Химиялық реакция теңдеулері

0

Химиялық реакция дегеніміз екі немесе бірнеше заттын молекулалық не атомдық деңгейде өзара әсерлесуі және бұның нәтижесінде жаңа заттардың түзілуі. Мысалы темірден жасалған заттарды тот басады:


тот басты


Бұл темір атомдарының оттегі атомдарымен қосылып темір тотығын түзуі. Алғашында екі зат болды, бұл темір мен ауадағы оттегі, кейін үшінші зат темір тотығы пайда болды.


Химиялық реакция теңдеулері


Химиялық реакция теңдеулері реакция нәтижесінде пайда болатын заттарды және олардың мөлшерлерінің өзара ара-қатынасы жайында мәлімен береді.


Бұны құру үшін реакцияның химиялық қасиеттерің білу қажет, химиялық қасиеттерді білмей теңдеуді құра алмаймыз!


Судың түзілуінің теңдеуінің жазайық.


Су


Су, оттегінде сутегінің жанғанында түзіледі. Сутегі мен оттегі реакцияда газ күйінде болады, екі атомдан құралған молекулалар түрінде. Яғни H2 сутегі молекуласы O2 оттегі молекуласында жанады да H2O түзіледі.


Осыны теңдеу түрінде жазайық:


H2 + O2 → H2O


Сутегі оң жақта екеу, сол жақта да екеу. Оттегі сол жақта екеу, оң жақта біреу. Осыны теңестіру үшін судын және оттегінің алдына екіні қоямыз:


2H2 + O2 → 2H2O


Енді теңдеудің екі жағында да сутегі мен оттегінің атомдардың сандары бірдей!


Яғни химиялық реакция теңдеулерің құрғанда, молекулалар мен атомдардың алдына, теңдеудің екі жағындағы атомдардың сандарын теңестіру үшін коэфициенттерді қоямыз.

Пән: Химия