Инвестициялық қорлар. Қазақстанның инвестициялық қоры — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека
7 шілде 2004 ж. ҚР «Инвестициялық қорлар туралы» №576-11 заңына сәйкес инвестициялық үлестік жарна немесе акционерлік қоры (ИҚ) құрылған болатын.
Қазақстан Республикасында инвестициялық қордың екі түрі бар:
- акционерлік инвестициялық қор (АИҚ);
- үлестік жарна инвестициялық қоры (ҮЖИҚ); олар келесі формада болуы мүмкін: ашық, аралық немесе жабық.
Ашық ҮЖИҚ ҚР «Инвестициялық қорлар туралы» заңында белгіленген тәртіп пен шарт негізінде компания басқарушысынан оның үлестік жарна иесіне үлестік жарнасын сатып алуды талап ететін құқықты ұсынады. Осы инвестициялық қордың (ИҚ) ережесіне сай екі аптада бір рет, ал ҮЖИҚ аралығында — ұзартпай жылына бір рет сатып алу ұсынылады. Жабық ҮЖИҚ оның үлес жарнасының иеленушісіне осы қордың үлес жарнасын иеленушісінен жалпы жиналысына қатысу құқығын табыс етеді. Сонымен қатар қордың қарастырылған ережесімен үлес жарнасы бойынша және шарт тәртібінде дивиденттерді алуды ұсынады.
Жабық түрдегі ҮЖИҚ үлес жарнасын иеленушіге өзіне жататын үлес жарнасын компания басқарушысынан сатып алуды талап етуге құқы жоқ.
ИҚ инвестициялық қызметі лицензиясының бар кезінде дербес АИҚ инвестицияларының немесе осы қордағы жарналық үлесті иеленушілердің немесе басқарушы компания қоры акционерлерінің табыс алу мақсатының жинақталуымен анықталады.