Философиядағы алғашқы баламалық бағыттар – Философия – Рефераты на казахском языке – Библиотека

0

 

Демокрит пен Платон өмір сүрген дәуірде кене грек философиясындағы материализм мен идеализмнің айырмашылығы бара-бара тереңдеп, бір-біріне қарама-қарсы өнімдерге айналды. Әрі Демокрит пен Платонның философиясында сіңірген еңбектерінің орасан зор болғандығы соншалықты, біздің заманамызға дейін қосам жарланып өмір сүріп келген философиялық қос бағыт солардың атымен аталады.

Б.д.д. V ғасырдың екінші жартысында грек Демокрит философиясы езінің жаңа да биік сатысына бағыты көтерілген еді. Философ, әрі жаратылыстану ғылымдарының көрнекті өкілдері Анаксагор, Эмпедокл, Левкипп және Демокрит грек материализмінің дамуына зор үлес қосты. Солардың ішінде Демокрит үздік керінді. Маркс оны гректердің ішіндегі алғашқы әмбебап ақылды философ деп атаған еді. Дсмокриттің атомистикалы ілімінің қалыптасуына оның ұстазы Левкипптің әлем туралы тұжырымдары, дүниенің бөлінбейтін ең ұсақ бөлшектер «атомдардан» тұратыны және ол бөлшектердің бос кеңістікте ала құйын қозғалыста болатындығы жөнінде айтқан пікірлері игі ықпал жасады. Демокрит бай саудагердің баласы болғандықтан кеп елді, кеп жерді аралап, коп ойды көңіліне түйген-ді.

Диоген Лаэртскийдің куәлігіне жүгінсек, ол Демокритті халдей сиқыршыларының шәкірті болған екен, парсы патшасы Ксеркс Абдера қаласына келіп қайтқанда, сол жерге тастап кеткен дейді. Бірақ мұндай мәлімет басқа еш жерде кездеспейді. Басқа деректерге қарағанда, ол Левкипптің шәкірті болған, кейбіреулер Анаксагордың да шәкірті болған деседі. Бірақ соңғы мәліметті Диогсн Лаэртский жоққа шығарады, өйткені, Демокрит Анаксагордың ілімін іске алғысыз етіп сынап, күлкі қылған екен. Ал, Демокриттің бұл қылығын Анаксагордың оны шәкірт етіп қабылдамай қойғаны үшін еш алғандығы деп көрсетеді, Диоген Лаэртский. Оған және де қосымша Антисфеннің куәлігін келтіреді. Ол Демокриттің Персияда, Қызын теңіз жағалауында, Үндіде, Эфиопияда болғандығын, ол жақта жаратылыстану ғылымдарымен айналысқанын растайды1. Аристоксен деген ғұлама кісі өзінің «Тарихи қолжазбалар» деген еңбегінде Платонның Демокриттің барлық шығармаларын отқа жағыи жібергісі келгендігін, бірақ оған пифагор шіл Амикл мен Клинийдің бекер әуре боласың, оның кітаптары бүкіл Грецияға таралып кеткен деп, тоқтау салғандығын айтады. Шынында да, Платонның өз шығармаларында Демокриттің атын бір де бір рет те атамауы тегін емес. Онысы, мүмкін, атышулы материалистінен тікелей айтыстан Платонның қашқақтағаны болар.

Замандастары Демокриттің көрегендігін жыр қылып айтады. Ол туралы көптеген аңыз-әңгімелер біздің заманымызға жетіп отыр. Мысалы, бірде атақты грек дәрігері Гиппократ Демокритке бір құмыра сүт әкеліп берсе, ол дереу ол сүттің бірінші рет лақтаған қара ешкінікі екендігін біле қояды және де Гиппократқа кесіп жүрген қызметші қызға бірінші күні «сәлеметсіз бе, қыз бала» деп амандасса, келесі күні «армысың, әйел баласы» деп амандасыпты. Өйткені, сол күні қыздың әйел болып қалғандығын Демокрит біліп қойыпты.

Демокриттің біздің заманға дейін фрагменттер түрінде сақталып, бүгінгі ұрпаққа жеткен шығармалары кең ауқымды, ғылымның барлық салаларын қамтыған десек те болады. Әсіресе, оның философиядан, логикадан, психологиядан, этикадан, саясаттан, педагогикадан, көркемөнерден, тіл білімінен, математикадан, физикадан жазған шығармалары өз заманында озық үлгілі сипатта болды.

