Экологиялық жағдайды жақсартудың аймақтық ерекшеліктері

0

Геоэкологиялық зерттеулер қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастан туындайды. Сондықтан геоэкологиялық аймақтағы қалыптасқан жағдайды анықтап қоймайды, кері экологиялық жағдайларды жоюдың шараларын ұсынады.

Жамбыл облысы территориясының экологиялық жағдайына жасалған сарапатама, әр провинцияда оның әртүрлі екендігі белгілі. Әрбір геоэкологиялық провинциядағы антропогендік факторлардың табиғатына тигізетін әсері әрқалай.

Қарастыры отырған аймақтың жер бедерінің экологиялық салдарына жасалған сараптама төмендегі қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

1 Облыс жерінің жер бедері күрделі, оның 90 пайызын жазық – платформалы  рельеф типі алып жатса, 10 пайызын таулы-орогенді рельеф типі алады.

2 Жазық алабын Шу-Талас бассейні аккумуляциялық аймағы алып жатыр. Таулардан құлап аққан өзендер тасымалдап әкелген зиянды заттар осында шөктіріледі.

3 Жер бедері солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп көтеріледі, оңтүстігі, батысы мен шығысы тау жоталарымен көмкеріледі. Тау жоталарының барьерлік /тосқауылдық/ функциясы бар. Солтүстіктен ауа массаларының емін-еркін еніп кетуіне ешбір кедергі жоқ. Тау беткейлері жауын-шашынды мол алады.

4 Таулардың биік жоталарында  қар-мұз жамылғысы дамыған. Олардан облыс жерін сумен қамтамассыз ететін өзендер бастау алады. Содықтан, тауларды экологиялық жауапты аймақтар деп танимыз.

5 Таулардың тау жыныстары берік, сондықтан шөгінді жыныстармен салыстырғанда көп жағдайда жылдам бұзыла қоймайды.

6 Қаратау мен Шу-Іле таулары жақпарлы-қатпарлы тау   болғандықтан, тау жоталарында тегістелген беттер сақталған. Олардың бедері жыртылуға ыңғайлы, сондықтан богарлы егін  шаруашылығында кеңінен пайдаланылады.

Қоршаған ортаға тигізіп отырған әсері тұрғысынан техногенездің ықпалы зор. Табиғи ортадағың геоэкологиялық жағдайын шиеленістіреді: табиғи шикізаттың қоры азайып, денсаулығына үлкен нұқсан келтіреді, табиғи ландшафтының экологиялық қалыпты орта құраушы қабілетін төмендетеді.

Жамбыл облысы территориясының экологиялық жағдайының нашарлауы, оны ластаушы заттардың құрамына және сандық көрсеткіштеріне байланысты. Ластаушы заттардың құрамы, біздің өлкедегі өнеркәсіп саласына, оның өндіріс көлеміне қарай анықталады.

Жамбыл облысындағы геожүйелердің экологиялық жағдайын шиеленістіретін негізгі себептер:

  • қоры қалпына келмейтін табиғи ресурстарды тиімсіз игеру, пайдалану;
  • урбанизация мен шаруашылық нысандарының мейлінше шоғырлануы;
  • геожүйенің зиянды қалдық заттармен ластануы;
  • табиғи жайылымның деградациясы мен суғармалы жерлердің екінші реттік тұздануы
  • антропогендік жолбасу
  • табиғи рекреациялық дем алуға ыңғайлы аймақтардың азаюы.

Геожүйелердің әсер ететін антропогендік факторларға төтеп бере алу қабілеті оның тұрақтылығына байланысты. Табиғи ландшафтының геоэкологиялық тұрақтылығы дегеніміз — техногенезге төтеп, бере алып, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын сақтай алу қабілеті [1].

Жамбыл облысының қазіргі геоэкологиялық жағдайы барлық жерінде бірдей емес. Аймақтың экологиялық жағдайы әртүрлі провинцияда әрқалай.

