Экономиканы және халықты кредиттендіру — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека
Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі — базалық қызметі — экономиканы және халықты кредиттендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банктің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер кредиттік институттарға қатысты болады.
Кредиттік операциялар — бұл кредит беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің кредиттік операциялары активті және пассивті болады. Активті кредиттік операциялар банктер мен қарыз алушыға қарыз ұсынғанда, ал пассивтер, керісінше, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер — кредит беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше кредиттік операциялардың екі түрі болады: қарыздық және депозиттер. Біз алдыңғы бөлімде қарастырған бірінші қызмет — бұл банктің пассивтік кредиттік операциялары, яғни депозит формасында.
Банктердің активтік қарыздық операцияларын қарастырайық. Кәсіпорын, фирма, концерндер қарызды өздерінің тауарлық қорларын толықтыру, жалақыны төлеу, жабдық сатып алу үшін және т.б. ауыл шаруашылық кәсіпорындар, фирмалар — өздерінің тұқым, жанар-жағар май және тыңайтқыш сатып алу шығындарын жабу үшін; бір реттік тұтынушылар (халықтар) — автомобиль, үй, ұзақ пайдаланылатын тауарлар және т.б. сатып алу үшін; үкімет — ағымдағы шығындарды қаржыландыру үшін алады. Бұл қарыз алушылардың барлығы қарызды, негізінен табыс алу мақсатында шоғырландырған ақша қаражаттарын (депозиттік және депозиттік емес) орналастыратын коммерциялық банктерден алады.
Өз клиенттеріне қарыз ұсына отырып, банктер салымшылардан ақша қаражаттарын қабылдап және оларды қарыз алушыларға ұсынуда қаржылық делдалдар ролін атқарады. Банктің бұл қызметі кредиттік қатынастардың барлық қатысушыларына (салымшылар, қарыз алушылар және банк) тиімді. Бұл қатынастарда өзара мүдде көзделеді: әркім өзінің қажеттілігін қанағаттандырады.
Кредиттің екі нысаны белгілі: ақшалай және тауарлай. Сәйкесінше кредиттендірудің екі түрі бар: бастапқыда шаруашылық субъектілерінің кредиттік қатынастары тікелей банкпен қатынастар пайда болатын тікелей банктік кредиттендіру және кредиттік қатынастар алғашқыда шаруашылық субъектілерінің арасында пайда болып, соңынан банкпен қатынастарға трансформацияланатын жанама кредиттендіру.
Тікелей банктік кредиттендіруде қарыз кредит берушілермен тікелей қарыз алушыға ұсынылады. Кредит беруші банк, ал қарыз алушы — шаруашылық субъектісі болып табылады. Банкаралық кредитте кредит беруші де және қарыз алушы да банктер болып табылады, яғни бір банк басқа банкіге кредит береді.
Коммерциялық кредиттендіруде кредит беруші де және қарыз алушы да шаруашылық субъектілері болады, яғни бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға тауар түрінде кредит береді, бұл мәміле вексельмен рәсімделеді, яғни қарыз алушы кредит берушіге тауар нысанында кредит алуын растайтын құжат — вексельді береді. Одан әрі кредит беруші осы вексельдің кепілдігіне қарыз (ссуда) ақша бер деп банкіге барады. Осылайша коммерциялық кредит банкілік кредитке түрлендіріледі.
Коммерциялық банктің кредиттік операцияларын әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімдері бойынша — қысқа мерзімді (1, жылға дейін), орта мерзімді (1-ден 5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша — қамтамасыз етілмеген (қарыз алушыға сенімге негізделген және қамтамасыз етілуі жоқ бланкілер) және қамтамасыз етілген; банктің роліне байланысты (кредит беруші немесе қарыз алушы) — активтік және пассивтік қарыздық операциялар (активтік — бұл клиентті және басқа банктерді кредиттеу; пассивтік — Орталық банктен және басқа коммерциялық банктерден банкаралық кредит алу); кредиттендіру мақсатына байланысты — негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздар.
Кредиттік операциялар басқа белгілері бойынша да жіктеле алады: қарыз алушылардың түрлері бойынша, пайдалану сипаты бойынша, мөлшері бойынша, сауда шоттарын ашу шарттары бойынша және басқалар. Мысалы, қарыз алушылардың түрлері бойынша қарыздар былай жіктеледі: сауда өнеркәсібіне, жылжымайтын мүлік кепілдігіне, жеке тұлғаларға, бағалы қағаздарға, ауыл шаруашылық, қаржы органдарына және т.б.
