Бас әріппен жазылатын сөздер, Жайлауда

0
Бас әріппен жазылатын сөздер. Жайлауда
Ана тілі. 1 — сынып.

Сабақ тақырыбы: Бас әріппен жазылатын сөздер. Жайлауда.
Сабақ мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың жер — су атауларын бас әріппен жазуға жаттықтыра отырып, олардың оқу сапасын, таным аясын арттыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлауы мен сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелілігі: Табиғатқа деген жақсы қарым — қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Алған білім, білік және іскерлік дағдыларын қолдану сабағы.
Сабақ әдісі: сын тұрғысынан ойлау стартегиясы; топпен жұмыс; интерактивті тақтамен және электронды оқулықпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: География пәнімен.
Көрнекілігі: Бас әріппен жазылатын сөздер. Жайлау, елдер суреттері.
Жүрісі:
І. Қызығушылықты ояту. Топпен жұмыс.
Асан, Алатау, Мұрат, Ақтөс, Шымкент, Серкебаев, Құлагер, Талдықорған, Құтжол.
І топ: Адам аттары.
ІІ топ: Жер — су аттары.
ІІІ топ: Үй хайуанаттары мен жануарлар аттарын табады.
( сөйлем ойлату).
ІІ. Мағынаны тану.
1. Суретпен жұмыс.
Берілген Жайлау суреті бойынша оқушылар әңгімелейді.
— 2 —
2. Мұғалімнің Жайлау туралы кіріспе әңгімесі.
3. Оқулықпен жұмыс.
«Жайлауда» мәтінін мәнерлеп оқу. Мәтін мазмұнын түсіндіру.
4. Электрондық оқулық арқылы география пәнінің мұғалімі «Ұлы Жібек
жолы» туралы түсінік береді.
5. – Мәтінді оқушылардың іштей оқуы.
— Мәтін бөліктері бойынша 3 топқа дауыстап оқыту.
6. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар:
І топ: Әңгіме не жайында айтылған?
Қандай жайлаулар бар?
ІІ топ: Адамдар жайлауда не істейді?
Балалар не істейді?
ІІІ топ: Таулы Жайлауда қандай жемістер өседі?
Мәтіндегі берілген жайлаудың аттары қандай әріппен жазылған?
7. Оқушылардан мәтіннің толық мазмұнын сұрау.
8. Дәптермен жұмыс.
Оқулықтағы 229 – жаттығу орындалады. (тақтаға жазады).
9. «Ортадағы қаламсап»
А, Қ, Ж әріптерінен басталатын жер — су атауларын жазу.
10. Сергіту сәті.
(Қазақ халқы жайлауда жүргенде ән айтып, би билеген. Соған
байланысты «Қара жорға» биін оқушылар билейді).
11. Шығармашылық жұмыс.
(Өлеңнен бас әріппен жазылатын сөздерді тауып жазу).
— 3 —
Сырдария
Білем сені, сүйем сені
Сырдың суы – қарт анам!
Сенсің мені әлдилеген,
Туған сенен мен – балаң.
Жазса Тарас Днепрді,
Жазса Пушкин Еділді,
Неге маған жырламасқа,
Сырда туған елімді. (Ә. Тәжібаев.)

Үш топқа өлең бойынша тапсырма беріледі:
І топ: Өлеңді мәнерлеп оқу.
ІІ топ: Кісі аттарын теріп жазу.
ІІІ топ: Өзен аттарын теріп жазу.

ІІІ. Ой толғау. Не үйрендік?
230 — жаттығу. Жұмбақтағы ел атауларын тауып, сабақты қорытындылау.
(ел атауларының бас әріппен жазылатынын айту).
(Елдердің суреттері көрсетіледі).
ІУ. Оқушыларды бағалау.
У. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Жайлау тақырыбына сурет салу.

Атырау қаласы, Еркінқала селосы,
Еркінқала орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Амирова Эльмира Қадірліқызы

Дереккөз: http://bilimsite.kz/