Әбділдә Тәжібаевтің Толағай ертегісі слайд,презентация – Әдебиет

0
281

Әбділдә Тәжібаевтің Толағай ертегісі слайд,презентация

Сабақтың тақырыбы:   Ә. Тәжібаев « Толағай»
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік – әдеби ертегі «Толағай» туралы білімдерін саралау,
 жүйелеу, ертегінің идеясын анықтау;
Дамытушылық- оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды 
           дамыту, оқушылардың көркем шығарма оқуға
                         қызығушылығын арттыру, сондай-ақ өзіндік пікірлерін,
  көзқарастарын білдіруге  қалыптастыру, 
өз беттерінше ізденуге жетелеу;
Тәрбиелік –   ұйымшылдыққа , өзін -өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін 
                  тыңдап, бағалай білуге, қауымдасып жұмыс  істеуге
Отанды елді сүйе білуге баулу.
Түрі: Сайыс сабақ
Тегі: Топпен жұмыс
Әдісі: психологиялық дайындық, ұжымдық оқыту, талдау –   
жинақтау, проблемалық сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: сабақ бойынша слайдтар, тірек тақта.
Технологиясы: сын тұрғысынан ойлау.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, музыка, өзін-өзі тану.

Қызығушылықты ояту

Қане, балалар, бәріміз тақтаның алдына қарай
 шығып, «Шаттық»  шеңберін жасап тұра қояйық.
Енді бір- бірімізге бір –бір  ауыз сөзбен жақсы 
тілектер тілейік!
 Тек біріміздің айтқанымызды, 
екіншілерміз қайталамауға тырысайық!  
Алақандарымызды ашып, көршілеріміздің айтқан 
ақ тілегін қабылдауды бастайық!
    Ұжымдық оқыту әдісі бойынша оларды 
3 топқа бөлемін.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!