Оның да болмыс туралы ілімі дүниенің түпнегізін іздеуге бағытталды. Бірақ та, Милет мектебінің өкілдері немесе Гераклит сияқты түпнегізді материяның белгілі бір нақты түрінен іздеген жоқ, керісінше, оның әрі қарай бөлінбейтін, көзге көрінбейтін ең ұсақ бөлшектері — атомдардан («бөлінбейтін») іздеді. Бүкіл әлемнің басталуы – атомдар мен бос кеңістік. Бос кеңістік дегеніміз бей болмыс. Демокриттің болмысы Парменид айтқандай біртүтас емес, керісінше, әр алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Өйткені, ол сансыз атомдардан, бос кеңістікте ала құйын жүйткіп жүрген ең ұсақ бөлшектерден тұрады. Заттар мен құбылыстардың нақты түрлері осы атомдардың қосындыларынан пайда болады, ал ол атомдар ыдыраған кезде заттар жойылады немесе олардың орнында басқа заттар, яғни

Демокрит атомдардың басқа түзілістері пайда болады. Атомдардың өздері пайда да болмайды, жойылмайды да. Олар – мәңгі және де ешқандай сыртқы әсердің ықпалына көнбейді, жылымайды, суымайды, ылғалданбайды, құрғамайды, яғни ешқандай да басқа сапаны қабылдамайды. Атомдар құрылымы жағынан өте қарапайым, ал, сапалық жағынан тұрақты. Бірақ та, атомдар арасында түпнегіздік айырмашылықтар болады. Олар, сайып келгенде, заттар мен құбылыстардың сан алуан қасиеттерін қалыптастырады. Ол түпнегіздік айырмашылықтар үшеу – түр (форма), тәртіп, орын. Демек, атомдар өзара түріне, орналасу тәртібіне және алатын орнына байланысты ажыратылады. Олардан басқа, атомдар көлемі, салмағы арқылы да ерекшеленеді.

Эмпедоклдың төрт түпнегізін – топырақты, суды, ауаны және отты Демокрит кеңістік пен материяның ұлы одағынан туындайды деген. Олардың шеңберінен тыс ешқандай атомдық түзілістер болмайды. Топырақ, су, ауа атомдардың кез келген түрлерінен жаратылатын болса, от тек қана домалақ, шар тәрізді атомдардан тұрады

Әлем шексіз, онда дүниелердің сансыз түрі өмір сүреді. Шексіздікте жүйткіген атомдар өзара бірігудің нәтижесінде құйынға айналады. Осы құйынның ішінде олар бей-берекет қозғалыста болып, бірігіп, ажырап, тынымсыз өзгерістерге ұшырай отырып, құйынның өзегін нығыздай бастайды. Жеңіл-желпі денелер бос кеңістіктің сырт жағына ұшып кетеді де, ауырлары бір-бірімен қосылып, домалақ, шар тәріздес қосындыға айналады. Бұл қосындыдан бұлт тәрізді, жеңіл нәрселерден аспан түзіледі де, қатты денелердің бірігуінің нәтижесінде жер планетасы пайда болады. Міне, атомистердің табиғат жаратылысы туралы ілімі, қысқаша айтқанда, осындай.

Ал, ғарыштық ілімге келетін болсақ, онда атомистер әлгінде айтылған бос кеңістіктің сыртына қарай жаңқа тәрізді ұшып түсіп жататын жеңіл денелер әлемдік құйынға араласып, аспан денелерін құрайды деген. Олардың жерден ең қашығы – Күн, ең жақыны — Ай. Күн – зақымдап қозғалыстан «қызып кеткен», отқа айналған ең үлкен планета. Ал, жер алғашқы кезде жеңіл болғандықтан қозғалыста болған да, кейін ауырлай, нығыздала түскен соң тыныштық күйге ойысқан, ол тек өз кіндігінен ғана айналып тұрады, дейді Демокрит.

Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы жөнінде Демокрит Фалестің көзқарасына жоғарғы тұрғыдан ілгері дамытқан. Барлық жан-жануарлар, тіршілік иелері ылғалдылықтан пайда болыпты-мыс. Сондықтан да олардың ата тегі – кейін жер бетінде тіршілік етуге көшкен қос мекенділер. Табиғи сұрыпталудың нәтижесінде, олардың ең өміршең түрлері, қоршаған ортаның жағдайларына төтеп бере алғандары, бейімделе алғандары ғана өсіп – өркендей алған. Адамдар да сол табиғаттың сұрыпталу заңының нәтижесінде пайда болған тіршілік иесі. Олардың басқа жан – жануарлардан ерекшелігі – ақылы мен рухында. Ақыл мен рухты, жанды Демокрит бір қатарға қояды және олардың материалдық нәрсе екендігіне шүбә келтірмейді, өйткені олар да атомдардың (жұмыр, домалақ) қосындысынан құрылады ғой. Бұл жағынан алғанда, олар сапасы жөнінен отқа жақын. Рухтың немесе жанның табиғатын заттық сипатта болады деп түсіндіру діни ұғымға қарсы бағытталған еді.

