Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека
Экономикасы дамыған елдердің осы заманғы ақша жүйесі алтын — қағаз және кредит ақшаларына бөлінбеген жүйеге негізделген. Олардың әрбіреуі ұзақ уақыт бойы дербес дамыса да әрі ұлттық ерекшеліктерге ие болса да, олар көп жағынан бір-біріне ұқсас.
Сонымен қатар, әрбір дамыған елдің осы заманғы ақша жүйесінің мәнін толық ашуға мүмкіндік беретін тек өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар.
АҚШ-тың ақша жүйесі. АҚШ-тың ақша бірлігіне айналымға 1786 жылы енгізілген АҚШ доллары жатады. Доллардың атауы бірқатар еуропалық елдерде айналыста болған күміс төлерден шыққан. Қысқартылған белгісі — $. Бір доллар 100 центке тең. Бүгінгі таңда айналымда 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 долларлық құны бар купюралар мен 1, 5, 10, 25, 50 центтік құны бар тиындар және 1 доллар қолданылады. Қолма-қол ақша эмитенттеріне Қаржы Министрлігі (қазына мекемесі) және федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) жатады. Қазына мекемесі айналымға 1-ден 10 долларға дейін құны бар ұсақ купюрлі ақша белгілерін, сондай-ақ 100 долларды шығарады, монеталар күмістен, никелден және мыстан дайындалды. Қазына мекемесі шығарған купюрдың айрықша белгісіне ондағы «Құрама штаттар билеті» дейтін жазу, — «UNITED STATES NOTES» жатады. Қолма-қол ақша белгілерінің негізгі массасын айналымға ФРЖ шығарылды. Онда «FEDERAL RESERBE NOTES» дейтін жазу болады, сондай-ақ оларды шығарған федералдық резервтік банктің нөмірі көрсетіледі. АҚШ-тағы қолма-қол ақшасыз ақша эмиссиясы басқа шетелдерге және коммерциялық банктерге жүзеге асырылады. Олармен айналымға чектер, вексельдер, пластикалық карточкалар, электрондық ақшалар шығарылады. Экономикалық айналымда қолма-қол ақшасыз ақшаның үлес салмағы көп әрі бұл үлес салмақ өсу тенденциясына ие. АҚШ-та ақша массасы классикалық ақша-кредит саясатының құралдарымен реттеліп, басқарылады: құнды қағаздардың ашық нарығындағы операциялар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өзгерісі, коммерциялық банктер мен кредит жинақтаушы мекемелердің міндетті резерв талаптарының өзгерісі.
Ұлыбританияның ақша массасы. Ақша бірлігі (өлшемі) — фунт стерлинг. Бұл ақша бірлігі мұндай атаумен XII ғасырдан бастап айналымға енген. 1964 жылы айналымға алғашқы қағаз банкноттар шығарылды. XIV ғасырда пайда болып XVIII ғасырдың соңына дейін күміспен бірге айналымда болды, яғни елде биметаллизм жүйесі орнықты.
Ақша жүйесі 1971 жылға дейін он екі еселік принцип бойынша құрылған болатын. Бұл 1 фунт стерлингтің 240 пенстен тұратынын, ал әрбір жиырма пенстің 1 шиллингті құрайтынын білдіреді. Бүгінгі таңда 1 фунт стерлинг 100 жаңа пенсті құрайды және айналымда — Англия Банкінің 5, 10, 20, 50 фунт стерлингтік құны бар банкноттар, монеталардан — 0,5 пенни, 1, 5, 10, 20, 50 пенстер, 1 фунт стерлинг. Оның үстіне, айналымда 5, 10 және 25 пенстерге сәйкесетін 1, 2 және 5 шиллингтік құны бар ескі монеталар сақталған. Қолма-қол ақша (банкнот) эмиссиясының монополиялық құқығына Англия Банкі ие. Эмиссия мөлшерінің шамасын қазына мекемесі анықтап, парламент бекітеді. Қазына мекемесі айналымға монеталарды, ал коммерциялық банктер қолма-қол ақшасыз айналым ақшаларын шығарылды.
Англия Банкі айналымдағы ақша массасын ашық нарықтағы операциялар, банктің есептік мөлшерлемелері, міндетті резервтік талаптар секілді ақша-кредит саясатының құралдарымен басқарып, реттейді.
«Евро» еуропалық валюта зонасы. Бүгінгі таңда Еуропалық Одақта (ЕО) ақша жүйесі бар. Ол Еуропаның 24 дамыған елі кіретін еуропалық ұжымдық «евро» ақша бірлігіне негізделген. ЕО-ның еуропалық ақша жүйесі 2001 жылы құрылды және евроның ақша бірлігі алдымен қолма-қол ақшасыз айналымның есеп айырысу бірлігі ретінде енгізілді, ал 2003 жылы қолма-қол ақша айналымына банкноттар мен монеталар түрінде қағаз ақшалар шығарылды.
Ресейдің ақша жүйесі. 1995 жылдың 12 сәуірінде қабылданған «РФ Орталық банкі туралы» РФ заңына сәйкес жұмыс істейді. Ресейдің ресми ақша бірлігіне рубль жатады. 1 рубль 100 копейкке тең. «Рубль» атауы Киев Русь тұсында найда болған. Ол кезде ақша бірліктері гривна деп, ал, екіге тең бөлінгені рубль деп аталатын. Алтын мен рубльдің ресми арақатынасы белгіленбеген. Басқа ақша белгілері мен суррогаттардың шығарылуына тыйым салынған. Заңды төлем күші бар ақша түрлеріне банктің барлық активтерімен қамтамасыз етілген әрі Ресей Банкінің сөзсіз міндеттемелері болып табылатын банкноттар мен ұсақ металл монеталар жатады. Қолма-қол ақшаны шығарудың, олардың айналымын ұйымдастырудың және РФ аумағынан оларды алып тастаудың айрықша құқығы Ресей Банкіне тиесілі. Ресей Банкі мыналарға да жауапты: өндірісті болжауға және ұйымдастыруға, банкноттар мен монеталарды тасымалдауға және сақтауға, олардың резервтік қорын құруға; коммерциялық банктер үшін қолма-қол ақшаны инкассациялаудың, тасымалдаудың және сақтаудың ережелерін белгілеуге; кредит ұйымдары үшін кассалық операцияларды жүргізудің тәртібін анықтауға; қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды ұйымдастырудың талаптары мен бірыңғай ережесін белгілеуге.
Ақша айналымын ұйымдастырумен байланысты шығындарды кеміту мақсатында 1998 жылдың 1 қаңтарынан 1000/1 арақатынасында ақшаны ірілендіру (деноминация) жүргізді. РФ-да жүргізілген реформалардың нәтижесінде айналымға Ресей Банкінің 5, 10, 50, 100 және 500 рубльдік құны бар банкноттар, 1, 5, 10, 50 копейкалық құны бар тиындар, 1, 2 және 5 рубль енгізілді.