Емдеу тасымалдау іс-шараларының ұйымдастырылуы слайд,презентация
Емдеу тасымалдау іс-шараларының ұйымдастырылуы слайд,презентация
Қазіргі заманғы емдеу- тасымалдау шаралары (ЕТШ) туралы түсінік және олардың мәнін анықтау. ЕТШ ұйымдастыру түрлерінің дамуы жөнінде қысқаша мәлімет.
Жаралылар мен науқастарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және оларды емдеу.
А. Медициналық тасымалдау кезеңдері (МТК) жөнінде түсінік. Оны ұйымдастырудың қағидалық сызбасы, орналастыру аймағына қойылатын талаптар. Ә. МТК мен соғыс даласында көрсетілетін медициналық көмек түрлері, көлемі. Жаралылар мен науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігі, жүйелілігі және дер кезінде көрсетілуінің маңызы.
Медициналық іріктеудің мазмұны туралы түсінік , оның мақсаты мен міндеттері, аурулар мен жарақаттардың медициналық іріктеуін ұйымдастыруда Н.И. Пиротовтың алатын орны.
«Медициналық тасымалдау» ұғымын анықтау және оның маңызы. Медициналық тасымалдауды ұйымдастыру.
Медициналық қызмет жау жаппай қырып-жою қаруын қолданған жағдайда, оның зардаптарын жою үшін жүргізілетін ЕТШ ұйымдастырудың негізгі принциптері. Қазіргі заманғы емдеу- тасымалдау шаралар (ЕТШ) туралы түсінік және олардың мәнін анықтау. ЕТШ ұйымдастыру түрлерінің дамуы жөнінде қысқаша мәлімет. Емдеу- тасымалдау шаралар соғыс кезінде Қарулы Күштерді медициналық жабдықтаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Әскерде жүргізілетін емдеу- эвакуациялық шаралар (ЕТШ) төмендегідей: жаралылар мен науқастарды іздеу, жинау, оларға медициналық көмектін барлық түрлерін көрсету, тасымалдау, емдеу және медициналық қайта қалпына келтіру. Олардың негізгі мақсаты – қазіргі заманғы соғыс жағдайында әскердің жеке құрамының жаппай шығындарын қалпына келтіру, яғни соғыс жарақаты немесе науқасы салдаынан қатардан шығып қалғандардың ұрысқа қабілеттілігін мүмкіндігінше тез қалпына келтіру, олардың өмірін сақтап қалу.