Алайда, Демокрит жанның адам денесінің қозғалысы үшін айрықша міндет атқаратынын атап көрсеткен болатын. Оның бұл көзқарасын, әрине, аңғал, аңғырт сипатына қарамай, қысқаша келтіре кету жөн шығар. Жан домалақ жұмыр атомдардан тұратын болғандықтан, тынымсыз қозғалыста болады да, денеге жылу таратады. Ал, жылу денені қыздырып, қозғалысқа келтіреді. Демек, өмір туралы атомистердің түсінігі ерекше жаратылған атомдардың қозғалысына негізделген.

Демокрит өз тарапынан бұрыннан қалыптасқан категорияларға (ең жалпы философиялық ұғымдарға) жаңаша сипат берді, әрі ғылымдық жүйеге тың, соны категорияларды да енгізді. Олар – космос, атом, түр (форма), идея, болмыс, шындық, бей болмыс, бос кеңістік, қозғалыс, уақыт, т.с.с. Философия тарихы үшін осылардың ішіндегі «шаңдық» категориясының маңызы зор болды. Оны алғаш рет қолданған Демокрит еді. Бұл категория арқылы ол заттар мен құбылыстардың қасиеттерін «шын мәнісінде» қандай екендігі және жұрттың пікірінде қалай қабылданатыны тұрғысынан саралау керек деген. Мысалы, тәтті, ащы, қызыл, жасыл түстер тек жұрттың пікірінде ғана орын алады, ал шын мәнісінде олай емес, әлемде тек атомдар мен бос кеңістік қана, олар тәтті де, ащы да емес, қызыл да жасыл да емес, жұрттың пікіріндегі соңғы айтылған қасиеттер — адамдардың сезім мүшелерінің ерекше күйлеріне сәйкес және оларға әсер ететін атомдардың түріне, орналасу тәртібіне байланысты туатын түйсіктер деп атап көрсеткен.

Демек, атомистердің таным теориясының негізі түйсіктер болып табынады. Бұл – элеаттардың түйсіктер жөнінде олардың таным үшін алғышарт екендігін жоққа шығаратын іліміне мүлдем қайшы тұжырым. Демокриттің таным теориясы философия тарихында елеулі рол атқарды. Атап айтқанда, Демокрит танымды негізінен екі сатыға бөлген: төменгі және жоғарғы саты, деп. Төменгі сатысына түйсіктерге негізделген сезімдік таным жатады. Демокрит танымның аталмыш сатысын күңгірт, көмескі таным деп атаған. Бірақ адамдарға ақпарат беріп отыру қызметін атқарады. Көмескі, күңгірт танымға көру, есту, сезу (иіс), дәм сезу сияқты түйсіктер жатады. Олардың танымдық ауқымы өте тар, ақиқатты танудағы мүмкіндігі өте мүшкіл, сондықтан да ақиқаттық таным ақыл-ой араласқан тұста ғана өз дәрежесіне көтеріле алмақ. Міне, Демокриттің бұл сараптамасы әлі күнге дейін өз құнын жойған жоқ, оның көрегендікпен таным табиғатына болжам жасай алғанына тәнті боласың. Өйткені, қазіргі кезге дейін таным теориясының өзі де танымды екі сатыға бөледі, әлбетте, ғылыми негіздеуі Демокриттей аңғал да, балаң дәрежеде емес, өйткені, арада өткен 2500 жылда нақтылы ғылымдар орасан зор табыстарға жетті емес пе?

Кезінде Гераклит «табиғат өз сырын жасыруды жақсы көреді» деген-ді. Демокриттің ақиқат туралы ілімі осы пікірмен үндесіп жатыр. Ақиқат теренде, құдықта жатады, дейді ол. Оны танып-білудің қиындығы да сонда. Қазақтың ғылым туралы «инемен құдық қазғандай» тірлік екендігін тауып айтқандығы Демокритті құптағандай әсер қалдырады. Танымдық механизмді Демокрит идеалдар (кескіндер) арқылы түсіндірмек болады. Заттардың үстінен өте майда кескіндер ұшып шығады да, көзге әсер етіп, көру сезімін туғызады, дейді. Әрине, оптика ғылымының дамымаған кезінде, физиологияның енді ғана тәй-тәй қадам басқан дәуірінде Демокриттен танымдық механизмді ғылыми деңгейде түсіндіруді талап етудің өзі артық.

