Ерітінді және еріткіш

0

Көптеген заттар суда ериді, мысалы қант пен тұз. Ауа мен оттегі де суда ериді. Су табиғи әмбебап еріткіш боп табылады. Ерітінді біртекті болады. Мысалы суға қантты ерітсеңіз, пайда болған сұйықтықты мата арқылы сүзсеңіз, онда матада осы ерітіндінің бөліктері қалмай өтіп шығады.


Ерітінді дегеніміз — еріткіш пен ерітіндіден тұратын біртекті зат.


Қаныққан және қанықпаған ерітінділер


Бір температурада еріткіште ерітіндінің бұдан көп мөлшері одан әрі ерімейтің болса, бұндай ерітінді қаныққан деп аталады.


Мысалы 1 литр суда 2 кг қант ериді (температура 200 С), бірақ бұдан артық қантты қоссаңыз ерімейді. Бұл ерітінді қаныққан болады.


Ал ерігіште ерітіндінің тағы да мөлшері ери берсе, бұндай ерітінді қанықпаған ерітінді деп аталады.


Мысалы 1 литр суға 1 кг қант қоссаңыз (температура 200 С), онда ерітінді қанықпаған болады, себебі қанттың бұдан арттық мөлшері де суда жақсы ериді.


Ерігіштік


Ерітінділерді сандық жолмен сипаттау үшін, ерігіштік деген ұғымы пайдалынылады. Ерігіштік дегеніміз ерітінді массасаның еріткіштің көлемінің қатынасына тең сан. Мысалы қанттың 200 С температурадағы ерігіштігі 2000 гр/л.


Ерітінділер үшке бөлінеді — көп еритіндер, аз еритіндер және ерімейтіндер.


Бөлме температурасында 100 гр суда 10 гр артық зат ерісе бұндай заттар көп еритіндер деп аталады. Ал осы жағдайда 10 гр емес, 1 гр аз зат ерісе, аз еритің деп аталады. Және егер 0,01 гр аз зат ерісе, бұл ерімейтің зат деп аталады.


Суда жақсы еритің заттарға ас тұзы мен қантты жатқызуға болады. Ал аз еритің заттарға гипсті жатқызуға болады, себебі 1 литр суда гипстің небәрі 2 гр ериді.


Күміс хлориді іс жүзінде суда ерімейтің затқа жатады, себебі 1 литр суда күміс хлоридінің небәрі 1,5*10-3 гр ериді.


Көптеген қатты заттардың суда ерігіштігі, температура жоғарлаған сайын артады.


Газдар мен сұйықтардың судағы ерігіштігі


Кейбір сұйықтықтар суда шексіз ериді, мысалы спирт суда шексіз ериді. Ал кейбір заттар суда ерімейді, мысалы күнбағыс майы су бетінде қалқып тұрады, бұл зат аз мөлшерде суда ериді, қалған бөлігі су бетінде қалқып тұрады.


Кейбір газдар суда жақсы ериді, мысалы хлорсутек (HCl) немесе аммиак (NH3), ал кейбір газдар суда нашар ериді, мысалы аргон, сутек, оттек сияқты газдар.


Газдардың судағы ерігіштігі температура төмендегенде және қысым артқанда артады.

Пән: Химия