Ауа райы болжамы: 25 қаңтар

0
123

Жұма күні, синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бүкіл аумағында дерлік қар жауып, боран соғады

АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, атмосфералық фронттардың әсерінен қар жауады. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, боран, қатты жел болады, деп хабарлады «Қазгидромет».

Ірі қалалардағы ауа райы 

Жұма күні Шымкентте күн жайма шуақ әрі жылы болады – күндіз ауа температурасы бес-сегіз градус жылы болса, түнде сынап бағанасы минус екі градусқа дейін төмендейді.

Алматыда 25 қаңтарда күн ашық, желсіз. Күндіз ауа температурасы плюс бір градусқа дейін жылынса, түнде минус үш пен бір арасында құбылып тұрады.

Астанада жұма күні қатты аяз – таңертең және күндіз күннің көзі күлімдегенімен, таңғы ауа температурасы 24-28 градус аяз болады, түстен кейін аспан бұлттанып, сынап бағанасы минус 19-21 градусқа дейін жоғарылайды.

Өңірлердегі ауа райы

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Қостанай облысында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Атырау мен Маңғыстау облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, түнде желдің екпіні — 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерде тұман, боран, желдің екпіні — 17-22 м/с.

Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, төменнен соққан боран, желдің екпіні 15-20 м/с.

Ақмола, Жамбыл облыстарында кей жерде – тұман, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с.

Алматы, Қызылорда облыстарында кей жерде тұман, көктайғақ. Түркістан облысында кей жерде тұман.

Дабылды ескерту

«Қазгидромет» синоптиктері үш өңірде дабылды ескерту жариялады.

25 қаңтарда Қостанай мен Батыс Қазақстан облыстарында боран, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облыстарында кей жерде төменнен соққан боран, тұман. Күндіз кей жерде көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/