Демокрит алғашқылардың бірі болып қоғамдық өмірдің пайда болып қалыптасуын материалистік тұрғыдан пайымдауға тырысты. Себепсіз ештеңе өзгермейді. Адамдардың өсіп-өнуіне, өркендеуіне мұқтаждық себеп болды. Әлі алғашқы кезде адамзат қауым – қауым болып жабайы өмір кепті. Аш-жалаңаш болды. Бірте-бірте от жағуды игерді. аң терілерінен киім тігіп кие алатын, баспана тұрғыза алатын дәрежеге жетті, дейді Демокрит. Осының бәрі мұқтаждықтан және де екі қол мен ақылдың арқасында мүмкін болды. Демокриттің бұл пайымдауы үстірт, аңғал сипатта болса да өте дұрыс айтылған пікір. Демокриттің коғамдық өмірді саралауын әрі қарай жалғастырсақ, оның мемлекет туралы көзқарасына келеміз. Мемлекет, оның айтуынша, адамдар арасындағы араздықты болдырмау, тәртіпті реттеп отыру үшін құрылған қоғамдық мекеме. Құл иеленушілік заңдарын пір тұтқан Демокрит, әрине, үстем таптың мүддесін қорғайды, өйткені ол заңдар еңбекшілерді, әсіресе, құлдарды жан төзгісіз езгіде ұстап тұруға бағытталған ғой. «Әркім өз дәуірінің ұлы» дегендей, Демокриттің де өз дәуірінің қоғамдық-саяси, психологиялық санасынан тыс шығып кете алмағаны ақиқат.

Атомистер ілімі, қорыта айтқанда, болашақ философияның материалистік бағытта дамуы үшін орасан зор ықпал жасады. Ол діни көзқарасқа қарсы болды. Платонға ең ұнамаған жері де, мүмкін осы шығар. Ол Демокриттің атын атамай-ақ балағаттауға дейін барғандығы туралы деректер бар. Тіпті, Платонды былай қойғанда, Гегельдің өзі де оған тыжырына қарамады ма?

Өзіне дейінгі философиялық дамудағы идеалистік сарынды барынша таразылап, әрі объективтік идеализмнің жүйесін классикалық деңгейге көтерген Платон (б.д.д. 427-347 ж.ж.) философия тарихында Демокриттің атымен аталған материалистік бағыттың бірден-бір қарсыласы болды. Алайда, оның философиясын сөз етуге көшпей тұрып, софисттерге бір ауыз тоқтала кеткеніміз жөн. Платон софисттерді жақтырмағанымен, олардың кейбір ойларын қабылдағаны анық. Софисттер белгілі бір философиялық мектепке немесе бағытқа жатпайды. Алғашқыда «дана», «данышпан» деген ұғымды білдіретін «софист» сөзі кейіннен лақап атқа айналды.

Олай деп, философ – кәсіпқойларды, үйреткеніне Платон бағыты ақы алатын философ – ұстаздарды атайтын болды.

Алайда, Платонның сыңаржақты айтылған сындарынан кейін, олар жаманатқа ілінді, олар туралы кейбір жаңсақ пікірлерге жол берілді. Ал шын мәнінде, софисттер философия тарихында өзіндік із қалдырған көрнекті ойшылдар еді. Олардың ілімі дүниеге келтірген қоғамдық мұқтаждық еді, өйткені б.д.д. V ғасырдың аяғында саяси өмірде шешендік, пікір таластыру және адамдарды үгіттеп, белгілі бір шешімге ұйыту ісі айрықша мағынаға ие болды. Платон диалектикасының софистикаға қатысы болғандығы күдік туғызбайды, бірақ мұны Платонның өзі мойындаған емес. Өкінішке орай, диалектика көне дәуірдің өзінде-ақ софистикаға өтпелі көпір іспеттес болды. Ұғымдардың әмбебап икемділігін, сусымалылығын, бір-біріне ауысып кете алатындығын жеке басшының мүддесіне пайдаланса, қайткен күнде өз пікірін дәлелдеу үшін «өтірікті шындай, ақсақты тыңдай» етіп тіл безесе, міне, софист деп соны айтады. Софистті тәсілі қазақ билері де, әділетсіз үкім шығарарда қолданған. Абайдың «оқырман ескі бише бос мақалдап» дейтіні осыған байланысты. Софистика мен диалектиканың айырмашылығын қазақтың «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген тамаша диалектикалық үлгідегі мақалы арқылы өте жақсы түсіндіруге болады. Қызыл сөз құдіретін жеке басының һәм туған-туысқандарының пайдасына жұмсайтын би – софисттердің ағайыны, ал, керісінше, шешендік соз құдіретін шындықты бұрмаламай, ақиқат жолына жұмсаған би – диалектиканың ары таза шыншыл өкілі. Әрине, мұндай тура бидің туған-туысқандарына жақпайтыны айтпаса да түсінікті.