Кредиттің пайдалану сипаты бойынша оны өндірістік және тұтынушылық қолма-қол және қолма — қолсыз (тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыруға) деп бөлуге болады. Кредиттің мұндай жіктелуінің негізінде формалды белгілер жатқанын атап көрсету қажет. Шет елдердің экономикалық әдебиетінде кредиттің және кредиттік операциялардың бірыңғай жіктелуі жоқ.
Банктердің кредиттік операциялары, банктердің және клиенттің өзара қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттеліп жасалған кредиттік келісімшарттар негізінде жүзеге асырылады. Кредиттік келісімшарттың шарттары коммерциялық банкпен жүргізілетін кредиттік саясаттың әрбір нақты сәтіне байланысты. Ол кредиттік тәртіппен байланысты. Қарыз алушылар кредиттің қайтарымдылығын және кредиттеудің басқа қағидаларын сақтауды, ал банктер — кредиттердің мөлшерін реттеу тәртібі, олардың төлеу мен өтеу шарттарын қамтамасыз етуі тиіс. Кредиттік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздың саясат табылады. Банк клиентпен бірге жалпы банктік ережелер негізінде іріленген объект құрамын және кредиттердің жекелеген объектілерін, кредиттің берілу және өтелу тәртібін, кәсіпорынның меншік және қарыз қаражаттарын тиімді пайдалану бойынша шараларды, пайда алуға жетуге әрекет ететін басқа шаралар және де кредиттік келісімшартты сақтандыру жақтары бойынша міндеттері мен құқықтарын өз бетінше анықтауға құқылы. Келісімшарттың қаншалықты сауатты және негізді құрылуы кебіне банктің клиентке әсеріне байланысты.
Кредиттік келісімшартта қарастырылған шарттармен коммерциялық банктер кредиттің пайдалануын бақылауға, инженерлік және басқа тексерулерді жүргізуге, кредиттік келісімшартты бұзушы қарыз алушыларға экономикалық әсер етуші шараларды қолдануға міндетті. Кредиттің белгіленген мерзімдегі қайтарымдылығы мен төлемділігі шешуші мәнге ие екені сөзсіз. Бұл принциптерсіз кредит өзінің мәні мен мақсатын жоғалтады. Таяу уақытқа дейін банктердің қарыздары қорытындысында мемлекеттің кәсіпорын мен ұйымдарға беретін қайтарымсыз және тегін дотациясына айналып келген болатын. Кейбір жағдайларда және күні бүгінде осы жайт қайталануда. Бірақ, республикада жүзеге асырылып жатқан банк реформасы ең әуелі экономикалық категория ретіндегі кредит берудің негізгі қағидалары мен позициясын қалпына келтіруге бағытталған. Қазір қарыздардың қамтамасыз етілуі жаңаша көрініс табуда. Сондай-ақ, әрбір берілген қарыз нақты материалдық қамтамасыз етілуі тиіс деп болжамдалады.
Қарыз алушының белгіленген мерзімде кредитті қайтарудың нақты мүмкіндігін ескермеді. Қазіргі кезде клиенттің өтінішінше, оның өзінің міндеттемелері бойынша есеп айырысу мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді.
Бұл сараптау жұмыстарына қатысты экономикалық аппараттың жаңа қатынасын оның формалды жұмыс әдістерінен бастап қызмет көрсететін шаруашылық ұйымдардың ісін жақсы білу негізінде кредиттің қағидаларын жүзеге асыруға бетбұрыс жасауын талап етеді.
Қарыздарды (ссудаларды) қамтамасыз ету банк активтерінің сақталуы мен табыс табуының кепілдігі үшін қажет. Кредиттік қамтамасыз етудің негізгі түрлеріне төмендегілер жатады:
- кепілге алу — тапсырма (поручительство) бір жақты міндеттемелі келісімшарт. Бұл жағдайда тапсырма беруші (поручитель) қарыз алушының қарызын қажет уақытында өтеп беруі туралы банк алдындағы міндеттемесі;
- кепілдік (гарантия) — кепілдеме уақыты жеткенде қарыз алушы өз міндеттемесін орындамай жатқан жағдайда, анықтаушы соманы өтеп беру туралы кепілдік міндеттемесі;
- бағалы қағаздар, тауарлар және басқа да мүліктерді кепілдікке салу. Кепіл құқығы — қарыз алушы өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда, оның кепілдікке салған мүліктерін сату барысында түскен түсімнің белгілі бір бөлігін алу немесе сол мүліктерді (ғимарат, жер учаскесі, жылжымалы мүліктер) толығымен иемдену құқы;
- жылжымайтын мүлікті кепілдікке салу құқығы; кредиттерді қамтамасыз етуде негізгі роль ипотекаларға жүктеледі және ғимараттар мен жер учаскелері жылжымайтын мүліктерді кепілдікке салу заңының негізі болып табылады. Оларды кепілдікке салу арқылы иегерлері кредит алады.
