Етістіктің түрленуі туралы слайд, презентация – Қазақ тілі

0
181

Етістіктің түрленуі туралы слайд, презентация

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларды етістіктің түрлену жолдарымен таныстыру. Шақ туралы түсінік беру, іс жүзінде қолдана білу;
Тәрбиелік: Оқушыларды  ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өз ойын айта білуге, адамгершілік қасиеттерге  баулып, дүниетаным шеңберін кеңейту;
Дамытушылық:Оқушылардың  сын тұрғысынан ойлауын дамытып, ой шақыра білуге, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтері. Көрнекілігі: ББҮ кестесі, «Шыңға өрлеу» ойыны Пәнаралық байланыс: Әдебиет, биология, география Сабақтың барысы:   
     
     І.Ұйымдастыру кезеңі
    Оқушыларды түгелдеп, зейінін сабаққа аудару. Сыныпты  үш топқа бөлеміз. І топ «Қыран».  ІІ топ «Сұңқар».   ІІІ топ «Достық».Топтық жұмыс жүргізіледі.
А)Әр топқа үй тапсырмасы берілген, үш топ өз тақырыптарын қорғап шығады.
І топ. «Сын есім », ІІ топ «Сан есім», ІІІ топ  «Есімдік».
Ә)  Тренинг  сабақтары бойынша жылдам ойлау қабілеттерін  дамыту үшін «Миға шабуыл» әдісі қолданылады. Әр топқа  сұрақтар  оқылып, тез жауап қайтаруы тиіс.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!