Софисттердің ең көрнекті өкілі Протагор б.д.д. 480-410 жылдар аралығында өмір сүрген. Көне деректерге қарағанда, Демокритпен кездескенге дейін Протагор отын тасушы болып күн көреді екен. Демокрит бірде оның әбжіл іс-қимылына тәнті болып, оңаша сөйлескен екен, оның зерек ойына таң қалыпты да, философиямен айналысуына жағдай жасапты. Бірақ та, барлық софисттердің зейінінен дене еңбегі еш уақытта тыс қалмаған деседі.

Протагордың атын шығарған қанатты сөздерінің бірі – «адам – барлық заттардың өлшемі». Бұл сөзде ұғымдардың икемділігін субъективтік те объективтік

Протагорте түрғыдан пайдалану орын алған. Өйткені, шындық өзгермелі, оны әр адам өз деңгейінде, өз дәрежесінде ғана пайымдай алады. Сондықтан да, «адам баласы барлық заттардың өлшемі», — деген Протагор. Мысалы, белгілі бір зат біреуге ащы, біреуге тәтті болып көрінуі мүмкін. Егер Гераклит философиясында қарама-қарсылық объективтік шындыққа төн, өрі бірлікте болатын болса, Протагор осы тұжырымның бір ғана жағын, яғни санадан тыс өмір сүретін қарама-қарсылықтардың бар екендігін мойындаса да, олардың бірлігін жоққа шығарады. Сондықтан да, оның «адам баласы барлық заттың өлшемі» деген қағидасы субъективтік сипатта болады. Алайда, оның бұл қағидасының мазмұнына тереңірек үңілсек, оның дұрыс жақтарының да бар екендігін мойындауға тиіспіз. Өйткені, Протагор бұл ойымен дүниені тек бақылап, түйсініп тұрған адамды айтып тұрған жоқ, керісінше, заттардың табиғатын өзгертіп, оз мақсат-мүдделеріне сәйкес қажеттілігіне жарататын адамды айтса керек. «Ол күңгірт, көмескі түрде болса да адам мен табиғаттың арақатынасындағы еңбектің рөлін көрсеткісі келген болар», – деп шамалайды Секст Эмпирик.

Бір жағынан алғанда, Протагор табиғат пен қоғамды даму үстінде қарастырады. демек ол Гераклит диалектикасымен үндеседі. Екінші жағынан, қарама-қарсы пікірлерді таластыру жөнінде Зенон диалектикасымен үндеседі. Софисттердің кемшілігі олардың ұғымдар икемділігін тым әсірелеп жіберуінде, диалектиканы көпірме шешендікпен айырбастап жібергенінде. Бірақ та, софисттердің ілімі Сократ, Платон, Аристотельдер үшін сынау нысанына айналды да, олардың диалектикалық ойларды дамытуларына түрткі болды.

Сократ Платонның ұстазы, идеалистік ағымның көрнекті өкілі, материализмге ашықтан – ашық, қарсы шыққан. Сократ (б.д.д. 469-399 ж.ж.) Афинада туып-өскен. Ол – философия тарихында Платон бағытының негізін қалаушы. Сократ мамандығы бойынша мүсінші болған. Ол тез арада оз маңайына көптеген шәкірт жинап алды. Олардың көпшілігі қүл иеленушілік демократияға қарсы еді. Сократ өзінің Афиналық демократияға қарсы бағытталған уағыздарымен, демократия өкілдерін қарсы қойып алды. Олар Сократты Афина сотына берді. Оған «жастарды азғындау жолына түсірді, құдайларды келемеждеді, жаңа құдай ойлап таппақшы» деген айыптар тағылды. Афина соты Сократты өлім жазасына кеседі. Түрмеде жатқанда достары мен шәкірттері алып қашпақшы болғанда Сократ үзілді-кесілді бас заңына мойын ұсынуы керек, әйтпесе, мемлекеттіліктің құны болмайды, деген екен. Сократтың бұл айтқаны Қазақстандағы заңдарды белінен басып андаған әкім – қараларға арналғандай әсер қалдырады.

Б.д.д. 399 жылдың мамыр айында Сократ у ішіп өледі. ғылымға берілген адам тілден қалғанша шәкірттеріне не сезініп, не қойып жатқанын хабарлап отырған екен…

Осы орайда, Абайдың тобыр туралы айтқаны, көпшіліктің шешімі әр кезде әділетті бола бермейтіндігі хақындағы пікірлері ойға оралады. Сократқа у ішкізген, Жанна деректі отқа өртеген, Мұхамед ғалайссаламның үстіне жын толы түйенің қарнын ақтартқан тобырдың ісін ақтауға болмайды, – деген Абай.

Сократ жазбаша шығармалар қалдырған жоқ, оның ойлары, ілімі біздің заманымызға Аристотель, Платондардың еңбектері арқылы жетті. Оның ойлары сұхбатқа құрылған. Замандастарының куәлігіне қарағанда, Сократ сөйлегенде сөзінің жүйелілігінің кереметтігімен және келемежінің уыттылығымен жұртты таң қалдырады екен.

