Ғылыми стиль туралы сабақ жоспары, қазақ тілі
Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары) Ғылыми стильдің қолданылуын, мақсаты мен тілдік құралдарын ұғынады, тіл мәдениеті, логикалық ойлауы дамиды, іскерлік шеберліктері артады.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
Ғылыми стиль туралы түсінік қалыптасады
Оқушылардың басым бөлігі:
Мәтінге тілдік талдау жасай алады.
— Мәтіннің мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады.
Кейбір оқушылар:
Өзінің сыни көзқарасын білдіре алады.
Тілдік мақсат Оқушылар:
стильдерге талдау жасайды
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Термин сөздер, тұжырымды ойлар, ғылыми ұғымдар, ауыспалы осы шақ, ырықсыз етіс
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік
бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Сіз неліктен… екенін айта аласыз ба?
Неліктен ғылыми стильдің адам өміріндегі орны ерекше?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Ғылыми жоба
Алдыңғы тақырып Публицистикалық стиль
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы «Шаттық шеңбері» «Шаңырақ» тренингі бойынша амандасу
«Бейджик» әдісі бойынша топқа бөлу. Бейджиктерде «Биология, Әдебиет, Тарих, Техника, Мәдениет» тақта
Ортасы Балалар, біз бүгін бір ғылыми институт қызметін атқарамыз. Бүгін бізде үлкен пленарлық мәжіліс. Осы жиналыстың қорытындысын басылымдарға беру керек. Арамызда хатшы болуға тиісті. Ол үшін біз басылым тілі публицистикалық стильді еске түсіріп алайық.
«Сұрақ бізден, жауап сізден» әдісі арқылы сұрақтарға жауап іздейміз.
1. Публицистикалық стиль дегеніміз не?
Жауап: Публицистикалық стиль көпшілікке арналған стиль түрі.
2. Публицистикалық стилдің басты сипаты қандай?
Жауап: публицистикалық сөз өте жинақы, тұжырымды болып құралады.
3. Публицистикалық стильдің сипатын толықтыр. Сөз………. болады.
Жауап: Сөз экспрессивті, екпінді болады.
4. Публицистикалық стилдің тақырыбы қандай?
Жауап: Публицистикалық стилдің тақырыбы өмірдің әр саласын қамтиды.
5. Публицистикалық стиль қай стильдермен байланысады және неге?
Жауап: Тақырыбына сай ғылыми, көркем әдебиет стиліне жуықтап келеді, себебі оның тақырыбы өмірдің әр саласын қамтиды.
6. Публицистикалық стильдің тілдік сипаты қандай?
Жауап: Публицистикалық стильдің сипатына сай мынадай тілдік тұлғаларды қамтиды:
А) экспрессивті сөздер, мақал — мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер
Ә) тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер:
б) толымсыз сөйлемдер, эллипсис сөйлемдер
в) тыңдаушылардың көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы, лепті сөйлемдер
енді Жиналыс хатшысын сайлап алайық. Айзат сайланады. Жиналыста қаралатын мәселелрге көшейік
1 — мәселе ғылыми стильді дұрыс пайдалану.
2 — мәселе. Ғылыми еңбек қорғау
Бірінші біз өз ғылыми еңбектерімізде ғылыми стильді қаншалықты дұрыс қолданып жүрміз сол туралы әңгіме болсын. Сұрақтан бастайын:
— Ғылыми стиль өмірдің қай саласында пайдаланылады?
— ғылымда
Ғылыми стильді кімдер пайдаланады?
— ғалымдар, зерттеушілер, ғылыми еңбек, мәнжазба жазушылар.
Ғылыми стильге ауызша түсінік беріп өту.
2. Түсіну Оқушылар дәлелдемелер келтіреді.
1 — топ «Биология» 95 — жаттығу 2 — бөлігі оқиды, ғылыми стиль екенін дәлелдейді
2 — топ «Әдебиет»95 — жаттығу 1 — бөлігі көркем әдебиет стилі екенін дәлелдейді.
