Еуропа қайта құру және даму банкі — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Европа қайта құру және даму банкі (ЕКДБ) 1990 жылы 29 мамырда болған келісім бойынша халықаралық қаржы мекемесі ретінде құрылған. Оның құрылтайшыларына барлық Еуропа елдерімен қоса, Албания, АҚШ, Канада, Марокко, Мексика, Египет, Израиль, Жаңа Зеландия, Австралия, Жапония, Оңтүстік Корея, сондай-ақ ЕЭО және Еуропалық инвестиция банкісі жатады. Сонымен қатар, бұл банктің құрылтайшыларына КСРО, Чехославакия және Югославия ыдырағаннан кейін құрылған жаңа мемлекеттер енді. Банк жарғысы бойынша барлық ХВҚ мүшелері ЕҚДБ-нің мүшесі бола алады. ЕКДБ-нің штаб-пәтері Лондонда. Өз жұмысын бұл банк 1991 жылы сәуір айынан бастады.

Банктің жарғысында белгіленгендей ЕКДБ-нің мақсаты кредит және ғылыми-техникалық көмек беру арқылы бұрынғы социалистік елдерге нарықтық экономикаға етуіне, жеке және кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға қолдау көрсетеді.

ЕҚДБ-нің басты міндеті — бұрынғы социалистік елдерге саяси жүйенің өзгеру кезеңінде жаңадан экономикалық және әлеуметтік жағдай жасау үшін инвестиция беру, жекелендіруге, құрылымдық қайта құру (көлік және байланыс жол, энергия және коммуникациялармен қамтамасыз ету, тұрғын үй шаруашылығы), табиғатты қорғау және т.б. салалар қолдау болып табылады.

ЕКДБ-нің негізгі кредит беретін объектілеріне жеке фирмалар, жаңадан құрылған нарықтық құрылымдар, жекешелендірілген объектілер, бірлескен кәсіпорындар жатады.

Скачать реферат/Рефератты жүктеу