Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келді 

0

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тұңғыш Президентті Алматы әуежайында жастар салтанатты түрде қарсы алды.

Жастар ұйымының өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевты жастарға көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін, сондай-ақ, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс айтты.

Екі мыңға жуық алматылық студент G-38 студенттік ұйымының қолдауымен Елбасын қолдарына гүл ұстап қарсы алды.

Ұшақ басқышынан түскен Нұрсұлтан Назарбаев жастар алдына барып, оларға тосын, жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдірді.

Еске салайық, 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. 20 наурызда Қазақстан Президенті қызметіне Қасым-Жомарт Тоқаев кірісті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы және Конституциялық Кеңестің мүшесі болып қалады.