Дипломдық жұмыс. XX ғғ 50-60 жж Италияның экономикалық әлеуметтік дамуы
Дипломдық жұмыс. XX ғғ 50-60 жж Италияның экономикалық әлеуметтік дамуы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе………………………………………………………………………………. | |
І-ТАРАУ. Италия экономикасының құрылымы 1.1 Италияның өнеркәсіп салаларында қайта құрулар. |
|
1.2. Италияның ауыл шаруашылығының дамуы….. | |
ІІ-ТАРАУ. Италияның экономикасының «ғажайып даму» кезеңі |
|
2.1. Италия экономикалық модернизациялауы………………………………. | |
2.2. Оңтүстік Италия экономикасының даму ерекшелігі……….. | |
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………….. |
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………… |
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республпкасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы халыққа жолдауында біздің мемлекеттің дамыған 50 мемлекет қатарына кіру бағыты ұсынылды. Еліміз өз дамуында, осындай батыл жоспарды қойып отырған кезеңде, алдымызда тұрған осындай биік белеске сүрінбей жету үшін тарихшылар өз үлесін қосып әлемдік елдердің дамуын қарастырып оның сабақтарын алып көрсету қажет. Осындай мемлекенттің бірі Италия болып саналады. Италия дегенде көз алдымызға тек Бенитто Муссолини меп Ватикан, опера мен мафия ғана емес сонымен қоса әлемге танымал «Фиат», «Аджип», «Альфа Ромео» сияқты ірі концерндерді елестетеміз. Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуында маңызда роль атқаратын мұнай газ секторында да осы аталмыш елдің ірі компаниялары да жұмыс істеп, ал Италия біздің еліміздің дамуына инвестиция құюшы елдердін алғашқы «ондықтың» құрамына кіреді. Мінекей осындай мемлекеттің уақьп пен заман қиындығына ұшырап биік асулардан өтіп, дамыған елдер қатарына кіру жолы мен оның сабақтары маңызды деп санаймын.
Қазіргі таңда Италия Еуропалық интеграцияның моторы болып саналатын мемлекеттердің бірі, әлемнің дамыған сегіз елі (G-8) қатарына кіреді. Италияның даму жолының өзі ерекше. Екінші дүние жүзілік соғыстан жеңілген мемлекет болып шыққан Италия небары 10-15 жыл ішінде даму деңгейі жоғарғы елдер қатарына кірді. Еуропа континентінде маңызды стратегиялық орын алып отырған ел, өзінде табиғи байлығы, шикізаты аз болғанына қарамастан өзінің даму жолын дұрыс таңдай білді. Экономикалық қиыншылықтарды ғана емес сонымен қоса саяси — әлеуметтік дағдарысты жеңе білді. Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңыңда итальян қоғамын реваншистік фашистік идеялармеи уландырған нацистік тәрбие мен оның салдарының өзі үлкен қиылшылык туғызды. Соғыс қарсаңындағы қойылған жалған ұрандар мен мақсаттардан тойған, итальян социумы соғыстан кейінгі билікке келгсн антифашистік демократиялық күштердің ұсынған «либералды экономика», «ортақ Еуропа» ұрандарына үлкен сенімсіздікпен қарады. Егер халық өз болашағына сенбесе, ешбір экономикалық модель болсын, миллиондаған, миллиардтаған инвести-цияларда құтқармайды. Міне осындай психологиялық шұңқырға түскен қоғамды, болашаққа деген үмітін оятып қана қоймай, көздеген мақсат-тардың орындалуына сендіріп, оның нәтижесі мен жемісін көрсете білудің өзі де маңызды. Бұрынғы Кеңес Одағының социализм мен коммунизм идеясының дағдарысқа ұшырауы мен оның зардаптары мен психологиялық салдары «Қызыл империя» перефериясында болған дезинтеграциялық процесстермен экономикалық дағдарыстың басты себепкері болып саналады. Көптеген елдер коммунизм идеясын ұлтшылдық және діни идеялармен ауыстыруды жөн санап, азаматтық соғыс пен негізсіз тәкаппарлыкқа алып келуіне кесірін тигізді. Америка Құрама Штатының әйгілі президенті Дуайт Эйзенхауердің «қоғамның жүрегінде ешқандай вакуум болмауы тиіс, осы вакуумды әрқашанда толтырып отыру қажет», дегеніндей Италия «экономикалық ғажайыбының» ірге тастарының бірі болып шынайы, утопиялық емес идеялардың фашизм идеясының орнын толық басуы деп санауға болады. Жоғарыда аталған «психологиялық шұңқырдың» бір адам баласына ғана мен бір қоғамға әсерін XX ғасырдың 50 жылдары батыс елдерінде қарастырып терең зерттегені анық.
Ешбір «экономикалық ғажайыпты» бір адам қолдап жасай алмайды оны бүткіл қоғам жасайды. Итальян «экономикалық ғажайыбының атасы» Альчидо Де Гасперидің айтуы бойынша, мемлекет дамуының басты негізі бұл «дұрыс таңдалған жол, оған жетелей білетін дарынды елін сүйгіш басшы мен қоғамның сенімі және қолдауы». Еіер осы айтылғанның ішінен бір компоненті жоқ немесе артта қалса, олда ол едің дамуы тоқтап дағдарысқа ұшырайды.
Итальян тарихынан тағы да нені сабақ етуге болады? Еліміздің дамуы мен қоғамның дамуына кедергі болып отырған сыбайлас жем қорлық пен бюрократиялық жойылмайды деушілер аз емес. Менің оларға келтірер дәлелім өзім қарастырып отырған Италиядан келтіруге болады. Ғасырлар бойы «мафия жеңілмейді, ол мәңг», деген сөз итальян қоғамында қалыптасқан ұлттық «дінге» айналған болатын. Алайда Де Гаспери кезеңінде осы аталмыш сөздің аксиома еместігіне көз жеткізді. Әрине мафиямен күрес осы күнге дейін жалғасып жатқанымен, ол ұйымның бұрынғыдай мемлекет істеріне толық араласуы жойылды.
Қазіргі таңда әлем елдерінің дамуыдағы «дамыған солтүстік пен артта қалған оңтүстік» арасындағы қайшылықтар Италияда осы күнге дейін өзекті болып келеді. Әрине қайшылықтар сақталуда, бірақ осыны шешу әлемдік тарихта алғашқы рет осы мәселені шешу Италияда басталды.
Аталмыш тақырыптың маңызды және оны қарастырудың қажеттілігі, оның тарихы мен сабақтары біздід еліміздің дамуы үшін маңызды деп санаймыз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Аталмыш тақырып әлемдік тарихта жақсы зерттелген. Экономикалық ғажайып тек қана тарихи -экономикалық тақырып емес, сонымен қоса ғылымның басқа салаларында зерттеу объектісі. Герман экономикалық ғажайыбы тәрізді, итальян экономикалық ғажайып шетелдік немесе отандық тарих ғылымында терең зерттелген. Егерде шетелден соның ішінде басты еуропалық тарихнамада оны экономикалық дамудың бір бағытты ретіндс қарастырылып оны басқа мемлекеттермен салыстырып отырса және зерттеудің нәтижелерін экономика саласында тығыз пайдаланып қаншама Америка Құрама Штаттары сияқты алпауыттың экономикалық саяси көмегінің әсерінен жүргендігін көрсетсе де Батыстық тарихнаманың бір ерекшелігі онда дамудың бір жолы деген баға береді. «Қырғи қабақ» соғысының кезеңі-ндегі экономикалық дамудан саяси астарын іздеу, оның көп ұзамай дағда-рысқа ұшырайтындығын болжау біздің отандық (советтік) тарихнамаға тән құбылыс.
Бұл тақырыпты зерттеудегі экономикалық астарын зерттеу болса оның әлеуметтік мәнін осы күнге дейін зерттеу жүріп жатыр. Егер батыстың тарихнамасында осы кезеңде маңызды роль атқарған орта немесе кіші Лукез, немесе интелегенция мен кәсіпкерлердің мәні деп көрсетсе, советтік тарихнамада жұмысшы немесе шаруаларды бір ауыз сөзбен пролетариаттың рөлі көп қарастырылады.
Шетелдік соның ішінде итальяндық тарихнамада кеңінен зерттелген. Сол итальяндық тарих ғылымының өкілі Альфредо Андреоттиді [1] атап өтуге болады. Ол өз еңбегінде итальян экономикасының дамуын негізінен соғыстан кейінгі халықтың үлкен еңбегімен байланыстырады, ол Америка Құрама Штатының рөлін жаза отырып американдық көмек тек қана қаржылай болды. Экономиканың конкуренция мен дамудың негізгі заңдылықтары бұзылмады деп жазады. Экономикалық дамудың басты негізі ретінде тарихи әлеуметтік және өркениеттік тұрғыдан қарастырады. Италияның Жерорта теңізі бассейнніндегі №1 ел деген атақ беріп жазады.
Екінші итальяндық тарихшы, солшыл қозғалыстың жанашыры, антифашистік қозғалыстың өкілі Бериццо Манцокки [2]. Осы кезеңдегі итальяндық дамуының негізгі мәселелеріне тоқталып, оның қиындықтары мен шетелдік (АҚШ) экономикалық — қаржылық топтарының саясаты мен оның салдарын терең ашып көрсеткен. Альфредо Андреотти эконо-микалық дамудың тек қана жақсы жағын көрсетсе, Манцокки екі жақты қарастырады, алайда солшылдық пен антиамерикандық бағыт басымдылық білдіріп тұр. Сонымен қоса сол кезеңдегі Еуропалық интеграцияның алғашқы қадамдарын ондағы Италияның рөлін қарастырып, болашағын болжайды. Екі итальян тарихшысын салыстыра отырып екеуі екі саяси полюстың өкілі деп атасақ та, екеуін біріктіретін бір мәселе ең бірінші орынға лайықты деп қорытындылайды. Кеңестік тарихнамада бұл мәселемен Васильков Н.П. [3], Колосов Л.С [4], Покровский А.Н [5] және В.П Чураковты [6] атап өтуге болады.
Васильков Н.П өз еңбегінде соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығының тенденциясын қарастырады, сонымен қоса экономикалық дамуын да жан — жақты қарастырады. Еңбегімнің бірінші тарауында сыртқы фактордың ауыл шарушылығына әсерін қарастырады, екінші тарауында эконо-миканың басқа саласына токталады, ҒТР мен заман талабына жасалып отыр ма деген сауал қойылады. Жұмысымның үшінші тарауында экономикалық дамудағы мемлекеттік монополиялардың рөлі мен қарқынды жүріп жатқан экономикалық дамудың салдары қарастырылады. Төртінші тарауда Еуропалық экономикалық интеграцияларды Италияның орнына кейінінен тоқталады. Сонымен қоса халықаралық экономикалық қатынастардағы Италияның рөлі мен Маршалл жоспарының Италияға қатысты саясатын қатты сынға алады.
Колосов Л.С өзінің еңбегінде итальян экономикасының ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік салаларының дамуы мен сол кездегі жағдайын салыстыра отырып анализ жасайды. Сонымен қоса итальян Волютасының халықаралық немесе еуропалық рыноктағы айналымға түсуі мен банк сферасының дамуына тоқталып өзіндік баға беруде дәстүрлі маркстік — лениндік позициядан, скептикалық түрғыдан сипаттайды. Монополиялардың оның ішінде американдық монополияның Италия экономикасына негативті әсері бар деген тұжырымға келеді. А.Н Покровский өз еңбегінде ҒТР — ның Италия өнеркәсібіне әсері және жаңадан құрылып жатқан Еуропалық рыноктың шеңберіндегі итальян рыногы мен мемлекеттің экономика іскеріне араласуы мықты болуы керек. Мемлекет халықаралық қатынастардың негізгі Акторы деген позицияны ұстанады. Сонымен қоса екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі итальян социумының дамуы қаншалықты тұрақты деген риторикалық сұрақ қояды.
Келесі автор екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі экономикалық саладағы маңызды роль атқарған мемлекеттік монополиялық капитализмді зерттей келе оның Италиядағы ерекшелігіне терең тоқталады. Сонымен қоса Еуропалық қаржы рыногын сппаттай отырып оның пролетариатты қанаушы басты орган ретінде сппаттайды.
Американдық тарихшы Санжай Руперелия [7] (шыққан тегі үндіс) саяси экономиканы зерттеу барысында өзінің еңбегінде Италияның экономикалық дамуы қандай дәрежеде, Италияның «Маршалл жоспарына» қатыспауы мүмкін де еді және оның каншалықты тәуелсіз екендігін қарастырып Де Гаспери үкіметін сынға алып оған әділетті бағасын беріп, алайда оларды қажет монополиялармен күресу керек деген тұжырымға келді.
Италия социумының дамуын зерттеушілер ішінен Марко Феррараны [8] атап өтуге болады. Ол Италияның саяси өміріндегі өзгерістерді жазады. Бұл тарихшының бір ерекшелігі зерттеудің хронологиялық шеңберін 1943/1958 жылдарды алады. Оны былай деп түсіндіреді Б Муссолини биліктен қуылған соң Италияда солшыл қозғалыстар біртіндеп күшйе бастады және оларды М Бардельдо үкіметі мойындады деп.
Сонымен қоса Ю.П Лисовскийді [9] атап өткен жөн. Ол өз еңбегінде Италияның фашизмнен және оның салдарымен қалай күрескенін және халықтың демократиялық кезеңге қалай өткенін және өміріндегі қиыншылықтар мен өткелдерді сипаттайды.
Итальян мемлекетінің саяси институттарының дамуы Муссолинидің, Бадельдоның фашистік режимдері тұсындағы саяси элитаның идеалдарының ауысуы мен мемлекеттің қуаттық дамуына сипаттама береді.
Келесі зерттеуші Зевелова Г.И [10] Италияның саяси — әлеуметтік дамуын қарастырады. Болып өткен саяси реформаларға Кеңестік идеологиядан бас тартып сипаттама берген тұңғыш тарихшы.
Италияның сол кезеңдегі саяси партияларының дамуы олардың ерекшеліктерін қарастыру маңызды орын алады, бұл жерде В.П Любинді [11] атап өткен дұрыс. Ол бұл жерде партияларының саяси эволюциясы, программалары, билік үшін күрес, саяси платформалары мен технологияларына сипаттама береді.
В.П Гайдун [12] Итальян Християндық Демократиялық партиясының құрылу тарихына, оның қоғамдық және еаяси өмірі, фашизмге қарсы күресі мен саяси платформасы және технологиясын қарастырып, оны жалпы еуропалық саяси аренадағы ХДС/ХСС. және т.б. ұлттық, оңшыл күштермен салыстырады. Християндылық құндылық дегеніміз не және Италия Християн Демократиялық Партиясының ерекшелігі мен орны қандай деген сұраққа жауап берді. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері бұл мәселемен терең айналысып жүрген зерттеуші жоқ. Алайда С.Ермантай, Г.К Көкебаева, С.М.Мәшімбаев сияқты зерттеушілерді атап өткен жөн.
Тақырыптың деректік негізі Зерттеу жұсымыздың деректік негізі
көптеген Заңдар мен нормативті актілер.
- Соғыстан кейінгі Италия үкіметінің қаулысы мен парламентінің Заңдары жинағы [13] Халықаралық кешендер мен мемлекет аралық келісімдер [14]. Италияның Республикалық Конститутциясы [15]. Саяси партиялардың монифестерімен программалары оның ішінде социалистік [16] коммунистік және жұмысшы қозғалысының монифесттерімен халыққа жолдауы [17]. Итальян конститутциялық сотының үкімдері [18]
- Статистикалық мәліметтер. Италиядағы сайлау қорытындылары мен сайлау комиссиясының берген мәлімсттері [19]. Экономикалық дамау диаграммалары мен таблицалық көрсеткіштер [19.20]. Тәуелсіз және үкіметтік емес ұйымдардың итальян қоғамының дамуына берген салыстырмалары [19.21].
- Саяси және қоғам қайраткерлерінің шығармалары, хаттары мен үндеулері сонымен қатар мемуарлары. Оған Альчидо Де Гаспери [23], П.Толятти [23], Християн Демократиялық Партиясының негізін қалаған Луиджи Сурцоның еңбектері [24] жатады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысын жазу барысында алдыма қойғаи мақсатым:
— XX ғғ 50-60 жж Италияның экономикалық әлеуметтік дамуын қарастыру.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді орындау қажет
- Италияның өнеркәсіп салаларында қайта құруларды қарастыру
- Италияның ауыл шаруашылығының дамуының ерекшелігін анықтау
- Италия экономикалық модернизациялауын қарастыру
- Оңтүстік Италия экономикасының даму ерекшелігін көрсету
Диплом жұмысының тақырыбының хронолониялық шеңбері. Зерттеу жұмысының хронологиялық жағынан XX ғасырдың 50-60жж аралығын қамтиды.
Диплом жұмысының құрлымы Диплом жұмысы төмендегідей бөлімдерден құралған: кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі. Бірінші тарау екі параграфтан, екінші тарау екі параграфтан құралады. Бірінші тарауда Италия экономикасының салаларының екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жағдайы және алғашқы модернизациялық процесстер қарастырылады. Екінші тарауда Италия экономикасының «ғажайып даму» кезеңін қарастырдым, сонымен Италия экономикалық дамуынындағы модернизациялык процесстер мен оның нәтижесін қарастырып экономикалық дамудың негізі ретінде болғанын жаздым. Италияның дамуындағы қайшылықтардың бірі бұл артта қалған оңтүстік мәселесі, осы мәселе екінші тарауда орын алды.
І-ТАРАУ. ИТАЛИЯ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Италияның өнеркәсіп салаларында қайта кұрулар
Бұл бөлімде менің көздеген негізгі мақсатым: Италия тарихында қазіргі экономикалық мықты елдің қалыптасуына әсер еткен басты факторлардың бірі өнеркәсіп салаласы болып табылады. Ал Қазақстан Республикасының экономикалық дамуындағы негізгі жолдарының бірі өнеркәсіп салаласы болып табылатыны сөзсіз. Бұған дәлел Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2006 жылғы жолдауы дәлелдейді. Дәл осы себепті Италия өнеркәсіп салаласының дамуы менің тарапымнан өте үлкен қызығушылық тудырып отыр. Осы себепті Италия өнеркәсіп салаласының дамуын деректер мен зертіеулер негізінде танып, біліп, оны Қазақстан ауыл шаруашылығымен салыстыру менің негізгі мақсатым болып табылады.
Италияда 1950 жылдың басында-ақ экономикалык даму белең алды. Мемлекеттің өндірістік кәсіпорындарының саны соғысқа дейінгі дәрежеге жетті. Сол жылдары кәсіпорындардың саны жыл сайын 10% өсіп отырды [25]. Бұған себеп капиталдың жаңаруы, жеке монополияларға мемлекет тарапынан көмектің болуы, шетелдік жеке капиталдың ағымы, жаңа ғылыми — техникалық кіріспесі, жоғарғы ішкі сұраныс еді. Жаңа өндірістің көмегімен еңбек өнімділігі артты. Солай бола тұра жұмыскерлердің еңбекақысы төменгі деңгейде қалып қойды. Италияның сыртқы сауда айналымы әр он жылдықта 3 есеге көбейіп отырды.
Италия индустриалды-аграрлы мемлекет. Оның экономикасы өнеркәсіп орындарының шоғырлануымен және капиталының орталықталықтануымен сипатталады. 1950 жылы 18-20 ақпан аралығында Рим қаласында ұлтаралық экономикалық (ВИКТ) конференциясы өтті. Бұл конференцияда экономикалық депрессиядан шығу жолдары қаралды. Сонымен қатар конференцияда электроэнергетикалық монополиялардың, жұмысшылардың сұраныстары қаралды. Әлеуметтік — экономикалық жоспар бойынша Италия алдында қиын, әрі ауқымды тапсырма болып, соғыстың салдарынан қиратылған халық шаруашылығын, кайтадан қалпына келтіру болды. 1953 жылдан кейін Италия экономикасының дамуы көптеген ерекшеліктерге бөленді. Ең алдымен өніріс орындарының даму темпін атап өткен жөн. 15 жыл ішінде өндіріс өнімдері 3 есе өсті. Орта жылдық өнімнің өсуі шамамен 8 — 9%-ға жетті. Осылайша, Италия өндіріс орындарының өсу қарқыны барлық капиталисттк елдер, яғни Батыс Европа елдерінің арасында бірінші орынға, ал Жапониядан кейін екінші орынға ие болды. Италияда өндіріс орындарының дамуының тағы бір ерекшелігі , ол: дамудың жылдар сайын бір қалыпта болмауы. Яғни Италия экономикасының қарқындап дамуы немесе кұлдырап кетуі заңды құбылыс сипатында болды. Бұл итальяндық өндіріс өнімдерінің өсуін өткен жылдармен салыстырғанда ерекше айқын көрінеді. Шындығында, егер өндіріс өнімдері орташа есеппеп 9%-ға өссе, 1958 жылы ол 4%-ға төмендеп кетті, содан кейін 1960 жылға таман күшті қарқынмен , яғни рекордтық дәрежемен 15%-ға көтерілді [23.152].
Мемлекетте жаңа өнеркәсіптің түрлері тез арада дамыды, яғни электроника, химия, мұнай, машина жасау, автомобиль өнеркәсібі. Италия аграрлық — индустриалдықтан, индустриалды — аграрлы мемлекетке біртіндеп айналды. 1959 жылы Италияда өнеркәсіптік өзгерістер басталды.
Италия экономикасының циклдық төмендеу дағдарысы, шамамен айтқанда әр бір 5-6 жыл сайын қайталанып отырды. Ендігі кезекте, жекеше шаруашылық өндірістердің өсуіне көңіл аударайық. Мұнда лезде көз алдымызға жеке өндірістердің өнім өндіру дәрежесі 1953 жылдармен салыстырғанда үлкен айырмашылығының бар екендігі білінеді.
1950 жылы өнеркәсіп Италияның жалпы халық шаруашылық өнімінің 40%, ал ауыл шаруашылығы — 32% құрады. 1952 жылы өнеркәсіптің үлесі 51% жетті, ауыл шаруашылығының үлесі небәрі 29,8% [24.95-96].