Кредиттерді қамтамасыз етудің, материалдық формаларына: жер, құнды қағаздар, тауар-материалдық құндылықтар, сақтандыру полистері және т.б. жатады.
Банктерде клиенттерге қарыз беру үшін қарыздарды есепке ала отырып, әрбір кредиттендіру объектісі бойынша арнайы қарыздық шоттар ашылады. Жекелеген баланстық шоттарда бір клиентке берілген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздарды есепке алу жүргізіледі. Қарыздық шоттардың дебетінде алынған қарыздардың сомасы, ал кредитінде қайтарылғаны көрсетіледі.
Клиенттердің қажет етуіне және қызығу шылығына байланысты әр банкте жай қарыздық немесе арнайы қарыздық шоттар ашылады.
Арнайы қарыздық шоттардың жай шоттардан айырмашылығы — қарыз беру әр уақыт сайын құжаттық түрде негізделмей-ақ, қарыз алушының арнайы қарыздық шот ашқызу барысында банкке өткізген міндеттемелік өтініші негізінде жүргізіледі. Қарыз қажетті жағдайда есеп айырысу құжаттарын өтеу жолымен беріліп түскен түсімдерді арнайы қарыздық шоттарға аудару арқылы жойылады.
Қарыз, сонымен қатар, контокорренттік шоттардан да беріледі. Бұл шотта бір жағынан түскен түсімдер көрсетілсе, екінші жағынан қарыздар мен төлемдер көрсетілетін айрықша шот түрі. Онда тек дебеттік немесе кредиттік сальдо ғана болады.
Контокорренттік шоттардан берілетін кредит контокорренттік кредит деп аталады. Негізінен ол есеп айырысу құжаттарын өтеп беру үшін немесе бағалы қағаздар сатып алу, вексельдерді отеу үшін қолма-қол ақша түрінде берілуі мүмкін. Контокорренттік кредиттерді ұсыну тәртіптері сақтала отырып, келісімшарт бекітіледі. Банктердің контокорренттік шот бойынша әрбір қарыз алушы үшін кредит шамасын шектеуде лимит белгіленеді. Аталған кредитті қамтамасыз ету құрамына ипотека, бағалы қағаздар және т.б. жатады. Бұл кредит біздің республикамызда әлі дамыған жоқ. Соңғы уақыттары кейбір жекелеген коммерциялық банктер контокорренттік шотты пайдаланады.
Қысқа мерзімді кредиттер — күнделікті айналым операцияларына қажетті айналым капиталының құнын өтеу үшін беріледі. Оларға жататындар: кредиттік желі (линия) соның ішінде маусымдық және жаңармалы қарыздар, күтпеген оқиғаларға жұмсалатын кредиттер мен қарыз алушының айналым капиталын толықтыру үшін берілетін қарыздар.
Орта мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар — күрделі құрылыс шараларын жүргізу үшін, үй және қондырғылар сатып алу үшін, сонымен қатар, негізгі капиталды қаржыландыру үшін беріледі. Оларға жататындар: мерзімдік қарыздар, мүлікті кепілге алып берілетін қарыздар, құрылыстық қарыздар және қаржылық лизингтер.
Кредиттік желілер — анықталған тәртіптерді сақтай отырып, белгіленген уақыт аралығында кредиттерді пайдалануға мүмкіндік беретін, кредиттердің максималды сомасын алу туралы банк пен қарыз алушы арасындағы келісімшарт. Жақсы табыс тауып, жиі кредит қолданып жүрген фирма қажетті жағдайда көлемі алдын-ала белгіленген қарызды банктен алуға келісімшарт жасасады. Бұл қарыз бір жылға дейінгі мерзімде беріледі.
Кредиттік желінің мынадай түрлері болады:
Маусымдық — банктер өндірістің маусымдық болуымен байланысты айналым құралдарының жетіспеушілігінен береді.