3 — топ «Тарих — география» 111 — жаттығу ғылыми стиль екенін дәлелдеу, жалқы есімді атау
4 — топ «Техника» 113 — жаттығу ғылыми стиль екенін дәлелдеу жаңа сөздерді табу, қалай жасалғанын анықтау (бейнемонитор)
5 — топ «Мәдениет»104 — жаттығу музыка терминіне қатысты сөздерді тауып мағынасын ажырату. Ол сөздерді қатыстырып сөйлем құрау
3. Қолдану Ғылыми жобаларын қорғау
1 — топ 97 — жаттығу
Ғылыми жоба тақырыбы: Бидай
Мақсаты: Бидай өнімін зерттеу:
Жаңалығы: Бидайдың түрлерін табу
Қорытынды: Бидайдың жаздық, күздік түрінің бар екенін анықтап, қай уақытта қалай егетінін түсіндіру
Бидай Жер шарында кең тараған, ауылшаруашылық дақылдардың ішінде бірінші орын алады. Орын алады – ашық рай, себебі ауыспалы осы шақта тұр. бидай ұнынан на, макорон сияқты тағамдар дайындауға болады. Дайындауға болады — ашық рай. Бидай ұнынан пісірілген нан дәмді, өте сіңімді болады. Өте сіңімді — ашық рай
2 — топ 99 — жаттығу
Ғылыми жоба тақырыбы: Сал серілер туралы
Мақсаты: сал – серілік дәстүрмен таныстыру
Жаңалығы: Біз бұрын тек Біржан салды білетін еді, енді сал серілік өнердің дамуына ықпал еткен Дәстем сал мен Дүйсен сері екендігі, сал серілердің керемет шебер иелері екендігі
Қорытынды: сал серілер ел арасынан шыққан дүлдер яғни жүйріктер синонимі, олар сөзге шебер, яғни синонимі ұста болған. Сал серілерді халық кемеңгер, яғни ұлы санаған. Ардақ тұтқан, яғни қадірлегендігін білдік. Сал серілерде өнерпаздық, әншілік, шешендік сыпайылық, күйшілік, атбегілік, құсбегілік, т. б. көп қасиеттер бар екенін білу
3 — топ 103 — жаттығу
Ғылыми жоба тақырыбы: Жезқазған аймағы
Мақсаты: Жезқазған аймағының улануы
Жаңалығы: 1бөлігі « Ел кіндігі» деп аталады Жезқазған аймағының Қазақстанның дәл кіндігінде орналасқандығы айтылады. Қазақстанның геометриялық орталығы Ұлытаудың маңындағы Кішітауда ескендікі зерттелген. Ол жерге жәдігерлік арнайы белгі орнату керек екені айтылады.
2 — бөлігі «Жезқазғанның экологиялық ахуалы» деп аталады.
Семей полигоны әртүрлі радиоактивті заттарды сіңіргені туралы айтылады.
3 — бөлігі «Тау жыныстары»
Тау жыныстарының тегістелмегені, рекультивация, дезактивация шаралы жүзеге асырылмағаны айтылады.
Сөздік:
Дезактивация — әр түрлі объектілердің сыртқы беттік қабаттарын (су, құрылыс, техникалық өндіріс, ас — су, қару — жарық, әскери техника) әр түрлі заттар көмегімен радиоактивті заттардан тазарту
Рекультивация — бүлінген жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіру.
Қорытынды: Жезқазған аймағының экологиялық тазалығын сақтау
4 — топ «Техника» 106 — жаттығу
Ғылыми жоба: Қарғалы су электр станциясы:
Мақсаты. Қарғалы су электр станциясының көркеюі
Жаңалығы: 700 — 800 үйді арзан электр қуатымен қамтитын су электр станциясы
Қорытынды: Әр килловат энергияға елу — ақ тиын төленеді.