Геоэкологиялық анклавтар шаруашылықта қарқынды игерілген табиғи ортаның бұзылуыннан көрінеді.

Жамбыл облысы территориясындавғы геоэкологиялық жағдайды сараптау 13 геоэкологиялық анклавты ажыратуға мүмкіндік берді. Әрбір анклав — экологиялық шиеленістің ошағы. Ол экологиялық жағдайы қалыпты провинция аумағында дамиды, сондықтан қоршаған ортадағы бүлінген, қалпына келтіруге бағытталған шараларды геоэкологиялық анклав аумағында іске асыру керек.

Талдау нәтижесінде анықталған геоэкологиялық анклавтың Жамбыл облысындағы тізімі соңғы тізім емес. Оның тізіміне әскерлі сынақ полигондары, тау-кен өндірісті аудандар, ластанып отырған көл, өзен бөліктері кірмейді. Оларды түгелдей дерлік геоэкологиялық анклав қатарына кіргізуге сол аудандардың (участоктардың) экологиялық жағдайын сипаттайтын мәліметтері жеткіліксіз болды.

Жамбыл облысы аймағындағы экологиялық тепе-теңдікті сақтау, жоспарлы, дәйекті және мақсатты жүргізілген кешенді табиғат қорғау шараларын жүргізу арқылы, мүмкін. Олардың қатарына:

  • атмосфералық ауданы ластанудан сақтау;
  • жер беті және жер асты суларының тазалығын сақтау;
  • топырақтың су және жел эрозиясын болдырмау;
  • техногенез әсерінен бұзылған жерлерде рекультивация жүргізу;
  • табиғи жайылымдарды, деградацияға ұжырыған жерлерді, қалпына кетіру шаралары.
  • құмды шөлдердегі сексеуілдерді қайта егу, өзен аңғарларындағы тоғайларды, ағаштарды қайта отырғызу;
  • уран кен орындарындағы радиациялық қауіпсіздікті сақтау шаралары;
  • мал шаруашылығында ветеринарлық тексеру шараларын жүйелі түрде жүргізу;
  • жергілікті тұрғындардың экологиялық қаупсіздігін қамтамасыз ету шаралары;
  • таулы аудандардың сейсмикалық аймақта орналасқандығын ескеріп, жер сілкінудің алдын алу шараларын ұйымдастыру.

Жамбыл облысындағы геоэкологиялық анклавтардағы экологиялық қайта құру шаралары 1-кестеде көрсетілген. Олардың қатарына — зиянды газдарды ұстап қалу, жерлерді рекультивациялау, технологияны экологияндыру, т.б.. Осы шаралардың негізгі — болашақта, ұзақ мерзімді экологиялық шаралардың мемлекеттік және мемлекет аралық бағдарламаларын тұжырымдау болып табылады.

Жамбыл облысы аймағында экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін, шешімін таппай тұрған мәселелерді айқындасақ: антропогенді шөлбасудың қарқынды жүруі, уран радиологиялық қауіпсіздікті сақтау мемлекет аралық өзендер суын реттеу, рекреациялық аймақтардың кадастрын жасау. Осы мәселелер арнаулы ғылыми-практикалық, экологиялық жобаларды тұжырымдап, оған қаражат бөлінуді талап етеді.

Мысалы ретінде Жамбыл облысындағы шөлбасуды тоқтау шараларын қарастырайық.

Қазақстанның басқа аймақтары сияқты, қарастырып отырған аймақта да, шөлбасу бірден-бір геоэкологиялық мәселе. Себебі, Жамбыл облысының 70% жуық аймағын табиғи шөлдер алып жатыр [2].

Шөлбасуға қарсы күрес шаралары ұзақ мерзімді және қомақты материалды шығындарды талап етеді. Шөлбасумен күресте адамзат қоғамы мен шөл арасындағы ұзақ мерзімді қарым-қатынастық стратегия болу керек. Шөл басу — аридті аймақтардың табиғи тепе-теңдігінің бұзылуынан, ландшафтының биологиялық құнарлылығының төмендеуінен орын алады.

