Тәуелсіздік — ел тірегі

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Мектепалды даярлық Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Мектепке дейінгі балалар мен тәрбиешілерге, ұстаздарға.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінеарналған мерекелік сценарий»Балалар «Қазақстан» әні жүрген сәтте қолдарына туларды алып, залға кіреді. Орталық сахнаға жартылай дөңгеленіп тұрады. 1-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Бүгін бізде үлкен той. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Той құтты болсын!!!2-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті мерекеге келген қонақтар! Біз сіздердің салтанатты мерекемізге келгендеріңізге қуаныштымыз! «Біздің біліміміз Тәуелсіздік. Біздің мақсатымыз – бейбітшілік пен татулық. Бұл әлемде жалғыз ғана Отанымыз бар – ол тәуелсіз Қазақстан! – Н. Ә. Назарбаев. ҚР әнұраны ойнайды (барлығы орындарынан тұрып, оң қолдарын жүректеріне қойып, әнұранды бірге орындайды, болған соң орындарына отырады.)

Тақпақтар: Айару, Тамерлан, Айлина,НұрисламАйару: Отан деген – асыл сөзЖүрегімнің ұраны.Отан деген – асыл сөзЖүрегімде тұрадыТамерлан: Kazakhstan is goodKazakhstan is greatWe love all nationsWe love every faceАйлина:Қазақстан жалауыМәртебесі, ту – арыБұлт баспасын күнімдіТарылмасын өрісімБиік ұстау туымды-Қасиетті борышымНұрислам: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,Мықты болсын елімнің керегесі.Тату-тәтті боп халқымыз әрқашанКетпесін туған жердің берекесі.

Ән: «Тәуелсіздік ел ұраны»-10 топТақпақтар: Анель, Самира, Ислам, ЯсминаСамира: Ай лав май кантриАй лав май стэйтАй лав май таунИтс бьютифул эн грэйт

Ислам:Көгінде күн нұрын төккенЖерінде гүл жұпар сепкен.Неткен сұлу, неткен көркемОсы менің туған өлкем!Анель:Великую землюЛюбимую землюГде мы родились и живемМы Родиной милойМы Родиной светлойМы Родиной нашей зовемЯсмина:Kindergarten KindergartenWe have lots of funMani things to doWriting counting too

Би: «Қазақстаным» 8 топ

1-жүргізуші: Қазіргі Қазақстанның күн жазбасы 1991 жылдың 16 желтоқсанынан басталады. Осы күні Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін жариялады.2-жүргізуші: 27 жыл бұрын Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін тарихы таусылмайтын жаңалықтарға толығып, нығая бастады, көптеген үлкен жетістіктерге жетті.

Қазақстан туралы фильмнен фрагмент көреді (1,5-2 минут).1-жүргізуші: Көшпелі қазақ халқының керемет тарихы бар. Оның ең басты өкілдері бостандықты аңсаған. Олар кең байтақ даланы – Жер ана, ал көк тәңірін – әке деп санаған.2-жүргізуші:Балалар,мен сендерге бір ойын ұсынғым келіп отыр. Қазір экранға назар аударып, онда көрсетілген бір санды сендер таңдайсыңдар, ол санды біз ашамыз.Сендер көрсетілген суретте не бейнеленгенін айтасындар.

«Сұрақ-жауап» ойыны:8 топ — Сұрақ: Бұл қандай құс? Бұл құстың суретін қайдан көруге болады, ол нені білдіреді? Жауап: Бүркіт – құстардың патшасы, қалықтап аспанда ұшады, күші – мықты. Еркіндік пен тәуелсіздіктің, мақсатқа ұмтыла білетіндіктің, болашаққа қол жеткізетіндіктің белгісі. Қуат егемендік, ұлылық, мақтаныш, еркіндік, қырағылық – дала халқының жан дүниесі.10 топ — Cұрақ: Бұл не? Бұл бейнені қайда көреміз, бұл нені білдіреді? Жауап: Шаңырақ –бейбітшілік, тыныштық, ортақ үй дегенді білдіреді.8 топ — Сұрақ: Кім біледі, бұлар қандай аттар? Олар нені білдіреді, бейнелерін қайдан көруге болады? Жауап: Тұлпарлар – арыстанның батылдығы, бүркіттің көзі және адамзаттың еркіндігі.10 топ — Сұрақ: Бұл бейнелер ненің белгісі болып саналады? Жауап: Күн –байлық пенмолшылықты , өмірді және күш-қуатты бейнелейді.1-жүргізуші: Көп рахмет. Жарайсындар, балалар! Біздің Отанымыз ең керемет жерлердің бірі. Оның халқы – тату, табиғаты – әсем. Халықтың мұрасы салт – дәстүрлері мен әндері және билерінде сақталған.

