Химиялық байланыс түрлері

0

Не себепті атомдар бір-бірімен қосылып, молекулаларды құрайды? Не себепті табиғатта осыншама заттар бар? Не себепті табиғатта миллиондаған түрлі заттар бар?


Бұл сұрақтардың жауабы химиялық байланыс. Химиялық байланыстың көмегімен атомдар бірігіп күрделі және жәй молекулаларды құрайды. Мысалы су молекуласындағы оттегінің бір атомы сутегінің екі атомымен химиялық байланыспен байланысқан:


Су молекуласы


Химиялық байланыс қалай пайда болады?


Әрбір атомда электрондар бар, бұл электрондар атом ядросын айналып тұрады. Бір атомның электрондары мен екінші атомның электрондары әрекеттесіп химиялық байланыстар түзіледі.


Химиялық байланыс түрлері үшеу — коваленттік, иондық және металдық.

Пән: Химия