Гидроцефалия қазақша слайд,презентация
Гидроцефалия қазақша слайд,презентация
Гидроцефали́я (грек. ὕδωρ – су және κεφαλή – бас-ми, мидың суы), яғни бас сүйегінде ми сұйықтығының мөлшерден тыс жиналуы деген мағынаны береді. Негізі бас пен жұлынның арасы үнемі ликвор деп аталатын сұйықтықпен шайылып тұрады. Бұл түссіз, мөлдір сұйықтықтың атқаратын қызметі орасан. Соның ең бастысы – қосымша миды қоректендіріп және қорғап тұру. Жаңа туған нәрестелерде жалпы цереброспинальды сұйықтық мөлшері 15-20 мл-ді, 1 жаста 30-35 мл-ді, ересектерде 120-150 мл-ді құрайды. Гидроцефалия кезінде цереброспинальды сұйықтық мөлшері 1-1,5 литрге дейін көбейеді
Гидроцефалия даму себебі
даму кемістігінен,
құрсақішілік инфекцияның,
ликвор айналымының немесе сіңіру процесінің бұзылуынан,
орталық жүйке жүйесі ауруларынан,
ісіктер, бас ми жарақатынан немесе ауытқуынан,
жүктілік кезінде немесе босану барысындағы патологиядан,
қан құйылу, т.б. салдарынан болады.
Гидроцефалия туа бітті және жүре пайда болады. Гидроцефалия ашық (хабар беруші) және жабық (окклюзиялы); сыртқы және ішкі; клиникалық ағымына байланысты өткір, үдемелі, созылмалы, компенсацияланған және қалпына қайтып келе алмайтын болып бөлінеді. Гидроцефалияның ашық түрі барлық ми қарыншаларының жүйелерінің кеңеюімен сипатталады. Жабық түрінде ішкі қарыншалар жүйесіне ликвор ағысының бұзылуы оның даму кемістігіне, спайкалық процестерге, т.б. байланысты