Жинақтау және қорлану құралы – Ақша, кредит және банктер – Рефераты на казахском языке – Библиотека

0
23

Төлем құралы ретіндегі ақша қызметінің дамуы ақша қаржылары резервтерін құрудың қажеттілігін, яғни ақшаның жинақтау және қорлану құралы ретіндегі қызметін туындатады. Ақшаны жинақтаудың қажеттілігі қайтадан Т-А-Т1 айналымының екі құндық актіге Т-А және А-Т1 бөлінуімен байланысқан.

Бірінші актіде тауар сатылады да ақшаға айналады, бұл жағдайда өз қажеттіліктеріңді қанағаттандырудан жиі бас тартуға тура келеді. Алтын адамдардың көз жауын алады. Сондықтан оны жинақтау мен сақтауға ұмтылады, өйткені бұл қор кез келген тауарды сатып алуға немесе кез келген қызметті алуға, яғни кез келген уақытта өзінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ақшалар жинақтау құралы қызметін атқарады. Және олар осы қызметте қоғамдық байлықтың жалпы көрінісі болып саналады. Адамдар өз байлықтарын асыл тастар, өнер туындылары, жылжымалы мүлік, акциялар, облигациялар, банктегі ақша және т.б. түрде сақтай алады. Бірақ ақшалар көбінесе осы қызметті орындайды, өйткені оларға өтімділік тән, өтімді актив төлем құралы ретінде пайдалануға болатын және тіркелген атаулы құны бар актив саналады. Ақшалар төлем құралы ретінде пайдаланылады және олар құн өлшемі қызметін атқарғандықтан, олар әрекет етуші масштаб шеңберінде өзінің жеке тұрақты құнын өзгертпейді.

Бірақ та жоғары инфляция кезінде ақша өзінің жоғары өтімділігіне қарамастан, қор жинау құралы ретінде өз құндылығын жоғалтады. Егер долларға немесе теңгеге сатып алуға болатын тауарлар саны күннен-күнге төмендей берсе, яғни ақша құнсызданса, онда адамдар еге қысқа мерзімге оларды қорланудан және жинаудан бас тартады. КСРО азаматтарының жинақтары соның айқын мысалы, олар Одақтас Республикалар дербестігін алған кезде толығымен жоғалып кетті. Қазақстан өз азаматтарының осындай жинақтарының аз ғана бөлігін өтеді. Бұл ақшаның құнсыздануының классикалық мысалы. Айналым құралы қызметінен және төлем құралы қызметімен салыстырғанда жинақтау құралы ретінде ақша белгіленген мерзімге өз құнын сақтауы тиіс және міндетті түрде нақты шын құны болуы тиіс. Бұл жинақтау қызметін негізінен толыққұнды нақты ақша (алтын, күміс, платина) атқарады, бірақ ол қағаз, кредиттік ақшалардың өкілдерімен алмастырылуы мүмкін, жоғарыда айтылғандай, гиперинфляция немесе дағдарыс кезінде олар өз қызметін жоғалтатынын естен шығаруға болмайды.

Скачать реферат/Рефератты жүктеу