Сократтың ұғымында философияның табиғатты зерттеуі қажет емес. Ол адамдарды қалай дұрыс өмір сүруге үйретуі керек. «Өзіңмен – өзің танып біл» – міне, Сократтың негізгі қағидасы. «Мен өзімнің ештеңе білмейтіндігі мді білемін» деген апатты сөз Сократтың ұғымында өзін-өзі танып-білуге итермелейді.

Материалисттер болса табиғатты зерттеп, дүниедегі құдіретті ақыл-ойдың бағасын кетірді, дінді аздырды, ал софисттер болса өздеріне дейінгі дүниетанымды тәрк етті, – дейді Сократ. Оның айтуынша, философия діни – моральдық мәселелермен шұғылдануы тиіс, әділеттілікті, хұқты, заңды, ізгілікті, жақсылық пен жамандықты танып-білуі қажет. Демек, философияның негізгі мәселесін Сократ идеалистік тұрғыдан шешеді: «Дүниенің түпнегізі ол үшін сана, рух болып табылады, ал табиғат олардың туындысы, тіпті, зейін қоюға да тұрмайтын нәрсе.

Сократ – идеалистік этиканың негізін қалаушы. Ол жазбаша еңбек қалдырмаса да оның есесіне кез-келген жерде, көшеде, алаңдарда, жұрт жиналатын орындарда өзінің ілімі ауызша насихаттап, сұхбат түрінде өрбітіп отырды. Барлық ізгілік атаулының іргетасында ең жалпы ұғымдар негіздік тұғыр құрайды. Сондықтан да философияның мақсаты — осы түпнегіздерді танып-білу және адамдарды өмір сүруге үйрету. Сократтың ойлау тәсілі – қарсыласына мазмұны жағынан бір-біріне кереғар сұрақтар беріп, ақыры оны тығырыққа тіреу. Сократ жалқыдан жалпыға қарай ой тербеуге дағдыланған. Мысалы, әділеттілік пен әділетсіздікке жататын көптеген уақиғаларды сарапқа сала отырып, ол сайып келгенде, барлық нақтылы көріністерді қамтитын жалпы ұғымға анықтама беруге тырысады. Енді қысқаша Сократтың пікірталас тудыруға қолданатын әдісіне тоқталайық. Алдау жақсы нәрсе ме? деп сұрайды ол. Әрине, «жоқ» деп жауап бересің. Егер дәріні ішпей қойған ауру баласына әкесі алдай оны тамағына қосып берсе ше? «Дұрыс» деуге мәжбүр боласын. Демек, алдаудың жақсы – жамандығына біржақты қарауға болмайды екен. Нақтылы жағдайға байланысты бағалау керек, – дейді Сократ. Мысалы, досыңды алдасаң – жақсылық емес, ал жауды алдау – міндетің. Осы сияқты мысалдар Сократ философиясында көптеп кездеседі. Ол ұғымдар диалектикасының негізін қалады, ұғымдардың бір-біріне ауысып отыру заңдылығын, алғашқы мағынасына қарама-қарсы мағынаға ие бола алатындығын жан-жақты пайымдаған еді. Сократтың ұғымдар диалектикасында субъективтік сарын басымырақ болды, бірақ та оның ілімі Платонның объективтік диалектикасына арқау болды. Сократ өлімінен кейін оның шәкірттері (ішінде Платон да бар) Афинадан қашып кетіп, бой тасалауға мәжбүр болған.

Көне грек идеализмінің көрнекті өкілі, материализмнің азулы дұшпаны, ақсүйектер тұқымы, Сократтың шәкірті Платон (қазақтардың арасында Платон деген атпен белгілі) б.д.д. 427-347 жылдар арасында өмір сүрген. Платонның шын аты – Аристотель. Платон – оның лақап аты, «жалпақ» деген ұғымды білдіреді. Замандастарынан бұл туралы сан-саққа жүгіртетін деректер қалған. Біреулері оны палуан болған, кең иықты болғандықтан Платон деп аталған десе, енді біреулері, жоқ, ол ойлау ауқымының кең болғандығына қарай «жалпақ» ден аталған дейді. Платон Сократқа жиырма жастағы қылшылдардан жігіт кезінде шәкірт болады. Өмірінде тақсіретті көп тартқан адам. Сицилияда саяси өмірге қызу араласамын деп, оны тиран Дионисий үстап алып, Спарта елшісіне «құлдыққа сат» деп беріп жібереді. Құл базарында кездейсоқ кездескен әріптестерінің біреуі Анникеридон 20 минге (ақшаның түрі) сатып алын, Афинаға қайтарған екен. ОЛ қала сыртында орналасқан гректің қару құдайы Гекадам атындағы гимназияға орналасыпты. Содан Платон мектебі алғашқыда Гекадемия делініп, кейін Академия деп аталып кеткен. Қазіргі ғылымдар Академиясы деген атаудың шығу төркіні осы.

