Химиялық реакциялардың жылу эффектісі

0

Кейбір заттардың жануы кезінде көп мөлшерде жылу мөлшері бөлінеді, мысалы көмірдің жануы кезінде. Ал кейбір реакциялар кезінде сырттан жылу сіңіріледі.


Бұны химиялық реакциялардың жылу эффектісі деп атайды.


Экзотермиялық реакция


Экзотермиялық реакция — бұл жылу бөлінетін химиялық реакция.


Ағаштын, көмірдің, газдың, спирттін, т. с. с жануы экзотермиялық реакциялардың мысалы бола алады.


Экзотермиялық реакция


Эндотермиялық реакция


Ал реакция аяғына дейін жүруі үшін, сырттан жылуды қажет болса, бұндай реакциялар эндотермиялық деп аталады.


Эндотермиялық реакция сырттан жылуды қажет ететің реакция.


Термохимиялық теңдеу


Әрбір химиялық реакция өткенде, жылу бөлінеді не сырттан сіңіріледі. Осы жылу мөлшерін реакция теңдеуінде көрсете аламыз. Мысалы бір моль көмір жаңғанда 402,24 кДж жылу бөлінеді:


C + O2 = CO2 + 402,24 кДж


Бөлінген жылу мөлшері химиялық реакцияға түскен заттын мөлшеріне және сыртқы ортаның температурасына байланысты, химияда заттын өлшем бірлігі моль екенің білесіндер, ал температураның стандартты деңгейі термохимиялық процестерде +25 С0 деп алынған.


Термохимиялық теңдеу бұл реакцияға түскен бір моль заттын жылу эффектісі көрсетілген теңдеу.

Пән: Химия