Шөлбасу құбылысының қарқынды дамуына антропогенді әсерлер шешуші роль атқарып отыр. Табиғи шикізат қорларын пайдаланғанда, малды жайғанда белгілі нормалармен талаптарды қатаң сақтамау себеп болуда. Жайылымдарды пайдаланудың маусымдық схемасын қатаң сақтау керек.

Шөлбасуды тоқтатудың шараларының ішінде, су мен жер ресурстарын суғармалы шаруашылық жағдайында тиімді пайдалану жолдарын оңтайландыруды қолға алған дұрыс [3].

Облыс жағдайында фитомелиорация: ағаш отырғызу, құмды бекіту, тоғай ормандарын қайта отырғызу шараларын жүзеге асырған жөн.

Жамбыл облысы аймағындағы геоэколгиялық анклавтарды экологиялық құрастырудың стратегиясы

 

Геоэкологиялық провинциялар мен геоэкологиялық анклавтар Экологиялық жағдайдың деңгейлері Экологиялық жағдайға нұқсан келтіретін әсерлер Экологиялық қайта құраструдың стратегиясы
1 2 3 4 5
І Шу-Мойынқұм геоэкол

огиялық провинциясы

І.1  Шу өзенінің аңғары  

 

 

 

 

 

 

шиеліністі

-Егістік алқап

тан қайтқан сулар;

-Шу өндірістік торабы;

-Қырғызстан

дағы өндіріс орындары ;

трансшекаралық өзендердің суын реттейтін мемлекет аралық құжат керек.

-суғармалы егінші

ліктің озық техно

логиясын қолдану.

І.2 Жусандала анклавы (5478 мың м2) дағдарысты

-уран кен орындарының қалдықтары

-радиологиялық мониторинг;

— радиоактивті қалдықтарды  (РАО) көму;

радиациялық қауіпсіздік шараларын сақтау.
Жалғасы
ІІ. Солтүстік Тянь- Шань геоэкологиялық провинциясы:

-Тараз урбоөнеркәсіпті анклавы.

 

 

 

 

 

 

 

шиеліністі

-химия өнеркәсібінің зауыттары;

-Жамбыл ГРЭС;

-Кала транспорты;

-тұрмыстық шаруашылык қалдықтары.

-өндіріс орында улы газды ұстайтын қондырғылар орнату;

-қала ішінде санитарлы –гигиеналық талаптарды қатаң сақтау;

-қатты- қалдық заттарды өңдеу зауытын салу;

ІІ. Билікөл анклавы  

 

 

 

 

шиеліністі

— Талас — Аса каналы арқылы лас сулар келіп қосылады.

-стихиялы рекреация

-өндіріс орын

дарында суды пайдалануды толық циклге көшіру;

-көл айналасын рекреациялық аудандастыру қажет.

ІІІ

 

ІІІ.

 

Шу-Іле геоэкологиялық  провинциясы

 

Тау аралық Қопаңғары

 

 

шикеленісті

Богарлы егінші

лікке байланысты жел эрозиясы

Аңғардың беткейлерін жыртқан да құлау бұрышын ескеріп жырту
ІV

 

 

 

Қаратау таукен өндіріс анклавы  

 

 

 

 

 

 

шикеленісті

-Кен өндірісі (карьерлер, террикондар);

— транспортты тақырлар;

-тұрмыстық- шаруашылық қалдықтары

 

-рекультивация шараларын жүзеге асыру (механикалық, биологиялық, ландшафтылық).

-жолдарды стихиялы өрбітпеу.

-қалада санитарлы- гигиеналық нормаларды қатаң сақтау.

Әдебиет

1 Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. «Экология» (оқулық): — Алматы, 2001

2 Мырзабеков Ж.М.  «Особо  охраняемые  природные  территории  Казахстана»: — Алматы, 2000

3 Экологическое состояние окружающей среды в РК. -Алматы, 2008.