Жаңармалы — айналым құралдарының ұзақ мерзімге жетпеуіне байланысты қарыз алушыға берілетін кредит.
Күтпеген оқиғаларға жұмсалынатын қарыздар қарыз алушының айналым құралындағы күтпеген жағдайларға бір жолғы қажеттілігін қаржыландыру үшін беріледі.
Айналым капиталын толықтыруға арналған перманенттік қарыздар — айналым құралындағы ұзақ мерзімді тапшылықтарды жабу үшін беріледі. Бұл жерде кредиттер ай сайын, немесе үш ай сайын жойылып, жабылып отырады.
Мерзімді қарыздар — ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, көлік сатып алу, құрал-жабдықтар алу және бастапқы қарыздарды қаржыландыру үшін беріледі, Бұл қарыздар күрделі капитал енгізілетін салаларда өте кеңінен қолданылады.
Салынған мүлік туралы актіге берілетін қарыздар — өндіріс ғимараттарын, зауыт құрылысын, үйлерді, жер учаскелерін сатып алу немесе қаржыландыру үшін қолданылады. Олар 15 жылға немесе одан жоғары мерзімге есептеліп, ай сайын көлемі алдын ала белгіленген жарналар арқылы өтеледі. Бұл кредиттер біздің елімізде толық дамымаған.
Құрылыстық қарыздар — ғимараттар мен құрылғылар құрылысының мерзіміне арнап беріледі. Қарыз алушы бұл кредиттің өсім ақысын үнемі төлеп отырады, сонан кейін қарыздарды салынған мүлік туралы актіге қайта рәсімдейді.
Лизинг — қымбат бағалы күрделі жабдықтарды жалға алуды қаржыландыру үшін қолданылады, мысалға: кеме, ұшақ, компьютер, автомашиналар және т.б. Лизингтік келісімде көрсетілгендей, жалдаушы жабдық иесіне ай сайынғы тиісті соманы төлеу арқылы, оларды ұзақ мерзімге пайдалану мүмкіндігін алады, Елімізге бұл кредит де әлі өз деңгейінде дамыған жоқ,
Жекелеген қарыз алушыларға коммерциялық банктер тұтыну кредиттерін береді. Ол, негізінен, тұрғын үйлер, ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарлар және пәтерлер сатып алумен байланысты болады. Бұл кредиттерге жаңармалы кредиттер, ұзақ мерзім пайдаланылатын кредиттер және мерзімі өтелетін кредиттер жатады.
Кредиттің бұл түрі шет елдерде ете жоғары деңгейде дамыған. Мысалы, АҚШ-та 50% үй кредитке сатып алынады. АҚШ-тағы жалпы кредиттердің 85% негізгі үш бөліктен құралады: кредиттің 32%-ы сауда-өндірістік компаниялар мен фирмаларға, 37%-ы тұрғын үй үшін, 19%-ы жеке қарыз алушыларға беріледі.
50%-дан жоғары кредиттер сауда-өндірістік кәсіпорындардың айналымдағы капиталын толықтыру үшін қысқа мерзімге беріледі. Ал, қалған бөлігін күрделі қаржы енгізу үшін ұзақ мерзімдегі қарыздар толықтырады.
Жылжымайтын мүлікке берілетін қарыздар — құрылыс мерзімі екі жылдай көлемге созылатын құрылыстық фирмаларға берілетін кредит. Сонымен қатар, бұл кредит тұрғын үй сатып алу үшін 15-25 жылға да беріледі.
Жеке тұлғаларға берілетін қарыздар — ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алу үшін берілетін тұтыну кредиті.
Коммерциялық жанама кредиттендіруге толық тоқтала кеткеніміз жөн. Коммерциялық кредиттер бұрынғы Кеңес Одағынан басқа барлық елдерде кеңінен тараған. Қазіргі кездегі экономикалық дағдарыстан шығуда оның атқарар ролі зор болар еді, бірақ Республикамызда әлі бұл кредит еш қолдау тапқан жоқ.
Коммерциялық кредиттер, негізінен, вексельдер арқылы жүзеге асырылады. Вексель — белгілі уақыт өткеннен кейін вексель ұсынушыға белгілі бір соманы төлеу туралы, вексель иесінің нұсқамасы немесе жазбаша түрдегі хаттамалы анықтама.
