“Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік”
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Бағыты: Жаратылыстану Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Басқа
Бұл материалдың мақсаты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні туралы мәлімет беру. Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.Қазақстан республикасының рәміздерімен таныстырып, бостандыққа жету жолдарын үлгі өсиет ету мақсатында осындай тәрбие сағаттар өтуге болады.
Тақырыбы: “Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік”Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні туралы мәлімет беру. Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Туған жер туралы қанатты сөздер. 1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар!2-жүргізуші: Қайырлы күн, білімді жастар! “Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік” атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Келесі баяндама.Дайындаған Ирисқулов Адхам 1-жүргізуші: Мен қазақпын. Мың өліп мың тірілген. Жүрегімде таныстым мың тілімнен, Жылағанда жүрегім күн тұтылып. Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
2-жүргізуші: Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін. Қайта тудым өмірге, қайта келдім, Мен мұнда жатырмын мәңгі өлмеске. Айта бергім келеді айта бергім.1-жүргізуші: көрініс.Тарихқа үңілу Төле би: Не бір қилы кезеңдерді бастан кештік.Елдің ертеңі келешегі қалай болар екен,Шығысынан Қара Қытай,Оның алдында Жоңғар келеді етелеп.Ал қазақ жері ру-руға бөлініп,Бір бірікпейді ау бастары. Әйтеке би: Иә, Солтүстігіңде аюдай ақырып.Ақ патшаның орыстары,Не бір сылтаулармен қазақ жеріне еніп жатыр.Ол олма, Оңтүстігіңде Қоқан хандығы,Мал мүлікті тонап, Әйел балашағаны құлдыққа алып жатыр. Төле би:Мүмкін емес!Қазақ жерінде батырлардың сарқылып.Ел басқарар ханның қалмауы,Мүмкін емес ел бірлігі болмауы.Сол баяғы ауыздық, бірін бірі көре алмаушылық,Сен тимесең мен тиме, сенің атың тұра тұрсын,Менің атым жүре тұрсын.Жоқ!!! Одан әрі оған жол бермеу керек.Әйтеке би: Дұрыс айтасың, Тәуелсіз болу үшін барлық қазақ атаулыға жұмыла еңбек етуі керек.Төрт құбыламызды түгелдеп, еліміз үшін, жеріміз үшін.Аянбай қанымызды да, терімізді де төгеміз.Қазыбек би: Атадан жақсы ұл туса, егіннің оң болғаны.Атадан жаман ұл туса, көшенің солы болғаны Төле би: Сонда қазақта жақсы ұлдар аз демегің бе?Олай емес! Тәуелсіздік түспейді ғой аспаннан,Рас! Талай батыр құтқарам деп өз елін.Қара жерге жастанды. Әйтеке би: Иә!Тәуелсіздік бізге оңай келмейді.Асау аттай өз тізгінін бермейді,Қазағымның атын басып иілтіп.Талай— талай дұшпан төрімізге төрледі.Қазақтың кең далаға бытырай қашқаны.Өз ұлтының болашағы, қамы үшін.Қазыбек би: Бір тудың астына бірігіп,Бір ханның қол астында болып.Сол туды құлатпай, жаумен тіресіп.Ең далада қазақпын дегенді жиып.Азаттық үшін жауға қарай шығайық. Төле би: Анадан қыз туылса. Күң болам деп туылмайды. Атадан ұл туылса, Құл болам деп туылмайды.Әйтеке би: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін. Батыр болсаң жауға найзаң тисін, Бай болып елге пайдаң тимесе. Батыр болып жауға найзаң тимесе. Елден бөтен күн тусын.Қазыбек би: Алтау ала болса ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса төбедегі келеді, Жұртың тыныш, Іргеміз іргемізді ірітпелі. Бір жеңінен қол шығарып, Бір жағадан бас шығарып. Атам қазақтың абыройын сақтайық.2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасына тоқтала кетсек. 1986 жылы 16-17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.Келесі кезекте бейнебаян. 1-жүргізуші:Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9 — желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді. Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1 — минут үнсіздік)2-жүргізуші: Келесі кезекте өлеңдер шумағы.Қазақстан Республикасының әнұраның орындаймыз 1-жүргізуші: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді»деген елбасыНұрсұлтан Назарбаев.«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.2-жүргізуші:Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.1-жүргізуші: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.2-жүргізуші:Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 жылы және 2006 жылдары бекітілді.Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында, 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтың сөзіне жазған болатын.сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан НазарбаевӘнін жазған: Шәмші Қалдаяқов 1-жүргізуші: Қазақстан туған елім, Алтын бесік-Ақ ордам. Даңқың сенің арта берсін, Елім менің жаңарған2 -жүргізуші: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі. Мықты болсын елімнің керегесі, Тату -тәтті болып халқымыз әр қашанда. Кетпесін туған жердің берекесі
1-жүргізуші: Ағалардың алып берген биігін Абыроймен асқақ ұстан жастарым Қазақстан деген алып мемлекет Қарыштап тек алға қадам басқаның 2-жүргізуші:Бақтың құсы әр адамға қонып бір, О,тәңірім бізді баққа жолықтыр! Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
1-жүргізуші:Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 2-жүргізуші: Алтын бесік-Ақ ордам. Даңқың сенің арта берсін, Елім менің жаңарған. 1-жүргізуші: Далада думан, қалада думан жыр бүгін, Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім. Жасай бер, жаса асқардан аса әрқашан, Кеуде ме әкепқалдырған бақыт бұлбұлым.Ән: «Батырлар ұраны»орындайтын Ирисқулов Адхам
2-жүргізуші: Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. 1-жүргізуші: Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 2-жүргізуші: Біз бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын. Көк туымыз аспанда әрдайым биіктен көрініп, самғай берсін!Ән «Көк тудың желбірегені» топ студенттері.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыПазылбеков Лесбек Полатханұлына сөз береміз!
