезімнің қызметтері
Адам сезiмдерi ұзаққа созылған
филогенетикалық даму тарихына
байланысты
көптеген ерекше сипаттағы мынадай
қызметтердi атқаратын болды:
бейнелеу қызметi
ниеттеу немесе
ынталандыру
қуаттау, қолдау
қызметi
ауысу қызметi
икемдесу қызметi
коммуникативтік
11. Эмоция
Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың
сыртқы жəне ішкі тітіркендіргіштер əсеріне реакциясы; қоршаған ортамен
қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Эмоция организмнің əр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды
эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның
жоғары əлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция.
Эмоция жоғары түрі адамның іс-əрекетінің өнімді болуына мүмкіндік
туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік жəне т.б. эмоциялар жатады.
Жағымсыз эмоция адамның іс-əрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға
қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену жəне т.с.с. эмоциялар
жатады.
12.
13.
ЭМОЦИЯ
ІС-ӘРЕКЕТКЕ ЫҚПАЛ ЖАСАУ ТҰРҒЫСЫНАН
СТЕНИКАЛЫҚ
Жауапкершілік
Жолдастық
Достық
Айбаттылық
АСТЕНИКАЛЫҚ
Уайым
Енжарлық
Көңілсіздік
14. Эмоция тудыратын стрестің пайда болу ағымында биологиялық танымдықтың 3 буыны болатыны белгілі болды:
Күйзеліс тудыратын бағалар; күйзелістің анық қаталдығы, онша
үлкен мөлшерде болмағанымен проблема оны өз еліне, біліміне жəне
түсінігіне қарай бағалануында;
Оқиғаның өзіне немесе оның бағасына деген физиологиялықбиохимиялық жəне биологиялық жауабы. Адренологиялықбиохимиялық əсер етеді;
Алдағы уақытта күйзелісті болдырмайтын, оның неше түрлі
себептерін жоюға арналған іс-əрекет (мінез-құлық)
15.
ЭМОЦИЯ МЕН СЕЗІМ АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР
ЭМОЦИЯЛАР
СЕЗІМДЕР
1. Эмоция адамның түрлі органикалық
қажеттеріне туып отыратын қысқа
ситуациялы көңіл күйі адам қуанғаннан,
қамыққаннан көзіне жас алса не болмаса
бір нəрсеге мəз болса, мұндай жағдайдың
ұзаққа созылмайтыны белгілі.
1. Сезімдер – адамдардың бір-бірімен
қарым-қатынас жасау қажетінен туатын
жəне біртіндеп дамып отыратын бір
сыдырғы тұрақты процесс.
2. Эмоция мəнерлі қозғалыстардан көбірек
байқалады. Мұнда адам өзін тек организм
тұрғысынан көре алады.
2. Сезімдерде мəнерлі қозғалыстар жөнді
байқалмайды. Тұрақты, терең əсерлі сезім
жеке адам психологиясының басты
белгілерінің бірі.
3. Эмоциялардың қызметін лимби жүйесі
мен гипоталамус бөлігі басқарып отырады.
3. Сезім ми қабығының жұмысынан, атап
айтқанда динамикалық стереотиптердің
əркез жасалып өзгеріп отыруынан жақсы
көрінеді.
4. Эмоциялар жануарларда да кездеседі.
Жануарлар эмоциясы биологиялық
сипаттағы реакциялардың жиынтығы.
Адам сезімдеріне лайықты көріністер
жануарлар психикасында кездеспейді
4. Адамдардың эмоциялары мен сезімдері
қоғамдық-тарихи сипатта болып отырады
16. Қорытынды
Сезімдерде мəнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды, тұрақты терең əсерлі сезім адам
психологиясындағы басты белгілердің бірі, ал эмоция болса мəнерлі қозғалыстарға бай келеді, мұyда
адам өзін тек организм тұрғысынан көрсете алады. Жоғары сезімдердің қалыптасуына, адамның өскен
ортасы, отбасы, ұжымы елеулі əсер етеді, өсіресе халқымыз айтқандай «Сөз сүйектен өтеді …» т.б.
мəтелдері сезімді тəрбиелеу қажет екеніне дəлел болады. Осы тұрғыдан алғанда, сезім ми қабығының
жұмысынан, ондағы динамикалық стереотип жасалып отыратындығынан тəуелді. Ал, эмоцияға келсек,
мұның физиологиялық негізі ретикулярлық формацияның лимби жүйесінің, соңдай-ақ, ондағы
гипоталамус бөлігінің (дененің зат алмасуы, температурасын реттестіретін жүйке) орталығымен
ұштастырамыз. Мəселен, осы жүйке қызметінің орталықтарына зақым келсе, адам тойғанын білмейтін,
немесе шөлі қанбайтын жағдайға ұшырайды. Бұл жерде де сезімдер мен эмоцияның бір-бірінен
айырмашылығы байқалады. Адамның сезімдері ылғи да қоғамдық-тарихи сипатта болады. Мəселен,
адамның адамгершілік сезімдері қоғамдағы өзгелерге байланысты өзгеріп отыратыны белгілі. Сезім —
адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын
білдіретін жəне оларды бейнелейтін психикалық үрдіс. Сезімінің психикалық үрдіс екендігін білдіретін
тағы бір ерекшелігі — оның адам көңіл-күйіне байланысты əрбір үрдіске белгілі бір түрде рең беріп
тұратындығы.. Сезім мен эмоцияның адам іс-əрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды əсер етуі стеникалық —
күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс əсер етуі астеникалық — əлсіз, жағымсыз сезім тудырады.
Адам сезімінің қайнар бұлағы — бізді қоршаған болмыс, объективтік шындық.