Би “Айналайын — 10 топ

2-жүргізуші: Біздің еліміздің де басқа елдер сияқты өзінің тарихы бар. Тарих дегеніміз өткен жылдарда болған оқиғалар. Біздің елдің картасына қараңыздаршы, қандай байтақ мемлекет. Қазақстан әлемде жер көлемі бойынша 9 орын алады. Біздің еліміз басқа елдерге өзінің астығымен, пайдалы қазбаларымен, мұнайымен, көмірімен танымал.Шахтер, диқаншы, мұнайшының костюмдерін киген балалар залға кіреді. Жүргізушілер қонақтармен екі тілде амандасады және балаларға келген қонақтармен амандасуларын айтады.

1-жүргізуші: Міне біздің Қазақстанды әлемге танытатын жігіттеріміз.Шахтер: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар: Сәлеметсіз бе, шахтер! Мен шахтермын! Қазақстандық жерден өндірілгенМыңдаған үйлерге жылу бергенЕл байлығын көбейткен Шахтер болам есейсем.Диқаншы: Сәлеметсіңдер мен, балалар! Балалар: Сәлемесіз бе, диқаншы! Мен — диқаншымын! Әр үйдің дастарханында нанның болғанына қуаныштымын, ол біздің жеріміздің алтын байлығы.Мұнайшы: Сәлеметсіңдер мен, балалар! Балалар: Сәлеметсіз бе, мұнайшы! Мен – мұнайшымын! Біздің Қазақ жерінен өндірілген мұнайға мен мақтанамын! Өйткені біздің миллиондаған автокөліктерге жанармайды біз береміз.

2-жүргізуші: Біздің мерекемізге келгендеріңізге көптен-көп рахмет айтамыз. Төрлетіңіздер, біздің мерекеміздің қадірлі қонағы болыңыздар! 1-жүргізуші: Біздің балаларымыз сүйікті Отандары туралы көптеген мақал-мәтелдер біледі.

Мақал-мәтелдер: Алтынай, Жансу, Қайсар, Алина, Сафина, Амаль, Ясмина, Мағжан10-топ:1.Туған жердей — жер болмас Туған елдей – ел болмас.2. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.3. Отан үшін күрес –Ерге тиген үлес4. Отан – елдің анасы,Ел – ердің анасы.

2-жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Отанымызды сендер қаншалықты сүйетіндерің көрініп тұр. Біздің балаларымыз ән де айталады. Ендеше ортаға 8 топты шақырайық.

Ән: «Елтаңбасы елімнің » — 8 топ

Ойын: «Ауылдағы мереке»

1-жүргізуші: Балалар, қазір бір ойын ойнайық. (Балалар ұлттық және музыкалық ойындар ойнайды) 2-жүргізуші: Сендер өздерің қалай тамаша ойнадыңдар! Жарайсыңдар! Ал енді менің сендерге бір сұрағым бар. Қазақстанның бас қаласы қалай аталады? {Балалар: Астана!}1-жүргізуші: Дұрыс! Бұл Қазақстанның астанасы! Қазақстан – бұл бірліктің керемет гүлі іспеттес. Гүлдің жапырақтары – ол Қазақстанның халқы, біртұтас біріккен ел. Бұл гүлдің жүрегі – біздің астанамыз – Астана қаласы.

ӘнОтаным10топ

Ойын: «Ізде-ізде»

Тақпақтар :Жансу, Сафина, Анеля (8), МұхамеджанЖансу:Ұлы байтақ жері бар.Пайдалы қазба кені бар.Тәуелсіз ел – ҚазақстанКөркіне көркі жарасқан.Сафина:Thank you everyoneFor all you ve doneTogether thank youKindergarten nis funАнеля:My Kazakhstan, my countryI m your flowerI m your sunI love my countryМұхамеджан:Отан – жерім, Отан – суым, Отан қуат, нәр береді. Отан – ұран, Отан – туым Отан мәңгі гүлденеді!

Барлық бала: Отан – ана! Отан – бейбітшілк! Отан – Қазақстан! 1-жүргізуші: Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Сіздерге және туыстарыңызға денсаулық пен қуаныш, амандық пен бақыт тілейміз.2-жүргізуші: Осымен Қазақстаның Тәуелсіздік күніне арналған біздің мерекеміз аяқталды, туған еліміздің тұғыры биіктей берсін!1-жүргізуші: Мерекеміздің соңында біз ән орындайық.

Ән «Менің Қазақстаным» 8 топ

Орындағаннан кейін музыка ойналады.

МКҚК «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналып өткізілген мерекелік іс-шара

Өткізгендер: Мухаметжанова Э.А. Исимова Г.О. Музыкалық жетекшілер:Омарова Ж.К.Дакенова С.М.

Петропавл қаласы


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.