күні» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. 25ж ыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.2-жүргізуші:Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Ал қазір кезекті сұрақтарға береміз. -Біз қай мемлекеттің азаматымыз ? -Ұлтымыз кім ? -Тіліміз қандай ? -Республикамыз басқа елдерден несімен ерекшеленеді ? -Тәуелсіздік деген не ? -Тәуелсіздікті қай жылы алдық ? -ҚазақстанРеспубликасының жерітуралы не білеміз ?1-жүргізуші:Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың териториясына жеті мемілекет сияды. Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9- шы орында, ал ТМД елдері бойынша 2- ші орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, олар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт өкілі тұрады.Қазақстан 14 облыс, 85 іріқалалар бар. Ел ордасы-Астана қаласы. 2-жүргізуші: Ал ендігі кезекті 9ә оқушыларының жыр шумақтарына береміз. 1-оқушы: …………….. Қазақстан туған елім, Алтын бесік-Ақ ордам. Даңқың сенің арта берсін, Елім менің жаңарған.Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,Қайта тудым,өмірге қайта келдім.Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,Айтабергімкеледі, айтабергім!2- оқушы: …………….Өктем билік қаралады, даттады,Бірақ Алла ақиқатты жақтады.Назарбаев атамды жұрт қалады.Түсті амалсыз Колбин деген атақты.3-оқушы: ……………Желтоқсан айы естесің, Дауыл боп бұрқап ескенсің.Азаттық күйі қашаннан, Көкейін елдің тескенсің. 4-оқушы: ……………Шектеліп ана тіліміз,Оқылмай өлең – жырымыз.Жабылып жатса мектептерЖадырар қалай күніміз? 1-жүргізуші: Кезекті көрініске береміз.Көрініс: Сахнаға екі студент шығады, бірі – жігіт, бірі – қыз. Қолдарында конспекті дәптерлері бар.Гүлдана, Нұржан, сен естідің бе? Кеше Дінмұхамед ағамыз орнынан алыныпты дейді.Нұржан: Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?Гүлдана: Кеше куратор ағайдан естідім. Бүгін Брежнев алаңында көп адам жиналады екен.Нұржан: Неге? Неліктен?Гүлдана: Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді. Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.Нұржан: Қой, біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кетейік. Тез барайық!Автор: Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз – жігіттер «контрреволюционер» емес еді. Олардың ойы халықтың құқықтары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт-шыт болып ұшып жатты. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын — 1986» деген оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді.Автор: Алаңда жастар бейбіт, жайбарақат. Қолдарында «Каждому народу – своего вождя», «Ленин идеясы жасасын», «Қазақстан — қазақтардікі», «Ресейге қайт» деген транспоранттар бар. Оларға Мақсат пен Айгүлде келіп қосылды.Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жағдайды.Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі?Дауыс: Талап – тілекті айтамыз, шықсын ортаға басшылар!Осы кезде «Менің Қазақстаным» әні айтылды. Жастар теңселіп тұрып бұл әнді ерекше бір шабытпен тамаша орындайды.Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тараңдар! Жатақтарыңа қайтыңдар! Ұят болды! Мен сендерге күш қолданамын! Үйге қайтыңдар.Осы кезде залда әскери команда беріледі.Әскери адам: Первая рота! Слушайте мою команду. Производится операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов! Первая рота, за мной! Ура!Осы кезде залға сырттан қаруланған әскери адамдар – көктен кіріп, алаңдағы жастарды ұрып – соға бастайды. Қаралы музыка баяу ойнап тұрады. Қарулы әскер сахнадан жаралы қыздар мен жігіттерді біртіндеп сүйреп, жұлқылап әкете бастайды. Беті – аузы қан, ұзын шашы жайылып бетін жапқан жас Қазақ қызын екі әскери солдат сүйрей бастады. Қыз жұлқынып, халыққа қарап ышқына сөйледі.— Әй туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай! Қосылыңдар біздің қатарғаОсы кезде қарулы милиционер қыздың көк желкесінен шоқпармен ұрып қалады. Қыз сылқ етіп есінен танып қалады.2-жүргізуші:Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9 — желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.1-желтоқсан: Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1 — минут үнсіздік)2-жүргізуші:Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.Отан үшін отқа түссең күймейсің,Ізбасары болмай елге жақпаймыз.1-жүргізуші:Ал ендігі кезекті 9ә оқушыларының жыр шумақтарына береміз.
5 – оқушы …………Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,Алатаудың көзінен де жас тамды.Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.Тәуелсіздік күресі енді басталды.6 – оқушы ………..Қатыгездік жұдырығы түйіліп,Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,Желтоқсанда шықты үлкен алаңғаАта — баба аруағына сыйынып.7 — оқушы …………Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.Содан барып, тоңды еріді кеңестіңСодан кейін еркіндікті бастадым,1-жүргізуші:Ән-әуенмен қоса, мәңгі көкірек көзінде қалған көріністер шұбырылып өтуі қақ. Үрейлі үкімет үйі. Оны қоршай толқыған ызалы қыз-жігіттердің жігерлі келбеттері. Оларға қадалған суық көздер мен мейірімсіз пішімдер. Одан кейін темір киімдер киіп, келтек ұстағандар мен жалаңаш қол жастардың сарт-сұрт айқасы.Адам жегіш иттердің арсылы, шашынан сүйреген қазақ аруы, басынан қан шапшып, ыңырсый құлаған қазақтың бозбалалары…2-жүргізуші: Біздің еліміздің байлығы туралы не білеміз ?Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет. Бізде алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, бидай, яғни бір сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 150 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі. Қазақстанда 6000-нан астам пайдалы қазбалар бар. Ей,қазақтың ұланы, Болғайсың дала қыраны. Жер-суын қорғау бабаның, Емеспе еді басты ұраны! 1-жүргізуші: Оқушылар әр нәрсені, әр затты, тіпті керемет нәрселерді адамдарқолынан жасап шығарады.Мен сендерден сұрағым келіп тұр, рәміздеріміздің авторларын білесіңдерме ? Әнұранның авторы кім?Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Ә. Назарбаев. Тудың авторы кім? Ш.Ниазбеков. Елтаңбаның авторы кім? Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.2-жүргізуші: Жылдар сөйлейді. 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚазақстанРеспубликасыТәуелсіз республика деп жарияланды. Далада думан, қалада думан жыр бүгін, Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім. Жасай бер, жаса асқардан аса әрқашан, Кеуде ме әкепқалдырған бақыт бұлбұлым.1992 жылыТәуелсіз Қазақстанға бір жыл толды. Осы жылыТәуелсіз ҚазақстанРеспубликасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ мүше болып кірді.1993 жылы 15 қарашада «Ұлттық валюта күні» депаталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.1994 жылы қазақ ғарышкері Т.Мұсабаев «СоюзТМ-6» ғарыш кемесімен көкке самғады.1995 жылы 30 тамызда ҚР –ның «Атазаңы» қабылданды. 1996 жылы 20 қаңтарда ҚР— ның Парламентінің 1- сессиясы болып өтті.1997 жылы « Қуғын-сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды. Абай туған, Сәкен туған, Құрметте достым, қазақтың жерін. Қамбаға жылда мол астық құйған, Қазақстан Республикам менің.1998 жылы 6- мамыр Астана күні. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. ҚР-ның Президенті болыпН.Ә.Назарбаев сайланды.2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жылтолды. 2001 жыл XXI ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында Тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.2002 жыл «Денсаулық жылы» депаталды.2003-2005 жылдары «Ауылжылы» деп жарияланды .Осы жылдары біршама іс-шаралар жасалды .2004 жылы « Қазақстан-Ресей» жылы болып ,көптеген шаралар өткізілді .2005 жылы Ресейде Абай жылы аталып өтті.2006 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақтыжелтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин жылы.Қазақстанда өтті.Өмірімізді , өзімізді көріп, Әнімізді, жырымызды тыңдап,Ерлігімізге, тірлігімізге қарап. Өзімізді, сөзімізді тыңдап. Бұл «қазақ» дейді. Біз-қазақпыз, Есігі ашық, төрі кең, Жылап өттік жылдар өмір өрінен Жетер енді, желпінейік, қарайық, Мына өмірге иегердің көзімен.
1-жүргізуші: Кезекті 9ә сынып оқушысы Е.Нұрмахан орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек деп, біз бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні » атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.