Гравибарлаудың даму тарихы туралы слайд,презентация

0

Гравибарлаудың даму тарихы туралы слайд,презентация

 

 

 

      Гравибарлау Жер үстіндегі ауырлық күшінің таралуын зерттейді.          Ауырлық күші мен гравитациялық өрістің басқа элементтерінің  Жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттеуге негізделген ғылымды гравиметрия деп атайды.     Гравибарлау Жердегі ауырлық күшінің таралуынан басқа Жердің пішінін анықтауға мүмкіндік береді, яғни гравибарлау көмегімен жоғарғы геодезияның негізгі мақсаттарын шешуге болады.     Галилей өлшеулерді өзі ашқан қатты дененің құлау заңы көмегімен жүзеге асырды. Галилейдің тəжірибесіне сай:
Кез келген дене өзінің массасына, химиялық құрамына қарамай Жерге бірдей үдеумен түседі;
Құлап жатқан дененің жолы бірінші секундтағы денеге берілетін жарты үдеуіне тең.

мұнда J – айналу осіне қатысты дененің инерция моменті, а – айналу осінен маятниктің ауырцентріне дейін арақашықтық, М – маятник массасы.     
    Маятниктің келтірілген ұзындығын анықтауы қиынға ұшыраған, сондықтан ауырлық күші үдеуін өлшеген бірінші зерттеуішілер математикалық маятникке максималды ұқсайтын аспаптарды қолдануға ұмтылған болатын.
    
    Жер пішінін анықтауда Лаплас үлкен табыс енгізді. Лаплас Пьер(1749 — 1827) — француз астрономы әрі математигі, физигі. Ол аспан механикасы әдістерін дамытты, Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңы негізінде Күн жүйесіндегі аспан денелерінің қозғалысының өзіне дейінгі ғалымдар түсіндіре алмаған мәселелерін аяқтаған, ол егер планеталардың біріне-бірінің әсер ететін ұйытқытулары математикалық қатарлар ретінде қарастырылатын болса, бүкіләлемдік тартылыс заңы планеталардың қозғалысын толық тай түсіндіре алатынын дәлелдеген.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!