Г г дыбысы мен әрпі балабақшадағы ашық сабақтар
Оңтүстік қазақстан облысы Отырар ауданының Қоғам орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байдуллаева Ақнұр
Тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі.
Білім саласы: «Қатынас», «Шығармашылық».
Білім бөлімі: Сауат ашу.
Мақсаты: Білімділік: Г дыбысы және әрпімен таныстыру. Өтілген
дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың
ерекшеліктерін еске түсіру,
Дамытушылық: Буын туралы түсініктерін кеңейту, қол
қимылын жаттықтыру.
Тәрбиелік: Имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кеспе әріптер, ойыншықтар, үлестірмелі суреттер, қима
қағаздар, ребустар, көк, қызыл түсті дөңгелектер,
интерактивті тақта.
Әдісі: сөздік, көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап ойын.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастырушы қозғаушы 1-мин |
«Шаттық шеңбері» Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз. |
Балалар қонақтармен амандасады. |
Ізденуші – ұйымдастырушы. |
Өткенді еске түсіру. Балаларға дөңгелекшелер тарқатып, дыбыстарды атау.Балалар айтылған дыбысқа сай дөңгелекшені көрсетеді. «Ғажайып сәт» ұйымдастыру Тапқышбек бізге қонаққа келді, ол жай келмепті бізге бірнеше тапсырмалар ала келіпті деп, 1-тапсырмасымен таныстыру. 1-тапсырма Жұмбақ жасыру
Дұрыс, оны қай түспен белгілейміз.
— Өте жақсы! Г дыбысы сөз басында, сөз ортасында кездеседі. Мысалы: Буынға бөлгізу Гүл – 1 буын, 3 дыбыс шеге – 2 буын, 4 дыбыс. кенгуру – 3 буын, 7 дыбыс
2-тапсырма «Әдемі етіп жазамыз!» Г әрпімен таныстыру 1. алгоритмімен танысыру 2. ауада жазғызу 3. дәптерге жазғызу Гг
3-тапсырма «Сергіту сәті» Шаршағанда ырғалып, Гүлге ұқсап демалам. Қанатымды бір қағып, Гүлдей болып жайқалам.
4-тапсырма «Оқимыз, ойлаймыз!» гү-гү-гү – қызыл гүл ге-ге-ге – қисық шеге гі-гі-гі – жинаймыз егін.
5-тапсырма «Қай әріпті жоғалттым?» Шарты: Балаларға суреті бар қима қағаздар тарқатылып сурет атауындағы қай әріп жоқ екенін тапқызу
6-тапсырма Ребус шешу
|
Мысалы: А-қызыл, Д-көк, О- қызыл,т.б
Балалар Тапқышбекпен сәлемдеседі.
Сөз басында Ортасында Ортасында
Г г әрпін жазады, Ғ ғ әрпіне ұқсайтынын айтады.
Балалар қимылмен көрсетеді.
Буындарды оқиды, сөз ойлайды.
Балалар өз беттерінше орындайды.
Гүлнұр, Гүлсім, Айгүл
|
Жетекші – жөндеуші |
Қорытынды: Тақтадан Тапқышбектің сөзін оқыту. Мақтап-мадақтау |
«Рахмет» сөзін оқиды |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білу. Өтілген
дыбыстарды есте сақтай білу.
Қалыптасқан түсінік: Сөз ойлау, жұмбақ шешу, ребус шешу.
Орындаушылық қабілеті: Әріпті таза, үлгіге қарап жазу.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!