Индустриялық қоғамдағы зат және қуат айналымының ерекшеліктері туралы қазақша
Жерде техникалық өркениет пайда болғаннан бері ормандардың 1/3 жойылып, мұхиттардың мұнай өнімдерімен ластану қаупі ұлғая түсті. Кейбір мәліметтер бойынша жыл сайын мұхитқа 30 млн т мұнай өнімдері төгіледі, мұхит бетінің 20%-ы мұнай қабыршағымен жабылған.
Химиялық элементтердің адам әрекетімен табиғи ортаға әсері негізгі экологиялық өзгеріс тудырушы факторға айналды.Табиғи ортаға химиялық элементтерді антропогендік шығару табиғи процестегілерден 100 есе артты. Егер әлемдік болат өндіру өсімі қазіргі деңгейде сақталса (жылына 5%), алдағы 50 жылда екі еселенеді. Осы уақытта табиғи ортада қорғасын — 10 есе, сынап -11, мышьяк — 250 есе артады.
Атмосфераның ластануы да тез қарқынмен артып келеді. Қуат алудың негізгі көзі отын жағу болғандықтан оттегіні тұтыну артып, оның орнына азот тотықтары, көміртегі тотықтары, көмірқышқыл газ және т.б., сондай-ақ көп күйе, шаң, зиянды тозаңдар шығарылады.
Жыл сайын дүние жүзінде 10 млрд шартты т астам отын жағылып, 1 млрд т зиянды қалдықтар ауаға шығарылады. Бүкіләлемдік медициналық ақпараттық ғылыми-зерттеу институтының хабарлауынша, соңғы 100 жылда атмосфераға 1 млн т астам кремний,1,5 млн т мышьяк, 900 мың т кобальт және т.б. шығарылған.
Атмосферада 20 млн т шамасында тозаңдар қалқып жүреді деп есептелді. Соның салдарынан тек қана тірі организмдердің оттегімен дем алуы қиындап қана қоймай, ауаның мөлдірлігі кемиді. Ол жер бетінде парник әсерін туғызып, температураны арттырады.
ҒТР адамдарың табиғатпен қатысын түбегейлі өзгертті. Егер индустриялық қоғамға дейін адамдар табиғаттағы заттар мен куат айналымына экожүйенің элементі ретінде қатысқан болса, индустриялық қоғамда қалыптасқан айналым өзгерістерге ұшырып, жаңасы пайда болды, сөйтіп экожүйенің тұрақтылығына едәуір нұқсан келді.
Өнеркәсіп көптеген пайдалы қазбаларды, әсіресе отынды тұтынып, табиғи ортаға зиян келтіреді. Жанатын қазба отындарды, жер қойнауына тығылған көміртегілерді жаққанда атмосфераға көмірқышқыл газ шығарылып, оның кұрамы өзгереді, тіршілікке қолайсыз жағдай туады. Яғни отын жағуға негізделген энергетика өркениетке қарсы әрекет етеді.
Сонымен қатар коміртегі айналымының бұзылуы, өзімен бірге басқа элементтердің, мысалы, күкірт пен азот айналымын өзгертеді. Адамдардың шаруашылық әрекеттерімен биосфераға едәуір зиянды заттар шығарылып, табиғи химиялық айналымға елеулі ықпал етіледі.
Табиғи ресурстарды өндіру және оңдеу қалдықтары табиғи ортада өздігінен ыдырамай, үзақ уақыт сақталады. Мысалы, әйнек 1500 жыл, пластмасса мәңгі сақталады.
Өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында табиғатқа зиянды технологиялар қолданылады. Олардың қалдықтары ыдыратушы микроорганизмдерге көбейіп, олардың өздері химиялық улы әсерлерден нашарлайды.
Сонымен индустриялық қоғамның дамуы жердегі тіршілік жүйесіне сәйкес келмейді. Ол орасан көп мөлшерде қалдықтар шығарып, табиғи зат және қуат айналымын бұзады. Нәтижесінде жердегі тіршілікке қауіп төнді. Мұндай жағдайды түзеудің бірден-бір жолы — өркениетті, экономиканы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын және басқа шаруашылық салаларын, былайша айтқанда, табиғи ресурстарды пайдалануды, тұтынуды, айналымды экологиялау. Оның негізгі мағынасы — табиғи ортаға зиянды әсер ететін қалдықтарды азайту, болдырмау. Бұл үшін, әрине, технологиялар жетілдірілуі тиіс.