Коммерциялық кредиттендіруге жабдықтаушы (поставщик) сатып алушыға кредитке тауар береді. Оны алушы жабдықтаушының атына вексель толтырып ұсынады және жабдықтаушы Ол вексельді банкке кепілдікке беру арқылы қарыз алады. Бұл арада қарыз алу уақытында тауарлы түрдегі вексель қарызды қайтару уақыты жеткенде ақшалай қайтарылады.
Коммерциялық кредиттің банктік кредитке өтуі дисконттау, яғни вексельдерді, шот-фактураны (факторинг) және басқа да коммерциялық бағалы қағаздарды есепке алу жолымен, немесе вексельдерді кепілге алып, қарыздар беру нәтижесінде жүзеге асырылады. Есепке алу операциясы банктің ақшалай қарыздық міндеттемелерді сатып алуын сипаттайды, вексельді есепке ала отырып, банк клиенті етімді қаражаттарға ие болады, сондай-ақ банкке алынған соманы қайтару міндетінен құтылады, себебі, банк оларды тікелей вексель берушіден талап етеді.
Вексельді кепілге алып берілетін қарыздар — мерзімді болады, егер де вексель иесі алдын ала келісілген мерзімге банкіден оларды сатып алуға міндетті болса, немесе онкольдық (кредит беруші кез келген сәтте өтеуді талап ете алатын кредит) болса, онда қарыздарды қайтаруды банктің кез келген уақытта талап етуге құқы бар.
Вексельді кепілге ала отырып, банк қарыздың ең жоғары мөлшерін, кепіл мөлшерін және шот бойынша қарызбен қамтамасыз ету арасындағы пайыз қатынасы, пайыз мөлшерін және банк комиссиясын анықтайды. Кредиттік шартта банктің қарыз сомасын өтеу үшін вексель берушінің сол вексельді төлеуге арналған сомасын пайдалану құқы айтылған, ал егер ондайлар болмаса есеп айырысу шотына көрсетілген қызметтер мен тауарлар сатудан түскен түсім сомасын пайдалана алады.
Коммерциялық банктердің кредиттік қызметті атқаруы — кредиттік механизмді үнемі жетілдіруді, қарыздарды берудің қарапайым техникасын қамтамасыз ететін кредиттеу әдістері мен формаларын енгізуді, кредиттік операциялардың еңбек сыйымдылығын төмендеуді білдіреді.
Қазақстан Республикасында кредиттеу: «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заңдарымен, сондай-ақ Ұлттық банкімен 1994 ж. 11 ақпанда бекітілген «Қазақстан Республикасы экономикасын қысқа мерзімді кредиттеу» Ережесімен реттеледі және жүзеге асады. Бұлар банктердің барлық меншік формалары мен түрлеріне қатысты.
Қысқа мерзімді қарыздар беру ресми мәртебесі бар банктермен жүзеге асады, ол мәртебе Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсаты мен банктік операцияларды жүргізуге лицензиясының бар болуымен анықталады.
Қарыз кредиттік қабілеті бар қарыз алушыларға беріледі. Егер олардың мерзімі ұзақ болмаған болса, онда қарыздар бойынша мерзімі өткен қарыздары болған жағдайларда да беріледі.
Қарыз беру үшін қарыз алушының беделін; бұрын алған қарыздарды өз уақытында қайтаруын; болмаса өтімділігін; барлық қарыздық міндеттемелерді өтеуін; меншікті айналым қаражаттарының барлығын алдын ала зерттеп білуі қажет.
Қарыздарды беру жекелеген қарыздық дербес шоттар бойынша жүргізіледі. Ол шоттар кредиттің бағытталуы бойынша (кредит шифр) ашылады. Мұндай өнімді сатудан түскен түсім мен басқа да түсімдер есеп айырысу шотына аударылады. Қарыз ақшалай қаражат жоқ кезінде тауар-материалдық құндылықтар, көрсетілген қызметтер үшін ақшалай — есептік құжаттарды төлеуге, сондай-ақ қолданылмаған қарыз қалдығы мөлшерінде чектік кітапшаны және аккредитивтер ашу үшін беріледі.
Қарызды пайдаланғаны үшін төлем ақының (пайыздық) мөлшері төмендегілерге байланысты қойылады: кредитті пайдалану мерзіміне, қарыз алушының төлей алмау тәуекеліне, кредиттік ресурстар үшін төлем мөлшеріне, объект сипатына, бәсекелес банктердің мөлшерлемесіне және басқа да факторларға байланысты.