5 — топ «Мәдениет»108 — жаттығу
Ғылыми жоба тақырыбы: Серке Қожамқұлов ұлылар сөзімен
Мақсаты. Белгілі қайраткер С. Қожамқұлов туралы пікірлерді жинау
Жаңалығы: өз замандастарының берген бағасы
Қорытынды: Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясындағы момын Қоңқай рөлін ойнаған Серке Қожамқұлов туралы Тахауи Ахтанов тың «Серағаң жасаған Қоңқай – кішкене адамның ұлы бейнесі» деген сөзіне орай Серке Қжамқұловтың өзі былай деген «Бәзбіреулерге мен Қоңқайды оп — оңай ойнайтын болып көрінетін шығармын. Ол бекер. Бұл – менің екі жыл бойы «алысып» барып бағындырған бейнем. Қазір де ол – әбден игерген рөлім болса да жаттанды, жеңіл ойнауды көтермейді». Ал Тахауи Ахтанов тағы да Серке туралы:
«Серәлі Қожамқұлов жайындағы сөзді қазақ халқының жаңа тарихына көз жүгіртуден бастағым келеді. Өйткені, қазіргі ең үлкен сахна шебері, еліміздің өнер ағасы Қожамқұлов тарихымыздың куәгері ғана емес, қайта түлеген көркем өнеріміздің көшбастаушыларының бірі, шоқтығы биік ірі тұлғасы»,- деп ой қозғайды.
Жобадағы антонимдер: кішкене — ұлы, тырнақшаның қойылу себебі: төл сөз болғандықтан
Талдау. Шығып сөйлеушілер Венн диаграммасы
Ғылыми стиль мен публицистикалық стиль айырмашылығын айту Оқулық, слайд, А3 қағазы, маркер 2 түрлі 10 маркер, бейджиктер
Аяқталуы Жинақтау: Пленарлық мәжілістің сұрақ жауабы
Неліктен ғылыми стильдің адам өміріндегі орны ерекше?
Бағалау: Пленарлық мәжілістің қаулысын шығарайық
Кері байланыс:.- түсіндім
— сұрақтарым бар
— түсінбедім
Үйге тапсырма: 109 — жаттығу Кері байланыс парағы, стикерлер
Қосымша ақпарат слайд
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз? Бағалау — Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері
АКТ — мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
Жансұлу мен Еламанға Реферат «Бұқар жырау», «Бөлме өсімдіктері» тақырыбына Формативті: ынталандыру үшін смайликтер суммативті
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Серке Қожамқұловтың өзі былай деген «Бәзбіреулерге мен Қоңқайды оп — оңай ойнайтын болып көрінетін шығармын. Ол бекер. Бұл – менің екі жыл бойы «алысып» барып бағындырған бейнем. Қазір де ол – әбден игерген рөлім болса да жаттанды, жеңіл ойнауды көтермейді». Ал Тахауи Ахтанов тағы да Серке туралы:
«Серәлі Қожамқұлов жайындағы сөзді қазақ халқының жаңа тарихына көз жүгіртуден бастағым келеді. Өйткені, қазіргі ең үлкен сахна шебері, еліміздің өнер ағасы Қожамқұлов тарихымыздың куәгері ғана емес, қайта түлеген көркем өнеріміздің көшбастаушыларының бірі, шоқтығы биік ірі тұлғасы»,- деп ой қозғайды.
Сөздік:
Дезактивация — әр түрлі объектілердің сыртқы беттік қабаттарын (су, құрылыс, техникалық өндіріс, ас — су, қару — жарық, әскери техника) әр түрлі заттар көмегімен радиоактивті заттардан тазарту
Рекультивация — бүлінген жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіру.
1. Публицистикалық стиль дегеніміз не?
Жауап: Публицистикалық стиль көпшілікке арналған стиль түрі.
2. Публицистикалық стилдің басты сипаты қандай?
Жауап: публицистикалық сөз өте жинақы, тұжырымды болып құралады.
3. Публицистикалық стильдің сипатын толықтыр. Сөз………. болады.
Жауап: Сөз экспрессивті, екпінді болады.
4. Публицистикалық стилдің тақырыбы қандай?
Жауап: Публицистикалық стилдің тақырыбы өмірдің әр саласын қамтиды.
5. Публицистикалық стиль қай стильдермен байланысады және неге?
Жауап: Тақырыбына сай ғылыми, көркем әдебиет стиліне жуықтап келеді, себебі оның тақырыбы өмірдің әр саласын қамтиды.
6. Публицистикалық стильдің тілдік сипаты қандай?
Жауап: Публицистикалық стильдің сипатына сай мынадай тілдік тұлғаларды қамтиды:
А) экспрессивті сөздер, мақал — мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер
Ә) тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер:
б) толымсыз сөйлемдер, эллипсис сөйлемдер
в) тыңдаушылардың көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы, лепті сөйлемдер
Дереккөз: http://bilimsite.kz/