Қазіргі жағдайда табиғи ортаға тасталатын қалдықгарды азайтудың ең басты жолы — оларды қайта пайдалану. Қалдықтарды қайта пайдалану экологиялық шара болумен қатар, ресурсты үнемдейді, ресурстарға жұмсайтын шығындарды азайтып, табиғатты қорғау шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қалдықтарды азайтудың басты бағыттары:
- технологиялық процестерді неғұрлым қысқарту керек, өйткені олардың әрқайсысында қалдықтар шығарылады;
- технологиялық процестер үздіксіз болуы керек, сонда шикізат пен қуат ұтымдырақ пайдаланылады;
- технологиялық құрылымдардың қуаты қалдықты азайтып, пайдалы коэффициенттерді арттыратын оңтайлы шамада болуы керек;
- технологиялық процестер өндірісті автоматтандыру, экологиялау, қалдықгарды қайта пайдалану мақсатында құрылуы тиіс;
- технологиялық процестерден шығарылатын қалдықтар негізінен пайдаланылуы тиіс;
- өнеркәсіп технологиялары қалдық шығарушы емес, түрмыстық, өндіру қалдықтарын қайта өңдеп, ұқсатушы салаға айналуы қажет.
Осындай талаптарды ескере отырып, өндірістің әр саласында технологияларды жетілдіру жолдарын анықтауға болады. Мысалы, энергетикада — отынды жағу әдістерін жетілдіру, шығарымдарды тазарту, ұсталған қалдықтарды қайта пайдалану. Металлургияда — аз қалдықты технология қолдану, ілеспе газдарды, қайтарымды ресурстарды өнімдер өндіруге пайдалану. Транспортта- отынның зиянсыз түрлерін қолдану, іштен жанатын қозғалтқыштарды жетілдіру, оларды электромобильдермен, аккумулятормен алмастыру. Тоңазытқыштарда — атмосфераның озон қабыршығын бұзатын фреондарды фтор көміртегілерінің басқа түрлерімен алмастыру.
Табиғат жағдайлары қоғамдық еңбектің өнімділігіне тікелей әсер етеді. Олар қолайлы болғанда еңбек өнімділігі артады, қолайсыз болғанда, керісінше, еңбек өнімділігі кемиді. Соңғы жылдары еңбектің техникалық деңгейі үздіксіз артып отырғанымен, табиғи ресурстарды пайдаланушы салаларда еңбек өнімділігінің өсуі оған сәйкес келмей баяулады. Табиғи орта сапасының нашарлауы еңбек өнімділігінің артуына кері әсер етуде.
Еңбек өнімділігін арттыратын ғылыми-техникалық революция жағдайында табиғи ресурстардың сарқьшуы, оның сапасының нашарлауы айқын байқалуда. Егер XIX ғасырдың аяғында қүрамында 5% мыс бар кен өндірілетін болса, қазір 0,4-0,5%-дық мыс кендері өндіріледі. Соңғы 15 жылдың өзінде өндірілетін кендегі вольфрам мен молибден 2 есе, мыс 1,7 есе, марганец 1,3 кеміді деген болжам бар. Бұл жалпы барлық металдарға байланысты айтылып отыр. Соңғы кездері барлау, өндіру шығындары да жылдан-жылға артып отыр. Сонымен қоса, табиғатты қорғау шығындарын да едәуір арттыруға тура келеді. Ақаба суды, ауаға шығарылатын газдарды тазартатын, қалдықтарды залалсыздандыратын күрделі құрылымдар, қондырғылар салынады. Осының бәрі негізгі өндіріс шығындарын арттырады.
Табиғатты қорғауға, оның ресурстарын қалпына келтіруге, өсіруге және тиімді пайдалануға жұмсалатын шығындарды экологиялық шығындар деп атайды. Бірақ, ғалымдар осы шығындардың ұдайы өсіп отыруы табиғат пен қоғам дамуының арақатынасындағы заңдылық деп есептейді. Дегенмен, мұндай жағдай табиғатты тиімсіз пайдалануға ғана тән. Табиғатты тиімді пайдалану жүзеге асырылғанда қандай да болмасын шығынның артуына жол берілмеу керек. Экологиялық шығындарды қысқарту үшін табиғи ортаның қалыпты жағдайын бұзбай, табиғи ресурстарды тиімді пайдаланатын экономикалық қатынастарды қалыптастыру қажет.
Осындай қатынастарды қалыптастырудың негізгі жолы — қалдықсыз, аз қалдықты өндірісті дамытып, қалдықтарды қайта қолдану. Қазіргі өндіріс орасан көп қалдықтар шығарады. Бірақ мұны түрақты даму бағыты деп қарауға болмайды. ҒТЖ қалдықсыз өндіріс құруға, қалдықтарды қайта пайдалануға мүмкіндік береді.
#Индустриялық #қоғамдағы #зат #және #қуат #айналымының #ерекшеліктері
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз