Директорлар министрді менсінбей ме?
Мектептерте кей сыныптар карантиге жабылды. Мектеп осы кезге дейін толық жұмыс істеді. Таңертең келген оқушы сағат 14.00 ге дейін сабақта болды. Түстен кейінгі сыныптардың соңғы сабақтары түскі 12—ге ауыстырылды. Мұғалімдердің сабақтарында ашық уақыттар көп болды.
Жалпы кей директорлар көже қайнатты. Асхана толған адам. Жалғыз немесе ара қашықтық сақтап отырып тамақ ішуге мүмкіндік жоқ.
Айтпақшы, ашық пен ыстық өлшеу ковидтің бар -жоғын ажырата алмайды.
Ковидта ыстық көп көтерілмейді. Ашыққа тек ауруханаға барып тест тапсырған адам ғана тіркеледі.
Министрдің 30 пайыз жеңіл сабақтарды онлайнға жіберу туралы бұйрығын кей директорлар тыңдамады. Өзін -өзі тану, сурет, көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру сияқты пәндер онлайнға кетсе, мектепте мұғалім де , оқушы да аз болар еді. Балалар бір-бірімен кездеспейтін еді. Асханада да аз адам болушы еді. Жұғу қаупі азаяр еді.
Askhat Aimagambetov мырза! Мектептердегі жағдай осындай.Қауіпті. Мен ауырып көрген адаммын. Қатты қорқамын! Шын айтамын! Қорқынышты.
Біздің ,мұғалімдердің,оқушылардың қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуіңізді сұраймын!Қызыл шоқтың арасында жүрміз. Бұйрықта бар мәселені орындасын! 30 пайыз жеңіл сабақтарды онлайнға жіберсе, оқушылар аз уақытқа ғана мектепте болып, тіптен асханаға бармауға мүмкіндік алар еді. Мұғалімдер де дәл солай.
Айтып жатырмыз. Министрге құлақ аспағандар ,бізге де құлақ асар емес! Осындай диктатор директорларды мүлдем жұмыстан қуу керек.
Айман САҒИДУЛЛА, қоғам белсендісі, мұғалім.