Платонның ілімі – жүйелі түрдегі объективтік идеализм. Ол Гераклиттің диалектикасын, Зенонның апорийлерін, Сократтың этикалық идеализмін бір арнаға тоғыста алған ұлы ойшыл философ. Өзінің объективтік – идеалистік философиясында Платон өзгермелі сезімдік заттар әлеміне өзгермейтін жөне қозғалмайтын рухани мәндер (идеялар) әлемін қарсы қойды. Оның ойынша, идеялар әлемі — алғашқы да, сезімдік заттар әлемі – олардың туындысы. Мысалы, «ағаш» ұғымы мәңгі өзгермейді, ал ағаштан жасалынған заттар сынады, ескіреді, шірін кетеді. Нақтылы ағаш бұйымдары «ағаш» идеясының туындылары. Егер «ағаш» ұғымы болмаса, онда ағаш бұйымдары да дүниеге келмес еді.

Платонның ақыл-ойды тым әсірелеп дәріптеуінің бір ұшы элеаттар философиясына тіреледі. Солар сияқты Платон да ақыл-ойды түйсіктерге қарама-қарсы қойып, сезімдік танымның ақиқатты тану жолындағы маңызын мүлдем жоққа шығарады. Ал, түйсіктердің, атап айтқанда, заттардың түстері, иістері, көлемі т.б. жұрттың пікірінде ғана орын алады, ал заттардың көзге көрінбейтін рухани мәнін тек ақыл зерделей алады, — деген тұжырымы Демокриттік таным теориясының тонын айналдырып кигенмен бірдей әсер қалдырады.

Сезімдік заттар дүниесі өздігінен өмір сүре алмайды, дейді Платон. Ол үшін олардың себебі болуы керек. Ондай себептер міндетін бей денелік, бей сезімдік, рухани идеялар атқарады. Ол идеялар («эйдостар») біртектес сезімдік заттардың белгілі бір тобы үшін бір мезгілде: а) себептілік; ө) заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі; б) сезімдік дүниедегі заттардың ұмтылатын мақсаты; в) әрбір сезімдік заттар тобының түпнегізін бейнелейтін ұғым санатына қызмет атқарады. Әлбетте, сезімдік заттар дүниесі өзгермелі, құбылмалы болғандықтан оларды тек идеялар арқылы түсіндіру, бей болмыс (материя) арқылы ашуға болады. Материя — сезімдік заттардың үнемі өзгеріп, пайда болып, жоғалып кетіп жататын өрісі.Ол өзіне белгілі бір идеяны қабылдағаннан кейін, сол идеядан сансыз заттар мен құбылыстарды тудырады, олар кеңістікте алатын орындарына қарай бір-бірінен ажыратылады. Бұл келтірілген Платонның тұжырымдарынан материяны бей болмыс ден, идеяларды болмыс ден есептейтінін көреміз. Идеялар дүниесін мәңгі өзгермейтін сипатта болады, деп Платон философиялық дамуының алғашқы кезеңінде айтқан еді. Жалпы, оның философиялық ілімі үш кезеңді басынан өткерген-ді. Екінші кезеңде, Платонның «идеялар дүниесі мәні өзгермейді» деген қағидасы оның шәкірттері тарапынан қатты сынға ұшырады. Сондықтан да Платон өзінің бұл қағидасын қайта қарап, идеялардың даму диалектикасын мойындауға мәжбүр болды. Оның ең жемісті еңбек еткен кезі де осы екінші кезеңде еді. Ол өзінің объективтік идеалистік жүйесін негіздеп қана қойған жоқ, сонымен қатар, ұғымдар диалектикасын идеалистік тұрғыдан жан-жақты дамытты. Ал, шығармашылығының үшінші кезеңінде Платон философиясы құлдырауға айналды, мистикалық пайымдаулар, ашықтан-ашық дінді жақтау, қоғамдық құрылыстың реакциялық түрлерін уағыздау сияқты тұжырымдар орын алды.

