Иондық байланыс, иондар, катиондар, аниондар
Табиғаттағы барлық атомдардың электр заряды нөлге тең болады, атом құрамына еңетің электрондардын саны, атом ядросында орналасқан протондар санына тең болады. Протон мен электрон, зарядталған элементар бөлшектер. Протонның заряды электронның зарядына тең, тек таңбасы оң, ал электронның зарядының таңбасы теріс.
Бірақ кей кездері, кейбір атомдар сыртқы қабаттағы валенттік электрондарынан айрылады, немесе өздеріне басқа электрондарды қосады. Мысалы натрий элементі бір электроннан айрылып, оң зарядталады, бұны былай жазады:
Na+
Ал хлор керісінше бір электронды өзіне қосып, теріс зарядталады, бұны былай белгілейді:
Cl—
Иондар — катиондар мен аниондар
Өздеріне электрондарды қосып не электрондарынан айрылған атомдарды иондар деп атайды.
Оң заряды бар иондарды катиондар, ал теріс заряды бар иондарды аниондар деп атайды. Катиондар өз электрондарын беріп оң зарядталады, ал аниондар электрондарды қосып теріс зарядталады.
Иондық байланыстың түзілуі
Сендер, таңбалары қарама-қарсы зарядтар бір-біріне тартылатының физикадан білесіндер. Иондарда заряд бар болғандықтан, қарама-қарсы зарядталғандары бір-біріне тартылады. Осылай иондық байланыс түзіледі.
Мысалы жоғарыдағы хлор мен натрийдің иондары бірігіп, натрий хлорийдің, немесе кәдімгі ас тұзы түзіледі:
Na+ + Cl— = NaCl
Жалпы электрондарды беру металдарға тән қасиет, ал электрондарды өздеріне қосып алу бейметалдарға тән қасиет.
Пән: Химия