Рухтың мәңгілігі туралы пифагор шілдердің қағидасына Платон өзінің таным теориясына пайдаланды. Соның нәтижесінде «еске алу» теориясы туды. Оның мәнісі мынада: Рух жер бетіне түспей тұрғанда, идеялар әлемінде өмір сүреді. Ол жерде рух идеялардың барлығын танып біледі. Ал жаңа туған адамның денесіне орналасқан кезде ол білгендерін ұмытып қалады. Ал, сезімдік заттарды, құбылыстарды көргенде баяғы ұмытылған идеялар есіне түседі. Мысалы, тірі биені немесе байталды көрсе «жылқы» идеясына ұқсатады да, есіне түсіреді. Жантақ пен жусанды көрсе «өсімдік» идеясын есіне түсіреді, т.с.с. Ал, адам өлгеннен кейін рух тар қапас ретінде санап келген адам денесінен біржолата босанып ұшып кетеді де, мәңгі жасай береді. Платонның рух туралы ілімі грек мифологиясының осыған сәйкес кейбір аңыздарымен үндесіп жатыр. Мысалы, күнәһар адамдардың әруағы тыныштық таба алмай дүниені кезіп жүреді-міс. Ал, адамдардың өздері жерасты Аид патшалығында (кейде Тартар деп аталады) күнәлары үшін жауапқа тартылып, тәнді азаптаудың небір адам төзгісіз сорақы түрлерімен жазаланады.

Платон космологиясындағы ең өзекті мәселе – ол әлемдік рух туралы мәселе. Рух негізінен үш бөліктен тұрады:

1. Ақыл дарыған бөлігі, ол – жаратқанның жасампаздық құдіретінің жемісі;

2. Ынтықтық дарыған бөлігі;

3. Көрсеқызарлық дарыған бөлігі.

Соңғы екеуін төменгі дәрежедегі құдайлар жаратқан. Рухтың ақыл дарыған бөлігі қалған екеуінен үстем болуы үшін тәлім-тәрбие жұмысын дұрыс жолға қою керек, дейді Платон. Оның идеялар әлемінде өмір сүрген рухтардың адамдар ұрығына қалай орналасатыны туралы айтқан пікірлері күлкі келтірерлік – ақ. Мысалы, ақиқаттың көпшілігін көрген рух алдымен философ жаратылатын ұрыққа орналасады. Екінші орында — патшаның және әскербасылардың рухы, үшінші орында – мемлекеттік қайраткердің рухы, төртінші орында – еңбекқор немесе гимнастикалық жаттығуларды жақсы көретін адамдардың рухы. Бесінші орында — Абыздардың, сәуегейлердің рухы, алтыншы орында – ақындар, суретшілер, жалпы көркемөнер өкілдерінің рухы, жетінші орында — қолөнершілер мен шаруалардың рухы, сегізінші орында — софистің рухы, тоғызыншы орында — тиранның рухы.

Ақсүйек аристократтар өкілі болғандықтан демократияны мейілінше жек көрген Платонның тиранға ең соңғы орын бергендігінде таң қалуға болмайды. Әрі ол софисттерді де жарылқай қоймапты.

Платонның мемлекет туралы, қоғамдық басқарудың тиімді жолдары туралы ілімінің негізіне де жоғарыда келтірілген рухтардың түрлері жатқызылған. Мысалы, ел басқару ісі ақыл дарыған рухтың бөлігін иемденген философтарға тиесілі. Ынтықтық дарыған рухты иемденген әскерлер, сарбаздар елді сыртқы жаулардан қорғауы керек, олар темірдей тәртіпке бағынуы тиіс. Көрсеқызарлық санаттағы рухтың иелері – қол өнершілер, шаруалар, олар өздеріне тиесілі міндеттері мен борыштарын үн-түнсіз атқаруы тиіс. Қоғамдағы ынтымақтылықтың берекесін алатын себептердің негізгілері ретінде Платон жекеменшік пен жанұяны көрсетеді. Өзінің мемлекеттің озық үлгісі жөніндегі жобасында Платон утопиялық ұсыныстар жасаған еді. Мысалы, адамдардың барлығы коғамдық орындарда бірге ұйықтап, бірге тамақтануы керек. Басшылар мен сарбаздарға жеке мүлік тиісті емес. Әйелдер ортақ болуы тиіс және балаларды тәрбиелеу ісін мемлекет өз қамқорлығына алуы керек. Міне, осындай ақылға сыйысыз ұсыныстар Платон философиясының құлдырау, яғни, үшінші кезеңінде тұжырымдалған еді. Алайда, жалпы айтқанда, оның философиясы мәдениет тарихында өшпес із қалдырды. Платон ілімі болашақ идеалистік ағымдардың дамуына ықпалын тигізді, тіпті оның атақты қағидалары кейінгі объективтік идеализм системалары үшін іргетастық рөл атқарды десек те болады.

Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда құл иеленушілік демократия күйзеліске ұшырап, Афина мемлекетінің іргетасы ішкі партиялар мен таптардың өзара қырқысуынан шайқала бастады. Бұл саяси құбылыс өзінің бейнесін философиядағы идеализм мен материализмнің өзара күресінен тапты.

Рахмет ретінде жарнаманы басыңыз!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз